
- •6М010300 – Педагогика және психология
- •1. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
- •Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім парадигмалары: даму тенденциялары мен болашағы
- •1.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың негізі
- •1. Зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру қағидасы
- •2. Жалпы зерттеу біліктерімен дағдыларының өзіндікқұндылық, қағидасы
- •3. ІІәнаралық байланыс қағидасы
- •4. Тренингтерге сүйену қағидасы
- •5. Импровизация қағидасы
- •1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •2.2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары
- •Сабақтың барысы: і Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- •Ііі Қорытынды бөлім
- •2.3 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың негізі
Қазіргі білім берудің модернизациясының талаптарына сай оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау педагогтар қауымының алдында жаңа міндеттерді жүктейді.
Бұл міндет - оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдайтын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетті тұлға тәрбиелеу. Осыған орай сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы артып отыр.
Мәдениет ( латынның «Cultura» - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) –
1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.);
3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);
4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді.
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол «мәдениет–әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов өзінің ғылыми еңбектерінде – «Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сферасына оның сапалық сипатына тән» деп жазады.
Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен кебеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, діл мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан [1,206].
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі.
Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек»[2,8]. Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы-жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Жалпы мәдениет – бұл адамның дүниетанымының мазмұны мен сипаты, білім деңгейі, еңбекке ынтасы, тәрбиелілігі, ол, білімнің, қызығушылықтың, сенімнің сапалық өзгерісінің нәтижесі. Жалпы мәдениет – кәсіби білім мен іскерліктің, сондай-ақ аталған мамандық адамының жалпы мәдени тұғырының толығуының қайнар көзі. Ол педагог кәсібінің шыңына қатысты айтылады, оның деңгейін және кәсіби мәдениетінің дамуын анықтайды. Педагогтың жалпы мәдениетін құраушылар оның кәсіби мәдениетінің компонентіне айналады және керісінше, кәсіптік мәдениеттің дамуы оқытушының жалпы мәдениетінің көтерілуіне алып келеді.
Кәсіптік мәдениет – бұл қандай да бір кәсіптік (іс-әрекетті иеленуші) іс-әрекетпен айналысушы адамдардың кәсіби деңгейіне қойылатын қоғам талабы. Ол әрбір адамның кәсіптік іс-әрекеттің, еңбектің кез келген түрін барлық нормаға сәйкес орындауға дейінгі әрекеттерден тұрады. Кәсіптік мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік толысуының басты көрсеткіші, қоғамдық өндірістің нақты саласында өзінің мәнді күшін жүзеге асыруға даярлығын анықтаушы жеке тұлғаның білімі, іскерлігі мен дағдыларының, сапаларының кешені болып табылады [3, 64].
Педагогикалық іс-әрекет практикасына «педагогикалық мәдениет» ұғымы ертеректе қосылған, бірақ берілген феноменді тұтас теориялық зерделеуге арналған арнайы зерттеулер жоқ. Ғылыми ұғым ретінде «педагогикалық мәдениет» ешқандай педагогикалық сөздікте, ешбір педагогикалық энциклопедияда ашылмаған, оның қатаң негізделген талдауы бар педагогикалық әдебиеттерде жоққа тән. Дегенмен, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдаумен, мұғалімдердің педагогикалық қабілеттерін, педагогикалық шеберліктерін зерделеумен байланысты аталған мәселе С.Архангельскийдің, А.Барабанщиковтың, З.Есараеваның, Н.Кузьминаның, В.Максимовтың, В.Сластениннің, Н.Тарасевичтің, Ш.Таубаеваның, А.Молдажанованың, П.Хозяиновтың және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
В.А.Сластенин кәсіби-педагогикалық мәдениет мазмұнында әртүрлі компоненттерді ажыратады: фундаментальды жалпыфилософиялық, жалпымәдени, психологиялық-педагогикалық, арнайы білім, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, шығармашылық шешімдерді қабылдауға даярлығы, ұдайы өзіндік білім алуға қажеттілігі және оған даярлығы, мұғалімдерге тәрбиеленушілердің даму деңгейін зерделеу мен диагностикалауға, оларды түсінуге, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға, жеке тұлғаның әлеуметтік-құндылық сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін практикалық педагогикалық іс-әрекет іскерліктері мен дағдылары, сондай-ақ үлгі бойынша нақты әрекет ету ғана емес, сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттердің жеке дара стилін меңгеру қабілеттілігі[4,79].
