Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бастауыш м2дениет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
635.34 Кб
Скачать

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері

ХХІ ғасыр дың табалдырығында мектеп алдында қойылған жаңа мәселелердің шешімі мектеп үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңартуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру процесінде қазіргі қоғам талабына сай арнайы білім енгізу қажеттігі туындап отыр. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру болып отыр. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек, қоршаған ортаны әр қырынан зертей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.

Білім берудегі парадигмалардың пайда болуы мәдени өркениеттің дамуындағы негізгі аспектілердің бірі. Яғни парадигма — зерттеу міндеттерін шешудің эталон үлгісі. Сондықтан білім берудегі жаңа парадигмаларды меңгеру үшін оқушылардың бойында зерттеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет.

Біз алдыңғы тарауларымызда бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін оқушыларды зерттеуге үйретіп, олардың өз бойына зерттеу әрекеті мен зерттеу әдебін игеруі қажет екенін айтқан болатынбыз. Олай болса, оқушылардың бойына зерттеу мәдениетін қалыптастыру зерттеуге оқытудан басталады.

12 жылдық білім беру парадигмасына көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез келген жағдайда туындаған проблеманы шешуге қабілетті, өзінің өмірін басқаруға құзыретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Олардың оқушының құзыреттілігін қалыптастыратын әдістердің, ішіндегі ең негізгісі зерттеушілікке оқыту әдістемесі болып табылады.

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бұл кезеңде білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер ерекше көрінеді. Ендеше зерттеушілік , ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Бұл пікір Абай атамыздың жетінші қара сөзіндегі : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - «ішсем, жесем, ұйықтасам» -тұрады.Екіншісі – «көрсем, білсем»- деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді»-деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді,-деп ой-тұжырымы растайды.

Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Өйткені қазіргі кезде адамдардың жан-жақты білімді және кез-келген проблеманы шеше білудің маңызы зор. Нағыз білім ол өз бетіңмен алған білім, өз бетіңше іздену, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген білім.Бүгінгі жедел ақпарат алу заманында айналаңды танып білуге, ізденуге, зерттеуге жол ашық[40,25].

Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының алатын орны ерекше.

Зерттеуші-мұғалімнің басты міндеті оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін сол мәселені зерттей білуге үйрету. Олай болса, «Зерттеушілік оқыту технологиясы» әдістемелік құралын негізге алдықбіз педагогика ғылымдарының докторы Ү.Б.Жексенбаеваның төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік дағдысы мен мәдениетін дамытуға арналған «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқу құралын және оқушыларды зерттеушілік оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдары жан-жақты қарастырылып, әдіс-тәсілдері практикалық тұрғыда сұрыпталып берілген Ү.Б. Жексенбаева, Б.Қ. Игенбаева, Г.Б.Ниязованың[41].Ол мынадай бөліктерден тұрады:

1.Зерттеу мәселесін қалай анықтауға болады?

2. Зерттеу тақырыбын қалай анықтауға болады?

3. Зерттеу болжамы

4. Зерттеу әдістері

5. Жұмыс жоспарын қалай құруға болады?

6.Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі – жобаның тұсауын кесу немесе қорғау

7. Баяндама мәтінін жаз

8. Көрнекілігі

9. Сұрақтарға жауап беруге дайындалу [42].

Жоғарыда ұсынылған әдістемелік құралында зерттеу әрекеті проблеманы анықтаудан басталып, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі циклдерден тұрады. Мұғалімдердің алдында әр оқушыны зерттеу әдістерімен таныстыру, зерттеу мәдениетін қалыптастыру осыған байланысты сыныпппен бірнеше рет фронтальдық, кіріспе сабақтарын өткізу міндеттері тұр. Оқушының зерттеу әрекетіне үйреніп, зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы біршама ұзақ уақытты талап етеді. Мұғалім ол үшін кіріспе сабақтар жүргізуі керек.

1-3-сабақтар. Сыныпта еркіндік жағдайын туғызу қажет. Балаларға жаңа зерттеу жүргізетінін хабарлауға болады.

Зерттеу кезеңдерімен таныстыру үшін зерттеудің басынан аяғына дейін қатысатын екі оқушыны шақырып алу керек. Алғашқы сабақтарға қалған оқушылар көрермен немесе көмекшілер ретінде қатысады.

Зерттеу тақырыбын таңдау. 1-2 сыныптарда зерттеу тақырыбын таңдауға көбінесе ата-ананың немесе мұғалімнің қатысқаны жөн. Ол үшін алдын ала болашақ зерттеу тақырыптарының түрлі жобасы таратпа карточка түрінде дайындалады. Тақырыпты таңдай отырып, түрлі әдістерді қолдануға мүмкіндік жасауды қарастыру қажет.

Оқушылар өзін қоршаған ортадан тірі немесе өлі табиғат саласынан таңдауы мүмкін. Мәселен, «Бұзау», «Ботақан», «Су», «Ауа» т.б. Тақырыптар дайындалған карточкаларды оқушылардың топтарына ұсынып, қалағанын таңдап алған соң, қалғанын алып қоюға болады. Мысалы, «Қоян» тақырыбын тандады делік. Таңдаған тақырыптары бойынша шағын баяндама немесе хабарлама жасау қажеттігін ұсынуға болады. Ол үшін қоян туралы ақпарат жинауға болатыны тапсырылады. Төменгі сынып оқушылары үшін бұндай жұмыс әрі тың және қиындау болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушыларға алдында тұрған міндеттерін айқындап алуға бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс.

Мұғалім оқушыларға ақпарат жинау бойынша, жоспар құру жөнінде проблемалық сұрақтар қоюға болады. Мәселен, «Біз алдымен не жасай аламыз?», «Зерттеуді неден бастаймыз?» т.б.

