
- •6М010300 – Педагогика және психология
- •1. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
- •Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім парадигмалары: даму тенденциялары мен болашағы
- •1.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың негізі
- •1. Зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру қағидасы
- •2. Жалпы зерттеу біліктерімен дағдыларының өзіндікқұндылық, қағидасы
- •3. ІІәнаралық байланыс қағидасы
- •4. Тренингтерге сүйену қағидасы
- •5. Импровизация қағидасы
- •1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •2.2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары
- •Сабақтың барысы: і Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- •Ііі Қорытынды бөлім
- •2.3 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бақылау тобының диаграммасы
Эксперимент тобының диаграммасы
3-әдістеме бойынша бақылау тобының 9 оқушысы мен эксперимент тобының 8 оқушысын проблеманы түсіну көрсеткіші бойынша жоғары деңгейге (Z) бағаласа, орташа деңгейде (□) – 8 және 10 оқушы, төмен деңгейде (▲) 6 оқушы бағаланды.
Бақылау тобының 8 оқушысы мен эксперимент тобының 7 оқушысын зерттеу әрекеті көрсеткіші бойынша жоғары деңгейге (Z) бағаласа, орташа деңгейде (□) – 7 және 8 оқушы, төмен деңгейде (▲) 8-9 оқушы бағаланды.
Зерттеу әдебі көрсеткіші бойынша 9 -7 оқушы жоғары деңгейде (Z), орташа деңгейде (□) -6-9 оқушы, төмен деңгейде (▲) 8 оқушы бағаланды.
Оқушылардыңзерттеушілік мәдениетін анықтау парағы оқушыларға берілген зерттеу тапсырмаларын орындауы негізінде толтырылды.
Қорытынды:1-әдістемедегі «Проблема» сауалнамасы, 2-әдістемедегі оқушыларға тапсырма және 3-әдістеме«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін анықтау парағы» нәтижелеріне сүйене отырып, төмендегідей қорытынды жасалынды:бастауыш сынып оқушылары проблема, зерттеу, зерттеу мақсаты мен болжамы, зерттеу әрекеті мен зерттеу әдебі туралы түсініктері жеткіліксіз болғандықтан, зерттеу мәдениетінің көрсеткіштерін түсінулері де қиын. Осыдан келе, білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың көкейтестілігіне тағы да көзіміз жетті. Бұдан қалыптастырушы тәжірибелік-эксперименттің қажеттігі анықталды.
2.2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары
Жоғарыда анықталған жайттарға орай, зерттеу мақсатына сәйкес өз жалғасын тапқан қалыптастырушы эксперименттің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін зерттеушілік оқытудың теориялық негіздері арқылы өз тәжірибемізде жүйелі қолдануға үйрету болды.
Тәжірибе жұмысының осы кезеңінде біз мынадай міндеттерді шешуді жоспарладық:
1) бастауыш сынып оқушыларына зерттеу, проблема, зерттеу әрекеті, зерттеу мәдениеті туралы түсінік беру;
2) бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік оқыту арқылы зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Анықтау экспериментінің нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының ұғымдардың мәнін түсіну мензерттеу әрекетінің әлі де жеткіліксіздігін көрсеткендіктен оқушыларға келесі қалыптастыру эксперименті кезеңінде зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары үйретілді.
Қалыптастырушы эксперимент әдістемелері
1- әдістеме
Қалыптастырушы эксперименттің жүзеге асуы педагогика ғылымдарының докторы Ү.Б.Жексенбаеваның төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқу құралына сүйеніп жүргізілді.
Зерттеу жүргізуде ең маңыздысы мәселені түсіне білу екендігі туралы біз диссертациямыздың алдыңғы тарауларында айтқан болатынбыз.Зерттеудің мән-жайын анықтау мәселеге қатысты іс-шаралар ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан оқушы өзін қызықтырған құбылыстар мен жағдайларды анықтау үшін зерттеуге үйренуі керек. Ол төмендегідей бөліктерден тұрады:
1. Зерттеу тақырыбын қалай анықтауға болады?
2. Зерттеу болжамы
3. Зерттеу әдістері
4. Жұмыс жоспарын қалай құруға болады?
5.Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі – жобаның тұсауын кесу немесе қорғау
6. Баяндама мәтінін жаз
7. Көрнекілігі
9. Сұрақтарға жауап беруге дайындалу
Тақырып зерттеу мәселесінің сипатын аңғартады. Зерттеу тақырыптары алуан түрлі болуы мүмкін. Ең бастысы бұл тақырып оқушыны қызықтыратындай болуы керек. Зерттеу тақырыптары тіршілік етпейтін заттар мен құбылыстар болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсатын анықтау үшін балалар бұл зерттеуді не үшін жүргізіп отырғаны жөнінде сұраққа жауап беруі керек.
Тақырыпты таңдаған соң, болжам жасауға үйрену қажет. Болжам жасау–жағдайды алдын ала көре білу. Бастапқыда ол анықталмағанмен, оны айқындап алу қажет. Болжам жасау мынадай сөздерден сөздерден басталады:
Мәселен .... мүмкін болса ...