Ш.Таубаева «педагогикалық мәдениет, өз кезегінде тұтас (целого) – мәдениеттің бөлігі, адамның қалыптасуының шарты ретінде табылады және бұл тұтастықтың контекстінде жұмыс жасайды» деп біледі [5,194]. Сондай-ақ, педагог-ғалым өзінің зерттеуіне сәйкес мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің генезисін айқындайтын статикалық моделін философиялық категория контекстінде қарастырады: жалпы (всеобщее) (мәдениет) → жалпы негізгі (педагогикалық мәдениет) → ерекше (кәсіби педагогикалық мәдениет) → жеке дара (зерттеушілік мәдениет). Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін құраушы дайындық түрлері (тұтас педагогикалық үдеріс теориясы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындық, мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға дайындық, т.б.) арқылы сипатталады.
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі.
Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптастыру аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттеріне ықпал ету – ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет-міндеттер ауқымды, мақсаттар айқын, бірақ он жүзеге асырудың тиімді жолдары қандай деген проблемалы сұрақтар бәрінен де күрделі, бәрінен де ауыр әрі маңызды. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны – әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсаты мұғалім еңбегімен тығыз байланысты.
Мұғалімге қай заманда да зор міндет жүктеледі. Көне грек ойшылы Платон өз еңбектерінде балаларға білім беруші ұстаз өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін толық түсіне алғанда ғана болашақ тұлғаны іске, білімге үйрете алатындығын айтады. Сократтың пікірінше, мұғалім мен оқушы арақатынасы демократтық бағыттта болуы керек. Мұғалім оқушы алдында үлкен беделге ие болғанда ғана оны оқушы сыйлайды. Ол мұғалім оқушыны құрғақ жаттаудан арылтуы керек деп есептеді.
Еуропа педагогикасының негізін салушы чех ғалымы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» атты еңбегінде адам баласының ақыл-ойы шынығатын, шыңдалатын орынның бірі – мектеп, сондықтан мектепте бала барлық нәрсеге үйренеді дей келе, «Мұғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгергенінше үйретуі тиіс»,- дейді. Ол «Қабілетті мұғалім деп соларды ғана атауға болады, кім өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын ексе, қиыншылықпен оны жеңе білсе. Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр қиятын тынымсыз лаулаған жалын иесі», -деп мұғалім қызметіне аса зор маңыз берді.
И.Г.Песталоццидің ойынша, мұғалім ең алдымен балалардың психикалық ерекшеліктерін білуі шарт. Соның негізінде оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру керек деген құнды пікір айтты.
Н.Г.Чернышевский жаңадан құрылатын мектеп оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен жұмыс істеуі тиіс деп, мұғалімнің сабақта оқу материалын баяндауда орынды дәлелдер, айқын мысалдар келтіріп түсіндіруін талап етсе, Н.А.Добролюбов та мұғалім тілінің жатық, пікірлерінің айқын, қорытындылар мен ережелерінің дәлелді болуын қолдады.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мектептің ең маңызды тұлғасы мұғалім деп есептеді. Ол «Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенімен, тәрбие ісінде жеке тұлғаны, мұғалімді алмастыра алмақ емес» - деп жазды. К.Д.Ушинский мұғалімдерге мынадай талаптар қойды:
- балаларды жан-жақты зерттеп білу;
- халық өмірінің мәселелеріне адал қарап, бұл өмірге белсене араласу;
- алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәрбие тәжірибесінен туатын идеяларды қабылдап, өз ісіне пайдаланып отыру [6,253].
Н.К.Крупская мұғалім қызметін ерекше бағалай келе, оның шеберлігін бірінші кезекке қойды. Ол өз ісін терең меңгерген білімді мұғалім ғана оқушыларға сапалы білім бере алады деп санады.
В.А.Сухомлинский педагогтың төмендегідей негізгі екі мәселені дұрыс шешуін ескертеді: оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру және оқушыларды ұдайы өз білімдерін толықтырып отыруын, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету.
Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс»,-деп жазды.
ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынов «Мектеп керектері» атты мақаласында « ... ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Істің толық жақсы болуына, құралдар сайлы һәм жақсы болуы шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа», -дейді [7,438].
Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп мұғалімдерге үнемі ізденімпаздықпен, шығармашылықпен атқаратын қызмет екенін айтып кеткен.
Демек, өткен ғасырларда мұғалім алдында оқушыға білім беру талабы тұрды. ХХІ ғасырда білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуге байланысты мұғалімге қойылатын талап та, білім беру жүйесінің міндеті де өзгеріп отыр.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты [8,8].