Әдетте балалар зерттеудің әдістерін нақты айтып жатады. Кітаптан оқитынын, жануарлар туралы телехабардан көретінін, бақылау жасайтынын т.б. түрлі нұсқада жауап беруі мүмкін. Сондықтан мұғалім олардың әрекетін жүйеге келтіру үшін алдын ала дайындалған карточкаларда көрсетілген әдістерді ұсынады, яғни жоспар құрудың жолдарын көрсетеді. Зерттеуді бастау үшін алдымен ең манызды тәсіл - өз бетімен ойлана білу екенін кез келген бала айта қоймайды. Сондықтан мүғалім оқушыларға зертгеуді өз бетінше жүргізетінін, қандай жаңа идея келсе де, қорытындысын өздері ұсынып отыратындығын естеріне салып отырғаны жөн. Осылайша А.И.Савенковтың зерттеуге үйрету әдістемесі бойынша бірізді жоспар құрылуы тиіс. Ойлану қажеттігін түсінгеннен кейін ғана оқушыларға «Ойлану керек!» деген карточка ұсынылады.

Мынадай сұрақ қоюға болады: «Тағы не білуге болады?», «Қоян туралы қайдан білуге болады?» т.б. Балалармен бірге сұрақтарға жауап бере отырып, «Ойлану керек!» деген карточканың жанына «Адамдардан сұрау керек», «Кітаптан қарау керек», «Интернеттен қарау керек», «Бақылау жасау», «Эксперимент жүргізу» т.б. карточкаларды тізіп орналастырған соң, жоспар құруға болады.

  1. Өз бетімен ойлану

  2. Өзіне өзі сұрақ қою

  3. Адамдардан сұрау

  4. Кітаптан қарау

  5. Интернеттіқарау

  6. Бақылау жасау

  7. Материал жинау

  8. Қорытынды жасау

  9. Презентация

  10. Рефлекция

Оқушыларосыпроблемабойыншаменнебілемін? -депойланаотырып,қояндалада, ормандаөмірсүредідегенжауаптарайтуымүмкін. Айтқандарынұмытыпқалмауүшінқағазбетінесуретіннемесеаттарынжазыпқоюдыескертугеболады. Мәселен, орман, далат.б. Келесіидея, мәселен, «қояндарүлкеннемесекішіболуымүмкін». Бұлтуралыбалаларқоянныңсыртқыпішінінқағазбетінебейнелейді. Үлкенқояндыүлкендөңгелекшеменбелгілеп, құлақтарыменқұйрығынадейінбейнелесе, жанынакішіқояндыосылайшакөрсетеді.

Оданкейіноқушыларқоянныңтүсіқандайболадыдегенсұрақкажауапберебастайды. Қағазбетінетүрліқарындашпентүстерінкөрсетіп, белгікояды. Сөйтіпоқушыларқысқашажазбаматериалдарындайындап, түрлібелгілердіойлаптабуыойлаудеңгейлеріменшығармашылыққабілеттерініңдамуынкөрсетеді, сондай-ақолардыдамытудыңқұралыболыптабылады. Балалардыңидеяларынтүрлібелгілерменрәсімдеудісабақкезіндеүйретуқажет.

Тағынебілуімкерек? Қайданбілуімеболады? – депөзінеөзісұраққояды.

Соныменқатарбастауышсыныпоқушырынайналасындағыүлкенадамдардан,құрбыларынансұрауғаәдеттендіруқажет.Ескере кететін жайт, төменгі сынып оқушысы үшін кітаптардан ақпарат жинау қиындау жұмыс. Олар түрлі суреттерді қарауы мүмкін. Кітаптан оқи алғанынша оқып, қалғанын жылдам оқи алатын біреуге оқытып алуы мүмкін. Жаттығу сабақтарында оқушылардың кітаптарды табуына, таңдауына көмектесу қажет.

Қазіргі зерттеушілер үшін компьютер таптырмайтын құрал. Оның көмегімен қажетті материалды табумен қатар, зерттелетін нысандар бойынша түрлі есептеулерді, сызбаларды, модельдерді құруға болады. Ал Интернет қажетті ақпараттың барлығымен қамтамасыз ете алады.

Зерттеу жұмысында эксперименттің маңызы зор. Мәселен, «Қоян» тақырыбы бойынша оқушылардың эксперимент жүргізуіне толық мүмкіндігі бар. Қоянның қайда тіршілік ететінен бастап, немен қоректенетініне, түр-түсініңқандай болатынына, дыбыс шығару ерекшелігіне, қимыл-қозғалысына бақылау жүргізе отырып, эксперимент жүргізулеріне т.б. болады.

1-2 сынып оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ақпарат жинауға көп уақыт беруге болмайды. Оларды тез шаршайтынын, жалығатынын ескеретін болсак, ақпарат жинаудың онтайлы тәсілдерін көбірек қолдануға тырысу қажет. Мәселен, видео материалдарды пайдалана отырып, оларға қажетті ақпараттар бойынша жаңа идеяларын есте сақтауға жағдай жасауға болады (жазып алуға, сызбасын жасауға т.б.).

Барлық мәлімет жиналып болған соң, олады талдап, жинақтау қажет. Оқушы үшін алғашкы кезде әрине қиындау болуы мүмкін. Сондықтан жинақталған материалдардың зерттеу нәтижесіне байланысын сезіндіру үшін оларға талдау жасатып үйрету қажет. Жинақталған материалдарды пайдалана отырып, олардыңшығармашылық қабілетін дамыту үшін негізгі ұғымдардың мәнін ашу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Олар өз түсінігі бойынша анықтама беруге дағдылануы тиіс.

Ақпаратты талдап болған соң, жас зерттеушілерге өзінің эксперименті жөнінде баяндауға мүмкіндік туғызу қажет. Алғашқы баяндама толық болмауы мүмкін.Дегенмен, шағын зерттеу тәжірибесі оқушының қандай да бір қабілетін ашуы тиіс. Мұғалім баяндама бойынша басқа балаларға сұраққойғыза отырып, зерттеу нәтижесінің табысты болғаны жөнінде естеріне сала отырып, зерттеуге қатысушыларды мадақтау қажет. Сөйтіп, зерттеу ісінің жалғаса беретіні жөнінде әңгімелей отырып, олардың өз бетінше зерттеушілікке деген қызығушылығын арттыра түсу керек.

Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен зерттеу жүргізуде даайындық жұмысы жүргізіледі. Мұнда «Мен зерттеуге үйренемін» оқулық-дәптерінің көмегі зор. Сонымен қатар, оқушыға қосымша жинақ папкасын ашу қажеттігін естеріне салған жөн. Жазба жұмыстарына пайдалануға қажетті параққағаздары немесе қойын дәптері мен қаламы немесе қарындашы болғаны жөн.

Зерттеу жүргізу кезеңінде сыныптағы барлық оқушы қатысуына болады. Тақырьпты таңдай отырып, әр қайсысы зерттеу жұмысына арналған папкасын, зерттеу жоспарын дайындай бастайды.

Оқушы ақпарат жинауға кіріседі. Мұғалім өзінің кеңес беру жұмысын оқушылардың талабына қарай жалғастыра береді.

Алғашқы хабарлама дайын болған соң, оқушылар баяндама тыңдауға жинала бастайды. Баяндамашы ақпараттарды құрылымдай отырып, негізгі ұғымдарға анықтама береді, басқаларды пікір алысуға шақырады. Осыныңөзі оқушының шығармашылыққабілетінің ашылуына едәуір ықпал етеді. Әдетте, оқушылар баяндамашыға сыни қарайды. Сондықтан да олардың арасында ашық пікір алысу, сұраққойып, жауап алу, келісімге келу сияқты пайдалы қарым-қатынас орнайды.

Барлық баяндаманы бір сабақта таңдап шығу мүмкін емес. Сондықтан әр баланыңсұраққойып, жауап беруіне мүмкіндік жасау қажет. Уақытты ұтымды пайдалану үшін оқушыларды ойын қысқа және нақты жеткізуге дағыдаландыру қажет.

Бір тақырып бойынша бірнеше оқушы зерттеу жүргізуі мүмкін. Ол ұжымдықзерттеу болып есетеледі. «Табиғат бұрышы» - ұжымдық сабақ.Бұл ұжымдық ойын оқушылардыңэкологиялық проблемаларға назар аударуын қамтамасыз етеді. Олар осы сала бойынша өзіндік идеяларын ортаға сала отырып, зерттеу жүргізуге қызыға бастайды.

Әрбір зерттеушіге орман, тоғай немесе көл бейнеленген картина ұсынуға болады. Оларға әрбір табиғи ортаға тән өзінің жан-жануарлары мен өсімдіктері болатынын естеріне сала отырып, суреттерін бейнелеуді тапсыруға болады. Жұмыс соңында балалар өздерінің суреттері бойынша әңгімелейді. Өздері тұратын жерге бақылау жүргізуіне бағыт-бағдар берген жөн.

Нәтижесінде балалар өздері өмір сүріп отырған ортадағы экологиялық проблеманың мәнін түсінетін болады.

Жалпы әрекет алгоритміне сәйкес зерттеу проблеманы көруден, сұрақ туындаудан басталады. Төменгі сынып оқушыларына проблема жауап беруге қиынды туғызған күрделі сұрақ түрінде байқалады. Сондықтан мұғалім сабақтардың бірінде проблема терминінің мәнін ашып беруі тиіс. Ол үшін оқушыларды «проблема дегеніміз не?», «проблеманы қалай түсінесіңдер?» деген сияқты сұрақтар қоюға болады. Нәтижесінде нақты болмаса да, мәні жуық жауап алуға болады.

Проблема–зерттеуді, шешуді керек ететін күрделі мәселе, міндет [43].

Сұрақ қоя білу кез келген зерттеуші үшін маңызды болып табылады. Осындай зертеушілік қабілетті қалыптастыруға игі ықпал ететін сұрақпен жұмыстың теориялық аспектілері мен әдістемесін қарастыруды ұсынамыз.

Сұрақ – таным процесінде талапты оятатын, оқушы ойын жауап іздеугебағыттайтын проблеманы жеткізу формасы.

Сұрақ – мазмұнында жауап ретінде анықтай немесе толықтыра түсуді қажет ететін хабары бар ойлаудың ерекше түрі [44,64].

Сұрақ түрлері.

  1. Нақтылайтын сұрақтар«шындық па, әлде?», «істеуге тұра ма, әлде...?» деген сияқты құрылады. Олар қарапайым және күрделі болады. Күрделісі бірнеше сұрақтардан тұрады. Ал қарапайым екі топка бөлінеді: шартты және шартсыз. Мысалы, «Сенің үйіңде аквариум бар екені рас па?» - қарапайым шартсыз сұрақ. «Егер балықтар дыбысқа мән бермесе, онда олардың тоқ болатыны шын ба?» - қарапайым шартты сұрақ.

  2. Толықтыратын сұрақтар (немесе анық емес, тікелей емес). Мұндай сұрақтардың құрамына «қайда?», «не?», «кім?» деген т.б. кіреді. Олар да қарапайым және күрделі болады. Мысалы, «аквариумды қайда коюға болады? - қарапайым, жетіспеген білімді толықтыратын сұрақ «аквариумды кім, қашан және қайдан алуға болады?» - күрделі сұрақ.

Сұрақтар дұрыс және бұрыс болады. Дұрыс қойылған сұрақ шындыққа негізделген. Ал шындыққа жанаспайтындығын біле тұра сұрақ қойылса, ол дұрыс емес болып есептеледі. Оқушылардың сұрақ қоя білу білігін дамыту үшін түрлі жаттығу жасатуға болады. Мысалы, Э.П.Торранс әдісі бойынша балаға адамдар, жануарлар бейнеленген картина көрсетіп тұрып, суреттегі адамдар немесе жануарлар саған қандай сұрақ қойып тұр деп ойлайсың? деген сұраққа жауап алуға тырысу қажет. Үстелдің үстінде жатқан затқа қарап тұрып, ол зат туралы қандай сұрақ қояр едің? деп сұрауға болады.