Егер ... , онда ...
Келесі кезекте зерттеу ісінің ең жауапты кезеңі басталды, ол – зерттеудің жоспарын құру.
Жұмыс жоспарын қалай құруға болады?
Алдымен, осы мәселе бойынша мен не білемін? – деп ойлану қажет.
Нені зерттеп отырғаның жөнінде кітаптардан оқу. Олар: оқулықтар, энциклопедиялар, анықтамалықтар.
Осы мәселе бойынша мұғалімнен, әке-шешеңнен, ата-әжеңнен, достарыңнан сұрауға болады.
Өзіңнің зерттеу тақырыбың бойынша кино-телефильмдермен таңысуыңа болады.
Компьютерді пайдалануға, қызығушылық туғызған материалдарды Интернеттен іздеуге болады.
Мұқият бақылау жаса.
Эксперимент жүргіз.
Зерттеу әдісін таңдаудың да маңызы зор.Бақылау – кең тараған зерттеу әдісі. Бақылау кезінде түрлі құралдар алуға, қолдануға болады.Эксперимент зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы. Кез-келген эксперимент зерттеу нысанасындағы эксперименттің барысын тексеру және салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық жұмыс жүргізуді көздейді.
Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі – жобаның тұсауын кесу немесе қорғау. Табысты қорғауға дайындалу үшін саған мыналар қажет:
1.Негізгі ұғымды бөліп алып, оған анықтама беру қажет.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың нақты және қысқаша сипаттамасы. Өзіңнің негізгі зерттеу ұғымыңды анықта да нақты және қысқаша сипаттауға тырыс.
2. Негізгі процестерді, құбылыстар мен заттарды топтастыру, яғни ойлау жүйесіне қарай тәртіпке келтіру үшін топқа бөлу.
3. Зерттеу барысында ойламаған жерден бұрын естіп, біліп көрмеген таңқаларлық жағдайларға тап болуың мүмкін. Оларды анықтап, белгілеп ал.
4. Негізі идеяларыңды мәні мен маңызына қарай белгіле.
5. Алынған материалдар басқаларға түсінікті болуы үшін салыстыру және метафораны ұсыну қажет.
Салыстыру – заттардың, құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік беретін ұғымды анықтау тәсілі.
Метафора – қасиеті ұқсас заттар мен құбылыстарды алмастырып айтатын сөздер.
6. Ең бастысы, жасаған жұмысыңды жинақтап, қорытындылау. Қорытындылау немесе тұжырым жасау – бұл адамдардың білімі мен тәжірибесі негізінде жаңа білімді шығаратын ойлау формасы. Ол үшін тұжырым жасап, пікірлесу қажет.
Пікірлесу, пікіралысу – заттар мен құбылыстар туралы түрлі пікірлерді ортаға салу. Пікіріңді ортаға салу ойлана білу қабілетіңді көрсетеді.
7. Зерттеуді жалғастырудың мүмкін болатын жолдарын көрсету қажет. Егер жүргізілген жұмыс нәтижесінде жаңа сұрақтар болса, онда сен – нағыз зерттеушісің.
8. Баяндама жасау.Баяндама сенің жұмысыңның жемісі болып табылады. Ол қысқа және жүйелі болуы тиіс.
Баяндама жақсы қабылдануы үшін көрнекіліктің маңызы зор. Өзіңнің зерттеу тақырыбыңның эскизін, схемасын, сызбасын немесе суретін сал.
Зерттеу жұмысын қорғау жариялы өтеді және қатысып отырғандар баяндамашыға түрлі сұрақтар қоюы мүмкін. Сұрақтарға жауап беруге дайын болуы керек. Олар мындай сұрақтар болуы мүмкін:
Негізгі түсініктер мен анықтамаларды қалай түсіндіресің?
Ақпараттар қайдан, қалай алынды?
Неге мұндай қорытынды шығарылды? т.б.
2-әдістемеБастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетінанықтау парағы
Әр сабақ сайын мұғалім оқушылардың зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу деңгейін бақылап, анықтау парағына белгілеп отырады.
Кесте 10 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін
анықтау парағы
-
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетінің көрсеткіштері
Z – жоғары
- орташа
▲- төмен
Проблеманы түсінуі
Зерттеу әрекеті
Зерттеу әдебі
Бағалау өлшемі:
Мұғалім оқушылардың жауаптарын үш деңгейде бағалайды:
Z - жоғары деңгей
□-орташа деңгей
▲- төмен деңгей
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты жүргізілген эксперимент барысында №30 қазақ орта мектебінде «Дүниетану» пәнінен сабақ жүргізілді.
Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру, тәжірибелік-зерттеу жұмыстары арқылы бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, зертте мен бақылаудан тереңірек қорытынды жасай алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: хабарлау, сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: стақан, шұңғыл ыдыс, табақша, түрлі-түсті жолақ, қасық, қант, тұз, лимон, гүл, иіссу.