Педагогикалық білімнің болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы маңызы жайында Б. Ниетжан «Педагогикалық үрдісте педагогтың басты рөлі – жеке тұлғаны қалыптастыру, бұл оған жауапкершілік жүктейді, ғылыми тұрғыдан баланың жан-жақты қалыптасуының реалдық шарттарын жасауды талап етеді. Педагог педагогикалық үрдісте басты тұлға ретінде мақсат пен алдыңғы қатарлы идеалдарды қолдаушы, ғылыми білімдер мен тәрбие шеберінің иесі болып табылады» - деп анықтама береді [9,22].
12 жылдық орта білім берудің педагогикалық кадрларына заман ағымына қарай жаңа талаптар қойылып отыр. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептің мұғалімі адам туралы ғылымның жетістіктерін және оның даму заңдылықтарын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға болуға тиісті [10,102].
Бұл талап «Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз педагогикалық білімі» тұжырымдамасында нақтылана түседі. Онда: «Бүгінгі мұғалім рухани дамыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды, рефлексия қабілетін меңгерген, жаңалыққа ұмтылғыш, білім құндылығын түсінетін, мәдениетті, педагогика мен психологияны, өз пәнін, оны оқыту әдістемесін терең білетін болуы тиіс» - делінген [11].
Олай болса, 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагог - ізденімпаз, өзіне-өзі талап қоя білетін, құзыретті маман болуы керек.
Ал ұстаздың зерттеу мәдениеті төмендегі мәселелерді қамтиды:
1. Қоғамның жаңа парадигманы қабылдауы;
2. Білім берудегі парадигмалардың ауысуын қабылдау және жалпы білім беру жүйесіндегі тенденциялардың дамуы;
3. Педагогикалық қызметте жаңа парадигманы ұғынуы;
4. Білім берудегі жаңа мазмұнды жүзеге асыру;
5. Парадигманың салаларының педагогикалық дамудағы біліктілігі;
6. Білім беру жүйесіндегі жаңа идеяларды жүзеге асыру үрдісіне қатысу.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті әдістеріне жүгінген. Зерттеу арқылы оқыту идеялары білім беру процесінде осы уақытқа дейін көрініс тапқанымен, іс жүзінде өз дәрежесінде қолданылмады. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өздігінен білім алуы үшін зерттеушілік білім беру мәселесі орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін оқушылардың зерттеушілік ізденісі мен мәдениетін қалыптастыру проблемасы әдістеме ғылымына жүктеледі. Оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және зерттеу қабілеттерін дамыту мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру педагогтардың кәсіби шеберліктерін талап етеді. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана оқушының зерттеулік білімді жоғары дәрежеде меңгеру мүмкіндігі артатындығы ақиқат болып табылады.[12,71].
12 жылдық мектептің ұстазы өскелең өмір талабына сәйкес зерттеу жұмысының тақырыптарын таңдап алып, сол өзекті мәселені ғылыми тұрғыда терең талдап, мынадай логикалық құрылымын айқындап алған жөн:
Зерттеу проблемасы, өзекті мәселені табу, оның өзектілігін дәлелдеу.
Зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау.
Тақырыпқа сәйкес арнайы әдістемелік-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу, проблеманың ғылыми-теориялық негізін ашу.
Зерттеу әдіс-амалдарын құру.
Болжамдар ұсыну.
Педагогикалық тәжірибе жасау.
Тәжірибе нәтижелерін теориялық салыстыру.
Нәтижелерді қорытындылау.
Жүргізген зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу[13,192].
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің негізі - әдіснамалық білімі. Б.С.Гермунский мен Д.Н.Никандоровтың пікірінше әдіснамалық білім дегеніміз педагогикалық тәжірибелердің оқу тәсілдерін білу, қажетті эмпирикалық мәліметтер қорын көбейту, эмпирикалық мәліметтерден теориялық жинақтауға өрлеу тәсілдерін меңгеріп, теорияны құру, теорияялық жайларды нақты әдістемелік нұсқау тіліне көшіру, сәйкес нұсқауларды қайта қалыптастыру мақсатымен тәжірибе жүзіне енгізу тәсілін жоғары деңгейдегі сапаға көшіру.Сондықтан да мұғалім заман талабына сай жаңашыл, оқу-тәрбие қызметінде педагогикалық технологияларды еркін меңгеретін, шығармашыл, бір сөзбен айтқанда, өз пәнінің зерттеушісі болу керек. Олай болса, зерттеуші мұғалім дегеніміз кім?