Оқушыға мынадай жағдайды ұсынуға болады: «Көз алдыңа елестет, саған таныс емес үлкен адам жақындап келіп, қандай да бір үш сұрак қоюы мүмкін?». Осындай тапсырмаларды орындай отырып, оқушы түрлі ақпараттар бере алады.

Зерттеушілік әрекетте шындықты іздеу өз бетімен жүзеге асырылады және түрлі көзқарастарды талдау, жинақтау, өзіндік бақылау жасай білуге және экспериментке негізделеді. Оқушыны зерттеу процесінде қажетті арнайы білім, білік және дағдыларға үйрете отырып, олардың қабілеттерін дамыту қажет.

Түсінік - заттарды жеке және жапы белгілеріне қарай ажырататын логикалық ойлау формасы.

Мұғалім түсінікті анықтау әдісінің көмегімен оқушының ойлау жүйесінің даму барысын біле алады. Балаларға: кез келген затты атай отырып, оған анықтама беруге үйретуге болады. Бірі: «Контейнер бұл ыдыс, қойма т.б.» десе, екіншісі: «Бұл зат бір сұйықтықты құюға, сақтауға арналған» деп жауап беруі мүмкін. Бірінші жауап заттың түріне қарай ойластырылса, екінші жауап заттың атқаратын қызметіне қарай ойластырылған.

Егер оқушыньң анықтама беру білігі ерте жастан қалыптасса, оған оқу процесіндегі тапсырмаларды орындау әлдеқайда жеңіл болады.

Түсінікті анықтау заттардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата білу, ерекшелігін анықтау сияқты міндеттерді шешеді. Анықтау бірнеше түрде болады. Егер заттың өзіне тән ерекшелігі көрсетілетін болса, онда ол нақты анықтама болып табылады. Терминді остенсивтік анықтаунысанды көрсету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, «Жылан» бауырымен жорғалаушылар класына жататын жеке тіршілік иесін білдіреді. «Жемістер» түсінігін алма, алмүрт, өрік, т.б. бөлу арқылы анықтауға болады. Мұндай анықтауларды оқушылар жиі қолданады және естерінде жақсы сақтай алады.

Вербальды (логикалық) анықтау- терминдердің бұл анықтауы мәні мен мағынасына қарай басқа теримендердің көмегімен анықталады. Мәселен, «тигр» «жыртқыш аңдар» түсінігі арқылы анықталады. Оқушыларды мұндай анықтауда сипаттау, мінездеме беру, түсіндіру, жинақтау тәсілдеріне үйретуге болады.

Сипаттау- заттың ұқсастықтарын ажырату мақсатында сыртқы белгілеріне қарай атау тәсілі. Оқушы нысанды сипаттағанда мынадай сұрақтарға жауап береді: «бұл не?», «басқа нысандардан қандай айырмашылығы бар?» «Олардың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушы сипаттау кезінде тілдің көмегімен, белгілерді, сызбаларды қарай отырып, өзіндік бақылау мен экспериментінің нәтижесін пайдаланады.

Мінездеме- бұл адамның, жануардың, құбылыстардың, заттардың бірнеше ішкі және сыртқы қасиеттерін атау тәсілі. Мәселен, бірінші сынып оқушысы ботаны былайша сипаттайды: «Ботақан - кең жүректі жануар, ол ешкімге қиянат жасамайды».

Мысал келтіре отырып, түсіндіруиллюстрациялық мәліметтермен мысал келтіру кезінде қолданылады. Бұл тәсілдің көп түрлілігі остенсивтік анықтамалар болып табылады. Мұғалім оқушыларға кітаптан, теледидардан алынған мысалдар арқылы түсіндіруге болады. Мәселен, Токио Алматы мен Москвадан өзгешелігі қаланың бір шетінен 600 км екінші шетіне сағатына 300-350 км/сағ. жүретін поезбен жетуге болады.

Салыстыру- түсінікті анықтаудың бұл тәсілі заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, мүғалім оқушыларға жылқы, түйе, піл, ағаш т.б. салыстыруды ұсынуға болады. Кез келген нысандарды төмендегіше салыстыруға болады.

Ажырату - бұл тәсіл кез келген ұқсас заттардың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім мынадай заттардың атын атайды: алма мен помидор. Балалар олардың ұқсас екендігін атай отырып, алманың - жеміс екенін, помидордың - көкөніс екенін, сондай-ақ дәмдеріндегі айырмашылықты анықтайды. Мұнда да Венн диаграммасын қолдануға болады.

Ұғымдарды шектеу және жинақтау- бұл түрі ұғымынан туыстық ұғымға, аз көлемді ұғымнан көп көлемді ұғымға өтетін логикалық операция. Мәселен, «елді мекен» ұғымын шектей отырып, «қала» ұғымын түсінеміз. «Астана» ұғымынан «Қазақстанның астанасы» ұғымын түсінеміз.

Сондай-ақ, «Күзгі парк» ұғымын жалпылай отырып, «парк» ұғымын шығарамыз. Осылайша балаларға таныс заттар мен құбылыстардан жаттығуларды жалғастыра беруге болады.

Жинақтаутүрлік ұғымнан белгілеріне қарай туыстық ұғымға апаратын логикалық операция. Жинақтаудың шегі категория болып есептеледі.