¦стаздың іс тәжірибесі ғылыми-педагогикалық зерттеу мазмұнымен сәйкес келіп педагогикалық шеберлікті жоғары деңгейде меңгерсе, В.С. Шубинский бұндай ұстаздарды зерттеуші - ұстаз деп анықтайды. Білім берудегі парадигмалардың пайда болуы мәдени өркениеттің дамуындағы негізгі аспектілердің бірі. Яғни парадигма - зерттеу міндеттерін шешудің эталон үлгісі. Сондықтан білім берудегі жаңа парадигмаларды меңгеру үшін зерттеу мәдениеті қалыптасқан ұстаз қажет. Ал ұстаздың зерттеу мәдениеті төмендегі мәселелерді қамтиды:
1. Қоғамның жаңа парадигманы қабылдауы;
2. Білім берудегі парадигмалардың ауысуын қабылдау және жалпы білім беру жүйесіндегі тенденциялардың дамуы;
3. Педагогикалық қызметте жаңа парадигманы ұғынуы;
4. Білім берудегі жаңа мазмұнды жүзеге асыру;
5. Парадигманың салаларының педагогикалық дамудағы біліктілігі; 6. Білім беру жүйесіндегі жаңа идеяларды жүзеге асыру үрдісіне қатысу. Бүгінгі күнде мұғалімнің дайындығының теориялық мазмұнын игеру және тәжірибе жүзінде қолдануға әдіснамалық қажеттілік туындап отыр.¦стаздың әдіснамалық дайындығы дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. 1. Жоғары кәсіптік шеберлік;
2.Қисынды ойлау;
3.Әдіснамалық рефлексия;
4. Ғылыми негіздемеге қабілеттілігі;
5.Белгілі тұжырымдамаларды, әдіс-тәсілдерді сынмен қабылдап,шығармашылықпен қолдану;
6. Кәсібилік әрекетті түрлі жағдайларға бағдарлай отыра, білім жүйесін меңгеру, құрастыру, басқару.
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің негізі - әдіснамалық білімі.Б.С.Гермунский мен Д.Н.Никандоровтың пікірінше әдіснамалық білім дегеніміз педагогикалық тәжірибелердің оқу тәсілдерін білу, қажетті эмпирикалық мәліметтер қорын көбейту, эмпирикалық мәліметтерден теориялық жинақтауға өрлеу тәсілдерін меңгеріп, теорияны құру, теорияялық жайларды нақты әдістемелік нұсқау тіліне көшіру, сәйкес нұсқауларды қайта қалыптастыру мақсатымен тәжірибе жүзіне енгізу тәсілін жоғары деңгейдегі сапаға көшіру.
Мұғалімнің зерттеу мәдениетінің негізгі базасы әдіснамалық білім мазмұнын қарастыра отырып ұстаздардың интеллектуалдық мәдениет тұжырымдамасын тірек етіп алу қажеттігі туады.
Интеллектуалдық мәдениет мазмұны:
- кәсіби дайындығы;
- қисынды ойлау бағыт-бағдары;
- қажетті әдіснамалық көріністі меңгеру, ғылыми бағыт-бағдардың өзгеру жағдайындағы ғылыми зерттеу мен басқаруды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар ұстаздың интеллектуалдық жағдайы білім, білік,дағдыларымен әдіснамалық бағдарды меңгеруімен анықталады. Интеллектуалдық мәдениеттің қайнар көздерін төмендегідей саралап алуға болады:
- ғылым тарихы және басқару;
- қазіргі кезде бар немесе жаңа құрылған әдістерді тәжірибе жүзінде қолдану. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті өзіне зерттеу мүмкіндіктерін туғызады. Зерттеу мүмкіндіктерінің негіздері әдістері, білім, білік, дағдылары және әдіснамалық бағыт-бағдарлары болып табылады (анализ және жинақтау, дәлелдеу және даттау, білімді негіздеу, міндеттерді шешу жолдары, болжамды құрастыру және тексеру,сонымен бірге педагогика бойынша нақты зерттеу әдіснамасы).
Білім беру тәжірибесінде зерттеуші-ұстаздың атқаратын рөлі мынадай:
- зерттеуші-ұстаз мәдениетінің қалыптасуы бойынша теория қоры;
- мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
- озат педагогтар тәжірибесін жинақтау және дәріптеу;
- педагогикалық ғылым жетістіктерін мектеп практикасына енгізу;
- педагогикалық ғылым мен практиканы байланыстыру;
- ғылыми-әдістемелік негіздері:
- жалпы білім беру теориясы
- дидактикалық бағыт
- білім берудің жаңа мазмұны;
- мемлекеттік білім беру стандарттары;
- жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері;
- оқытудың инновациялық түрі;
- білім берудің жаңа технологиялары.
- педагогикалық инноватика.
- мұғалімнің зерттеу мәдениеті
- мұғалімнің инновациялық-дидактикалық қызметіне және оның зерттеу мәдениетінің қалыптасуына дайындық тәжірибесі;
- педагогикалық кадрларды дайындау жүйесінде;
- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде қалыптасуы тиіс.
Қазіргі алдыңғы қатарлы идея - білім берудің негізгі міндеті болып белгіленген білімдік шоғырланудан нәтижеге бағдарланған құзыреттілік тұрғыға көшу. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғыртуды көздейді [14].
Демек, өткен ғасырдағы негізгі міндеті білімді шоғырландыру болып келген білім беру, қазіргі ХХІ ғасырда нәтижеге бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыруды негізгі міндет етіп отырған білім беруге ауысуда.
Білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көшуі жалпы білім беретін мектептерде құзыреттілік тұрғыдан білім беруді талап етеді. Себебі, бүгінгі күн талабы алдына мақсат қоя білетін, бойында зерттеушілік мәдениеті қалыптасқан, өз іс-әрекетінің нәтижесін бағалай білетін тұлғаны қажет етеді.
Сондай–ақ, мектепте қазіргі заман талабына сай жаңа мазмұндағы қатынастар өрбуі қажет.Оның ең басты ерекшелігі – барынша тұлғаға бағытталғандығы. Яғни, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қалыптастыратын балаға деген құндылық қатынас орнауы тиіс [15, 207].
Олай болса, «тұлға», «тұлғаға бағдарланған оқыту», «зерттеу», «зерттеушілік мәдениет» ұғымдарының мәнін түсінуі керек.
Тұлға – іс-әрекеттің және қоғамдық қатынастардың нақты тарихи процесінде қалыптасатын әлеуметтік сапа аспектісіндегі адамдық индивид; адам, кісілер арасында өз бағытын еркін және жауапкершілікпен айқындаушы қоғамдағы тұлға [16,332].
Тұлға - дербес әрекет ететін субьект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны [17,174].
Тұлға – адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады [18,45].
Тұлға – саналы түрде өзінің бойында, табиғатта, әлеуметтік салада жаңа нәрсені жасаушы адам [19,4].
И.В.Харламов «тұлға» ұғымына мынадай түсінік береді: «понятие «личность» характеризует общественную сущность человека и обозначает совокупность его социальных свойств и качеств, которые он вырабатывает у себя прижизненно» [20,64].
Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбектің «Жалпы педагогика» оқулығында «адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәрежеге даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі –адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді» - деп көрсетеді [21,38].
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, тұлғалық – бағытталған оқыту- үнемі оқушының субьективті тәжірибесіне, яғни олардың өмірлік іс-әрекет тәжірибесіне жүгіну, өзіндік ерекшелігін және әр оқушының бірегейлігін мойындау.
И.А.Зимняя: «тұлғалық –бағытталған оқыту бала мен оқытушы тұлғасын білім беру процесінің біртұтас субьектісі ретінде дамытуға бағытталған жүйе»- деп, анықтама берсе, М.А.Құсайынов: «тұлғалық – бағытталған оқыту - білім беруші мен білім алушының коммуникативті – танымдық қызметінің бірлескен процесі, ол оқу міндеттерін шешуге және соның барысында оларда интеллектуалдық процесс пен әлеуметтік қатынастардың дамуы мен қалыптасуына бағытталған» -деп, тұжырымдайды [16,333].
Білім және ғылым энциклопедиялық сөздігінде педагогикалық көзқарас тұрғысынан тұлғалық – бағытталған оқыту парадигмасы ретінде төмендегі жағдайлар ұсынылады:
1) білім арқылы адамның қалыптасуы, өзін, өзінің қайталанбас дара, рухани, шығармашылық бастау бейнесін тануы;
2) тұлғалық бейненің қалыптасуында және адаммен, табиғатпен диалогтік және қауіпсіз қарым-қатынас жасауда қажет білім беру процесіндегі балаға және оның көзқарасына тұлғалық-адамгершілік қатынас, яғни қолдау, адамның дамуы, өзіндік орындау, өзіндік қорғау, т.б.