Пікір- бұл заттар, құбылыстар туралы белгілі бір тұжырымдардан тұратын ойлау түрі. Оқушылардың пікірін білдіру қабілетгерін дамытуға арналған ойтұжырымын тексеретін мынадай жаттығулар ұсынуға болады: Барлық көкөністер жерде өседі. Картоп - көкөніс Картоп жерде өседі. Қазақстанның барлық балалары тегін оқуға құқылы. Асан мен Дина Қазакстанның балалары. Шахмат үлкен интеллектіні талап еетін ойын. Үсен шахмат ойнайды. Үсеннің интеллектісі жоғары.

Қорытынды немесе ойтүйінбұл білім мен тәжірибенің арқасында жаңа білімге ие болатын ойлау түрі. Логикада ойтүйін екі түрге бөлінген: индуктивті (индукция -жеке пікірден жалпы пікірге көшу) және дедуктивтік (дедукция - жалпыдан жекепікірге өту).

Ұқсастықтарына қарай қалай ойтүйінін жасауға болады? Ұқсастықтарына қарайойтүйін ақыл-ой тәрізді бай бейнелеуді талап етеді. Балаларға екі нысандысалыстырып, ойтұжырымын жасауды ұсынуға болады.

Дала тышқанының артқы аяқтары ұзын, алдыңғы аяқтары қояндікі тәрізді қысқа.Ал айырмашылығы қояндардың алдыңғы аяқтары өте ұзын емес.

Оқушының білігін дамыту мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалім

төмендегі жаттығуларды қолдануына болады:

І.Балалар, неге ұқсайды?

*аспандағы бұлт;

*салынып жатқан үй.

2. Заттарды жалпы белгілеріне қарай анықтау жаттығулары.

*өзі сұйық және тәтті затгарды атаңдар.

* өзі қатты, жылтыр және сары 10 затты атаңдар.

* мынадай белгілеріне қарай бірнеше жануарды атаңдар: үлкен, қозғалмайтын және Африкада тіршілік етеді.

Ойтүйін немесе қорытынды тек ұқсастықтарына ғана қарай емес, басқа тәсілде де бар. Мынадай мысал келтіруге болады: «Ақ қағазға салынған қарапайым геометриялық фигураларды қараңдар. Мұнда не бейнеленген? Балалар түрлі жауап бере бастайды. Оларды мадақтай отырып, тек идеяларын қолдау қажет. Сұрақтарға толық жауап алынған соң, «Кімнің жауабы дүрыс деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қоюға болады. Олар әрқайсысы өздерінше пікірлері білдіріп жатады. Ұжымдық эксперименттің қорытындысын оқушылардың ойтүйіндерін жасату жолымен шығаруға болады.

Оқушы тәжірибесінде зерттеушілік әдебінің қалыптасу процесінде баланың бейнелеу әрекеті маңызды рол атқарады. Оқушының сурет сала білуі оның интеллектуалдық-шығармашылығын дамытудың шексіз мүмкіндігі болып табылады.

Оқушыға мысалы, «Жаз» («Орман», «Қала» т.б.) деген бір тақырыпқа бірнеше сюжет ойлап салуды тапсыруға болады. Олар тақырып мазмұнын ашу үшін жемісті ағаштар, гүлдер мен күн, өзен т.б. бейнелеуі мүмкін. Егер оқушы проблеманы ұсынса, онда тақырыпты анықтау үшін ақпарат іздестіруге тура келеді. Такырып-проблемаға тән сипатқа ие.

Зерттеу тақырыптары түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы оқушыларды қызықтыруы тиіс. Қазіргі классификациялау тақырыпты негізгі үш топка бөлуді ұсынады:

- фантастикалықтақырыптар фантастикалық нысандар мен құбылыстарды зерттеуге бағдарланған;

- эмпирикалықтақырыптар өзіндік бақылау мен эксперимент жүргізуді көздейтін практикамен байланысты:

- теориялықтақырыптарға түрлі теориялыққайнаркөздерден, кітаптардан, адамдардың әңгімелерінен алынған материалдарды, деректерді зерттеуді және жинақтауды талап ететін тақырыптар жатады.

Тақырып баланы қызықтыратындай болуы тиіс. Нысан таңқалдырып, қызықтыратын жағдайда ғана оны зерттеу ынтасы пайда болады. Жүрізілген зерттеу жұмысы еркін болған жағдайда ғана тиімді. Баланы тақырыпқа бағындырмау керек. Ол тақырыпты дұрыс таңдауы үшін оны қызықтыратын тақырыпты тандауына көмектесу қажет. Ол үшін баланың бағдарын, қызығушылығын анықтап алу керек.

- орындалуы мүмкін жұмыстар ғана зерттеуге қатысушыға пайда келтіреді. Мұғалімнің шеберлігі бастауыш сынып оқушысына дұрыс бағыт беріп, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік туғыза отырып,өзінің зерттеушілік қырын тануына жағдай жасауында.

- күтпеген сәттер. Таным таңқалудан басталады. Мұндай жағдайда балаға кездескен тосын сәттер оны ойландыруға, қызықтыруға жетелейді.Ойламаған жерден тaпболған құбылыс немесе әрекет баланың қабілетінің ашылуына мүмкіндік туғызады. Оқушының заттар мен құбылыстарға дәстүрден тыс қарау қабілеті кәдімгі шығармашылықтан дамымаған адамның шығармашылығын ажыратып береді.

- жұмыс жылдам орындауы тиіс.Бастауыш мектеп оқушысының бір ғана нысанға назарын көбірек аударуға қабілетсіз. Сондықтан ол бір бағытта жұмыс істеуден тез жалығады. Осыған байланысты мұғалім оқушының бастаған жұмысының аяқсыз қалдыруы жиі кездестіреді. Бала табиғатының осы ерекшелігін есепке ала отырып, алғашқы зерттеу тәжірибелерінің уакытын барынша қысқа мерзімге арнап ұйымдастырғанжөн.

О қушы қоршаған ортасын түгелдей зерттеу нысанына айналдырып жіберуі мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушыға дұрыс бағыт беріп, зерттеу әрекетін ұйымдастыруына көмек көрсетуі тиіс.