3) адамды қалыптастырушы қызметтерді анықтау;
4) адамның экзистенциалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және аксиологиялық, когнитивті, іс-әрекетті-шығармашыл және тұлғалық құрылымдардан тұратын мазмұн;
5) түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамуға, басқарудан өзіндік басқаруға өтуді болжайтын педагогикалық технологиялар.
Білім беруде тұлғалық бағдарлы қатынастың негізі - гуманистік педагогикада, гуманистік психологияда жатыр. Гуманистік психологияның негізін қалаушылар А.Маслоу, К.Роджерс жеке тұлға мәселесін әр қырынан қарастырады.
К.Роджерстің жеке тұлғалық қатынас қағидалары тұлғалық бағдарлы оқытуда негізге алынады. Атап айтатын болсақ,
- индивид үнемі өзгеріп отыратын өмір ортасында болады. Оған айналадағы шындықты өзіндік қабылдауы маңызды. Өзіндік қабылдау дүниені сырттан ешкім соңына дейін тани алмайды;
- адам өзін қоршаған ортаға өзіндік қабылдауы мен түсінігі арқылы ғана жатқыза алады;
- адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі сарқа жұмсауға талпынады; адамда өзін-өзі жетілдіруге іштей қажеттілік болады;
- тұлға дамуына өте қажет өзара түсінушілікке тек қарым-қатынас нәтижесінде ғана жетуге болады.
- өзін-өзі жетілдіру, тұлғаның дамуы оның ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Тікелей не жасырын байланыс нәтижесіндегі сыртқы баға адам үшін, өзін-өзі тану үшін маңызды [22,63].
Тұлғаға бағдарланған оқытудың басты функциялары мыналар:
- таңдаулы (құндылық пен өмір салтын таңдау);
- сындарлы (сырттан ұсынылатын құндылықтар мен нормаларға қатысты);
- байланыстырушы (сыртқы ықпал мен ішкі импульстік тәртіпке байланысты);
- мақсатқа жетудегі өзін-өзі реттеудің еріктік функциясы;
- рефлекстік, шығармашылық, бағдарлылық;
- қабылдаған шешіміне жауапкершілік функциясы, өзін-өзі реттеу, шығармашылық қайта жаңаруын, ішкі дүниесінің беріктігін, автономдылығын қамтамасыз ету;
- рухани деңгейді қамтамасыз ету.
Тұлғаға бағдарланған оқытуда осы аталған функциялар білім беру үдерісінде орындалуы керек. Себебі, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негізінде әрбір оқушының бірегей мәнін және оның оқу өрісінің даралығын тану ниеті жатыр. Мұғалімнің рөлі білім беру емес, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің жеке әлеуетіне сүйенетін және оқытудың тиісті технологиясын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын құруда болып табылады [10,76].
«Зерттеу» ұғымының түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген.
Зерттеу – алдын-ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл адамның танымдық әрекеттерінің бірі [23,275].
Зерттеушілік мәдениет – оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйрету. Ол зерттеушілікке оқыту барысында қаыптасады.
Зерттеушілікке оқыту - баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты - оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.
Зерттеушілік оқыту идеясы ХІХғ. аяғы мен ХХ ғасырдың басында Еуропа мен АҚШ-та прогрестік, реформаторлық педагогика беки бастаған кезеңнен бастап ерекше дами бастады.
Бұл «еркін тәрбиелеу» идеясын тек айтумен шұғылданған уақыт болмады, оқытуға деген жаңа көзқарастарды тәжірибеге белсенді түрде енгізген болды. Әкімшілікке, біржақты «интеллектуализмге», «кітаби ғылымға» негізделген ескі гербарттық мектеп жүйесін сынай келе, алдыңғы қатарлы педагогтар мен психологтар жаңа «белсенді мектеп», «әрекет мектебін» құру қажеттігін дәлелдеп бақты.
Бұл кезең ресей ғалымдарының, альтернативті педагогика өкілдерінің еңбектеріндегі зерттеушілік оқыту идеясын интенсивті дамытқан кезең болды. Білім берудегі зерттеушілік көзқарасты бекітудің қажеттілігі туралы атақты орыс зерттеуші-педагогі К.Н.Вентцель (1857-1947) еңбектерінде нақты айқындап көрсетті: «Бала өз табиғатында утилитариет және практик, оның білімге деген теориялық қызығушылығы кешірек жаста оянады, сол теориялық қызығушылық тамыры өмір тәжірибесіне қаншалықты тереңдікте бойлайды, соншалықты өміршең, берік болады» [24,43].