Зерттеу саласын тандауда оқушы біршама қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оларды классификациялауды үйретіп отыруы тиіс. Классификацияның көмегімен ғана оқушылар нақты бақылау жүргізе алады. Классификациялау арқылы оқушы қарастырып отырған нысанды топқа бөле алады. Классификациялауға бөлінетін ұғым, бөлу негізі мен бөлу мүшесі ұғымдары кіреді. Мысалы, оқушы адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуында қолданатын белгілерді классификациялайды: әріптерді, цифрларды, символдарды, иероглифтерді топтарға бөледі. Одан кейін әріптерді кириллица, араб, латын; цифрларды - рим, араб; иероглифтерді - қытай, жапон; символарды - музыкалық т.б. бөледі.

Зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен салаларын классификациялаудың түрлері көп.

Зерттеудің жалпы бағыттары:

  1. Адам.

  2. Қоғам.

  3. Мәдениет.

  4. Жер.

  5. Жаратылыс.

  6. Ғылым.

  7. Техника.

  1. Экономика.

  2. Экология.

Зерттеу мақсатын анықтау өзіне және өзгеге қойылатын сұраққа жауап болып табылады.Мәселен, оқушы «Кактус» тақырыбын тандады делік. Онда оқушынын аныктауы бойынша зерттеу мақсаты «кактустыц ерекшелігін зерттеу» болып табылады. Екінші мысал, Балқаш қаласындағы мектеп оқушыларының бір тобы «Балқаш көліндегі азайып бара жатқан балықтарды сақтап қалу», ондағы оқушылар тобының зерттеу мақсаты «жоғалып бара жатқан балықтарды қалай сақтап қалуға болады?» болып есептеледі.

Мұғалім мақсатты айқындаудағы шығармашылық тәсілдерді оқушылардың есіне салып отыруы тиіс. Мынадай үлгілерін көрсетуге болады:

  • ....айқындау;

  • ....анықтау;

  • ...ланысу;

  • ...зерттеу.

Жұмыс мақсатын жазып отыру қажет.

Зерттеу міндеттері

Зерттеу міндеттері мақсатты нақтылауды көздейді. Егер мақсат жалпы бағыт көрсетсе, міндеттер негізгі қадамдарды сипаттайды.

Мәселен, оқушы кактустыңерекшелігін зерттей отырып, өзіне мынадай міндеттерді қояды:

  1. кактустыңәлемде неше түрі бар?

  2. кактус қандай климат жағдайында өседі?

  3. бөлме жағдайында кактустың қандай түрлерін өсіруге болады?

  4. Кактус адамдарға пайда келтіре ме? Зерттеуміндеттері міндеті түрде жазылады.

Проблеманы айқындап, тақырыпты анықтап алған соң, оны шешудің ойша ізденісі басталады. Айқындалған проблемаға болжам жасай отырып жауап беруге болады. Зерттеушілік пен шығармашылық ойлаудың негізі болжам құра білу болып табылады.

Сондықтан зерттеушінің негізгі біліктерінің бірі болжам жасай білуі мен оны ұсына білуі. Болжам - логикалық дәлелденбеген, тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылған білім. Болжам деректі материалдармен сәйкес, зерттеуге бағыттайтын негіздеме болуы тиіс. Осыған байланысты кез келген ұсынысты болжам деп қарауға болмайды. Тек балалардың фантастикалык идеялары болжам ретінде қарастырылады. Өйткені мұндағы педагогикалық міндет баланың шығармашылық қабілетін ашу болып табылады. Болжам проблема негізінде пайда болады. Болжамды тексеру тәсілдерінің екі тобы бар: логика мен басқа теорияларға сүйенуді көздейтін теорияық,бақылау мен эксперимент арқылы тексеруді көздейтін эмпирикалық. Божам жасауға да жаттығу қажет. Балалар шындықка жанаспайтын идеялар ұсынуы мүмкін. Мәселен, «Егер құстар космостан арнайы сигнал алу арқылы жол табуы мүмкін».Болжамдар ойша және нақты эскперимент қоюға мүмкіндік береді. Баланы болжам жасауға үйрету үшін дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру қажет.Оқушылар мынадай сөздерді қолдануы тиіс:

-... мүмкін;

- ...ойлаймын;

- ...болуы мүмкін;

- мәселен,

- егер,....

Оқушы зерттеуінде ең күрделісі теориялық зерттеу болып табылады. Бастауыш мектеп оқушысы ақпарат көздерімен жұмыс жасай алмағанымен, көпшілігі қызыға айналысады. Сондықтан олардың шамасына қарай өздері тапқан, өзге адам тапқан ақпараттарды талдауға үйрете беру қажет.

Теориялық зерттеулерде ең басты және қосымша деректерді, нақтылайтын идеяларды табуға, дәледеуге үйрету негізгі болып есептеледі.

Мәтінмен немесе кітаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең- мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу:

  • Кітапты парақтау, оқығанға дейін суреттерін қарап шығу;

  • Бөлімдерімен танысу:

  • Кіріспесін оқу;

  • Мәтіннің назар аудартатын жеке бөліктерін оқу.

Екінші кезең- мәтін бойынша оқушының өзіне сұраққойғызу;

  • Маған қаншалықты қызық?

  • Бұл проблема жөнінде не білемін?

  • Мазмұнында қандай идеялар жатыр?

  • Қандай жаңа нәрсе білуім мүкін?

Үшінші кезең- мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.

Төртінші кезең- ең бастысы мен қосымшасын бөліп алу. Бастауыш мкектепоқушысы үшін ең бастысын бөліп алу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан оқушығамәтінніңлогикалыққұрылымын анықтауға мүмкіндік беретін графикалық сызбажасап беруге болады.

Бесінші кезең- мәтін мазмұнының деңгейін, логикалыққұрылым дәрежесінбағалау, яғни оқушы резюме құрайды.