К.Н.Вентцель «еркін тәрбие» идеясын қолдаушы болды. Сондықтан баланың зерттеушілік әдебіне және оны оқытуда қолдануға маңызды орын берді. Ол балаға оқушы ретінде қарамау керектігін, оған кішкентай «шындықты іздеуші» ретінде қарау керектігін жазды. Педагогтің өзінің бала үшін зерттеушілік әдеп үлгісін көрсетуші болу керектігін қолдады. Шындықты іздеудің ұлы рухы өмір сүретін ұлы ойшылдармен, ғылыми қайраткерлермен тікелей және аралық өзара байланыс жағдаятын құру керектігін айтады.
Осы кезеңде америкалық философ және педагог Джон Дьюи де (1859-1952) оқытудың зерттеушілік идеясын дамытуды, жүзеге асыруды және насихаттауды қолға алды. Оның пайымдауынша, өзгенің сөзі және кітап білім беруі мүмкін, бірақ олар тәрбиелей алмайды, тәжірибе ғана тәрбиелейді. Оның теориясында түйінді ұғым ретінде тәжірибе көрінеді.
Ол: «мектеп жастарды қоршаған ортадан бөліп алып, «басқа адамдардың дүниені қалай танығаны туралы есептерін» оқытуға зорламау керек, мектеп дүниені тануға талпыныстың тууы үшін, баланың интеллектуалдық инциативасы үшін мүмкіндік жасау керек»-дейді.
«Оқыту үрдісінде баланың негізгі төрт инстинктінен бастау алу керек»- деп атап көрсетеді Дж. Дьюи. Олар: жасау инстинкті, зерттеу инстинкті, көркем өнер инстинкті, әлеуметтік инстинкт. Баланың қызығушылығы осы негізгі инстинктер арқылы дамиды, мектеп осыларды қолдана, оқытуды өнімді, пайдалы, қызықты айналысатын процеске айналдыра алады. Ол үшін оқу үрдісінде бала зерттеуші позициясында болу керек.
Джон Дьюи бұл механизмді қысқаша былай түсіндіреді: баланың тәжірибесінде, « жасау процесінде» оның танымдық қажеттілігі пайда болып, танымдық қызығушылық қалыптасады; олар оқытумен қызықты айналысуды тудыратын зерттеушілік инстинкті оятады.Еңбек үрдісінде шығармашылық пен еңбектің бір-біріне ықпалдасуы негізінде балада қажеттілік туады: міндет пен проблемаларды ойластыруды, болжам құруды, оларды шешу жолдарын таңдауды, қажетті нәтижеге қол жеткізуді ойластырады.
Джон Дьюиді де ойландырған бір мәселе сол кездегі дәстүрлі мектепте бала белсенділігін шектеудің орын алғандығы болған.
1896 жылы Чикаго университеті жанынан тәжірибе бастауыш мектебін ашып, балаларды 4 жастан қабылдап, өзінің көзқарасын, білім мазмұнын, әдістерін жүзеге асыруды белсенді қолға алған. Сабақ ойын арқылы, зерттеу және практикалық әрекеттер арқылы ұйымдастырылған.
Дж.Дьюдің замандасы «еңбек мектебінің» теоретиктерінің бірі неміс педагогі Георг Кершнештейнер зерттеушілік оқыту теориясы мен практикасына өз үлесін қосты. Ол лекциялық жүйе мен өзгермес серігі-жаттау болып келетін дәстүрлі емтиханға қарсы шыға отырып, оқушылардың өз бетінше жұмысына баса назар аударып, оқу процесіне практикалық жұмыстар, тәжірибелер, саяхаттар, қол еңбегі мен сурет салуды енгізуді ұсынды.
Педагогика тарихында оның отандық әріптестері Джон Дьюидің бұл аспектідегі инновациялық қызметін байқағылары келмеді. Олар назарларын Дж. Дьюи дамытқан «прагматизм» идеясына қарай аударды.
ХІХ ғасыр білім беру мазмұнын құруда мұндай көзқарастарды көптеген мамандар қолдады. Олар «Еркін тәрбие теориясының» (Паркхерст Э-АҚШ) Вентцель К.Н.-Ресей, Декроли О., КергомарП.-Франция, Монтессори М. -Италия т.б.), «еңбек мектебі» (Кершнештейнер Г. -Германия), «әрекет педагогикасы» (ЛайВ.А. - Германия, Каптерев П.Ф.-Ресей), «экспериментальді педагогика» (Мейман - Э.Германия, Торндайк Э. -АҚШ) өкілдері.
А.В.Лай бойынша «әрекет мектебі» балалардың белсенділігін ынталандыруы қажет, онда оқумен өмір бірлік келісімде жүріп жатуы керек.
Оқудың негізіне сөздік емес, «заттық бастама» алынуы керек-дейді. Ол оқыту жүретін ортаға басты назар аударады. Әрекет мектебі модельдеген орта бала белсенділігі үшін кеңістік жасайды, онда оқушы мен өмір бірігеді.
Зерттеу арқылы оқыту идеялары білім беру процесінде осы уақытқа дейін айтылса да, іс жүзінде өз дәрежесінде қолданылмады. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін оқушылардызерттеу әрекетіне, зерттеу әдебіне, зерттеу әдісіне үйретуіміз керек.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі - баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ыкпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.Зерттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс.
Зерттеушілік әрекет – мемлекеттік жалпы білім беретін бағдарламаларды игертетін, оқушының білім, білік, дағдысын меңгертудің тиімділігін арттыратын жол [25,10].
Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс.
1) Оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
2) Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
3) Талқылау кезінде баға беруге асықпау;
4) Білім алу барысында балаларға көмектесу:
- өз бетінше проблеманы шығару;
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.
5) Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.
Соңғы жылдары «зерттеушілік әрекеті» мәселесіне жаңа термин ретінде -зерттеушілік әдебі орыс тіліндегі аудармасы «исследовательское поведение» термині енгізілді. «Поведение» (мұнда «мінез-құлық») термині ғылыми-педагогикалық әдебиетте және практикада (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез-құлық, оқушының мінез-құлқы) жиі қолданады. Ал біздің қолдануымызда «поведение» («әдеп») сөзінің этимологиясы «біреудің өмір сүру әдебі, әрекеттері мен іс-қимылдарының жиынтығы» деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «поведение» (мұнда «мінез-құлық») «адамның, жануардың қоршаған ортасымен қарым-қатынасын білдіретін реакциясы мен іс-әрекеті» ретінде қарастырылады. Адамның мінез-құлқы тұлғаның әлеуметтік ортасына қатынасында байқалатын саналы әрекеттерінің жүйесін білдіреді. Адам тұлғасының мінез-құлқында оның мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байкалады. Мінез-құлықта немесе әдепте эмоция мен сезім маңызды рөл аткарады.
Ал зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік - өзін-өзі үйрету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту арқылы қалыптасатын ізденушілік белсенділігі.
Оқушының іс-әрекет процесіндегі әдебі оның тұлғалық қасиеттеріне айналады. Тұлғаның қасиеттері, оның әдебі жалпы алғанда қоғамдық қатынастар, жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым-қатынасы түрліше болуына байланысты оның әдебі де түрлі формада байқалады. Адам әдебінің формалары әлеуметтік қатынастармен және тәрбиеге сәйкес жинақталады.
Зерттеушілік әдебінің А.И.Савенков күрделі психикалық құбылыс екенін атап көрсете отырып, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде былайша түсіндіреді: зерттеушілік әдебі ақпараттар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет етінде қарастырылады. Автор «зерттеушілік әдебін ізденушілік белсенділігінде психикалык талабының негізі бар нысанды танып білуге бағытталған әрекет, ал зерттеуге окыту - зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді.
Зерттеушілік әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге деген талабы жатыр. Зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық психикалық табиғи талабы тұрады. Бұл талаптың негізінде И.П.Павлов анықтаған бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде» қарастырылады. Ол дамыту қызметін аткарады.
Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: біріншісі - қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі - ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік әдебін тұлғаның өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Ізденушілік белсенділігінің тежелуі тұлғаның кез келген жағдаятта қауқарсыздығына әкеліп соғады. Сонымен бірге оқушының жүзеге асырмаған зерттеушілік белсенділігі оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана алмайтын жағадайға душар етеді.
Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік әдебі әдіснамалык негізінде әрекет жатқан синонимдер болып табылады. Осылайша оқушының зерттеушілік әрекеті, зерттеушілік әдебі тұлғаны толық қамтитын күрделі кіріктірілген білімі болып табылады.
Зерттеу әрекеті — тұлғаның жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Зерттеушілік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті, зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін 5 қағидаға тоқталайық (А.И.Савенков әдістемесі бойынша):