Бастауыш сынып оқушыларынының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда оқу пәндерінің маңызы мен мүмкіндіктері зор. Біз өз зерттеуіміз бойынша бастауыш сыныпта оқытылатын пәндердің бірі дүниетану пәнін негізге алдық.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында «дүниетану» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізінқалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау, сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларының және тәжірибе жасау дағдыларын, шығармашылық қызығушылығын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,- деп жазған [45,11].

Ал осы пәнді оқытудың міндеттері:

- оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

- денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;

- оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;

- табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;

- қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білу.

Бастауыш мектепте білім беру тұжырымдамасына сәйкес дүниетану кіріктірілген үш бөлімнен тұрады: адам, табиғат, қоғам.

Дүниетану бағдарламасының негізгі идеясы:

- оқушыларды қоршаған табиғат туралы түсініктері мен бастапқы ұғымдарын қалыптастыру;

- оқу барысында балаларды дамыту, олардың таным әрекетін жандандыру;

- табиғатта тікелей бақыланатын жеке құбылыстар мен заттардың арасындағы қарапайым байланысты үйрету [46,5].

Дүниетану – «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білуі керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолдарын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса, бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат жоқ. Адам өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шығу мүмкін емес. Дүнинені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады [47,9].

Мұғалім дүниетану сабақтарында балалардың әртүрлі табиғат құбылыстарына ықыласын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға ынтасын тудырады.

2-сыныптағы дүниетану курсы бойынша оқушылар тірі және өлі табиғат туралы, табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы қарапайым білім алып, табиғат пен адамның арасындағы өзара байланысты түсіне алатындай, өздерінің өлкесі туралы жаңа білімдермен қаруландыру, жергілікті жердің сұлбасын, жергілікті жерді бағдарлай білуге үйренеді.Балалар өз өлкесін зерттеу негізінде адамдардың айналадағы дүниемен қарым-қатынасы, өсімдік пен жануарлар тіршілігі, Отан туралы түсінік алады. Балалар табиғатты сүюге және оны қорғауға үйренеді.

Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған «Дүниетану» оқулығының мазмұнына тоқталайық [48].

Кесте 1 2-сыныптың «Дүниетану» оқулығының мазмұны

Тарау аттары

Мазмұны

Адам

Табиғат және адам

Адам – табиғаттың бір бөлігі

Өмір сүру үшінадамға не қажет?

Адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады

Адам еңбегімен құрметті

Сенің еңбегің

Табиғат

Көкжиек. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

Жергілікті жерді бағдарлау. Құбылнама

Жергілікті белгілері бойынша бағдарлау

Жергілікті жердің планы мен суреті

Ауа. Ауаның қасиетері

Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Су

Судың қасиеттері

Су – еріткіш

Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Топырақ. Топырақтың қасиеттері

Топырақты қорғау

Өсімдік

Өсімдік – тірі организм

Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады? Тамыр

Сабақ

Жапырақ

Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?

Гүл, жеміс және тұқым

Өсімдікке су қажет

Өсімдікке топырақ керек

Өсімдікке ауа, жарық және жылу қажет

Дәрілік өсімдіктер

Өсімдіктер қалай саяхат жасайды?

Өсімдіктердің көбеюі

Жануарлар

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі

Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет

Жануарлар қалай қоректенеді?

Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?

Құстардың алуан түрлілігі

Құстар қалай өсіп-өнеді?

Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы

Отбасы

Отбасы мүшелері және олардың міндеттері

Ата мен әже. Туыстар

Отбасы дәстүрлері

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Тісіңді сақта

Дастархан басында өзіңді қалай ұстауың керек?

Мектепте

Мектеп – білім беретін мекеме

Мәдениет мекемелері

Мектепте

Сен және сенің достарың

Туған ел

Отан. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы

Қазақстан – көп ұлтты тәуелсіз мемлекет

Қазақстан халқының достығы

Қазақтың ұлтттық мәдениеті

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы

Алматы

Біздің көлік

Егін шаруашылығы

Бау-бақша шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Зауытта

Фабрикада

Құрылыс басында

Фермада

Жазда нені ескеру керек?

Оқулықтағы барлық бағдарламалық материал жеке сабақтар бойынша берілген. Бұл бастауыш мектеп үшін ерекше құнды, өйткені мұғалім де, оқушы да сабақта нені талдау керек екенін көрнекі түрде елестетеді. Әрбір сабақ бойынша қысқаша қорытынды келтіріліп, онда оқылған материалдың негізгі мазмұны баяндалады, ұғымдардың мәні ашып көрсетіледі. Бұл қорытындылар балалардың сабақта білгендерімен салыстыруға арналған. Әдістемелік тұрғысынан қарағанда мұнда балалар керекті деректер алып, сұрақтарға жауап береді, бір құбылысты басқа құбылыстармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге өздері де зерттеумен айналысады, қорытынды жасайды. Сондықтан балалар дайын білімді ала салмайды, қайта өздері білімге ие болуға атсалысады. Бұған оқушылардың таным әрекетін жандандыратын сұрақтар мен тапсырмалар, түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыратын әртүрлі тәжірибелер мен практикалық жұмыстар көмегін тигізеді [49,20].

Дүниетану бастауыш сынып оқушысына олар жасаған жинақтаулар нақтылы бақылаулар жағдайларына, олардың егжей-тегжейлі сөзбен сипаттауға сүйенетіндей етіп беріледі. Мұндай жағдайларда материалды салыстыруда оқушылар ұқсас белгілерді табады. Оқушылардың заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы пайымдауларының негізінде көбінесе көрнекті бейнелеулер мен суреттеулер жатады. Сонымен қатар бұл пайымдаулар тапсырманы талдау, жекелеген бөліктерді басты сәттерді ойша айқындау, оларды бірегей көрініске біріктіру, ақырында кейбір жаңа, ендігі жердегі тікелей түпнұсқадан қашық жатқан және абстрактылы білім болған пайымдаудағы жеке нәрселерді жалпылау болып табылады. Осыдан келіп, дүниетану пәнін жүйелі оқыту бастауыш сынып оқушыларының ойлау сипаты өзгереді. Бұлбастауыш сынып мұғалімінің балалардың зерттеу қабілет ескере отырып, зерттеу әрекетімен шұғылдануына мүмкіндік жасайды.Сондықтан да қазіргі таңда бастауыш мектептегі зерттеу мәдениеті қазір өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмысы – оқыту әдістерінің бірі, оның барысында оқушыларда:

- пән саласы бойынша дүниетанымы кеңейеді;

- өзін-өзі дамыту, өзіне-өзі талдау жасау, өзін-өзі бақылауға жағдай жасайды;

- өзін-өзі бағалауды арттырады;

- оқу материалын еріксіз есте сақтайды;

- шығармашылық қабілеті өте жақсы жетіледі;

- тілі және аудитория алдында сөйлеуі дамиды.

Оқушыларды зерттеу қызметін бастауға үйрету сабақ арқылы, қосымша білім, жобалар мен рефераттарды қорғау арқылы жүзеге асады. Айта кететін жай, зерттеу қызметін жүргізу баланың ерекшелігін есепке ала отырып, оқушының зерттеу мәдениетін мақсатты түрде қалыптастыра отырып, жүзеге асады, зерттеу жұмысына оқушыны:

  • Басты мәселені талдау және ажырату, салыстыру, жалпылау және жүйелей, ұғымдарды анықтау және түсіндіру, дәлелдеуге үйретеді;

  • Кітап пен және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады;

  • Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетіне байланысты дағды мен шеберлігі дамиды;

  • Сұрақтар құрастыру және ересектер мен өз құрдастары арасында сауалнама жүргізе білу мәдениеті жүргізіледі.

Бастауыш мектептегі зерттеу жұмысы қазір өзекті мәселе екенін жоғарыда біз бірнеше рет айтып өткен болатынбыз, өйткені осы кезеңдегі оқу жұмысы жетекші болып табылады және дамушы жеке тұлғаның басты танымдық ерекшеліктерін қалыптастырады. Осы кезеңде ғылыми білімді меңгеруді, ғылыми теориялық ойлауды қажет ететін ойлау формалары дамиды. Төменгі сыныптарда тек сабақта ғана емес, сондай-ақ өмірде де өзіне-өзі бағдар берудің алғышарттары жасалады.

Зерттеу жұмысын жүргізуде біз бір топ зерттеушілер К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, З.Олейниктердің авторлығымен шыққан «Дүниетану пәні негізінде тапсырмалар топтамасын» қолдандық. Тапсырмалардың көпшілігі оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға арналған. Мәселен, кітап оның қалай, неден жасалатындығын, кімдер дайындайтындығын анықтау мақсатында төмендегідей топтама тапсырмалар:

Тақырыбы:Кітап қайдан келді?

  1. Кітапты неден жасайды?

  2. Кітапты қалай жасайды?

  3. Кітап дайындаумен қандай мамандар айналысады?

  4. Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Неліктен?

  5. Кітап бізді не нәрселерге үйретеді?

  6. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молаяды дейміз. Неліктен?

  7. Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып оқу керек дейміз. Неліктен? Дәлелде.

  8. Кітапты қалай оқу керек? Неліктен?

Оқушылардың кітап туралы не білетіндігі жайлы мағлұмат алуға бағытталған. Оқушылар сұрақтар бойынша өз бетінше ізденеді, ізденіс жоспары мен болжамын жасайды, шешім қабылдайды, тұжырым жасайды, сосын алынған мағлұматтарды тексереді.

Сонымен, зерттеу жұмысы өз мүмкіндіктерін шыңдауға, тіпті ата-анасымен жақындасуға көмектеседі, өйткені бұл жұмыс бастауыш мектепте ата-аналар көмегін керек етеді, оқушылар өз бетімен іздену арқылы сабаққа қызығушылығы артады.

Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының мәдениетін қалыптастыру барысында зерттеу жұмыстарының тиімділігін көрсете отырып, педагогикалық- психологиялық әдебиеттерді зерделей келе және жүргізілген, мынадай ұсыныстар жасауды жөн көрдік:

  • Сұрақ қойып, жауап іздеуге, болжамыңды ұсынуға, бақылау жасауға, эксперимент жүргізуге, қорытынды шығаруға, дәлелдеуге, өзінің пікірін қорғауға үйрету;

  • Ақпарат көздерінен қарауға болады, энциклопедиялардан, интернет желісінен қарау, достарынан, ата - әжесінен, аға- апасынан сұрау, тақырыпқа байланысты кинофильмдерден қарау.

  • Эксперимент жоспарын ойлау.

  • Неге бұл тақырыпты таңдады?

  • Түрліше көрнекіліктер қолдану: сызбалар, макеттер, суреттер, көрнекіліктер, эскиз.

Сонымен, біз осы бөлімде білім берудегі жаңа парадигмаларды меңгеру үшін зерттеу мәдениеті қалыптасқан ұстаз туралы және оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүкіндіктеріне тоқталдық.

Сондай-ақ, Ү.Б.Жексенбаеваның төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқу құралы мен К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, З.Олейниктердің авторлығымен шыққан «Дүниетану пәні негізінде тапсырмалар топтамасын» қарастырдық.

Қорыта келе, дүниетану пәнінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін мұғалім зерттеу мәселесін, тақырыбын, зерттеу болжамы мен әдістерін, жұмыс жоспарын дұрыс құру, оны қорғау, дәлелдеу туралы әрекеттер жиынтығын оқушыларға игерту керек.Ал оларды тәжірибеге енгізу туралы жұмыстар зерттеуіміздің келесі тарауында баяндалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]