
- •6М010300 – Педагогика және психология
- •1. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
- •Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім парадигмалары: даму тенденциялары мен болашағы
- •1.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың негізі
- •1. Зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру қағидасы
- •2. Жалпы зерттеу біліктерімен дағдыларының өзіндікқұндылық, қағидасы
- •3. ІІәнаралық байланыс қағидасы
- •4. Тренингтерге сүйену қағидасы
- •5. Импровизация қағидасы
- •1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •2.2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары
- •Сабақтың барысы: і Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- •Ііі Қорытынды бөлім
- •2.3 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Бақылау тобының диаграммасы
- •Эксперимент тобының диаграммасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Әлем кеңістігінде болып жатқан өзгермелі жағдайлар Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізуде. Сондықтан қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайлар білім беру жүйесі мен оның түпкі нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының көшін болашаққа сүйреп апаратын, бәсекеге түсіретін негізгі күштің бірі – білім.
Елбасының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында «Ұлттың бәсекеге қабілетілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деген сөзі әрқайсысымызды да ойландыратыны сөзсіз [50,2].
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілейді [51,7].
Сондықтан қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бастысы – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге мүмкіндік жасау. Қоғамда жүріп жатқан демократиялық өзгерістер болашақ жастардың білімінің сапасымен, саяси санасымен, жоғары белсенділігінің дәрежесімен өлшенеді.
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауын, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз.
Бұл жағдайда «оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасты. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатысушылар «орындаушылар емес» «әрекетті жүзеге асырушылар» болып есептеледі [52,119].
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында әлемдік деңгейге жету үшін терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде зерттеушілік бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын, зерттеушілік мәдениеті қалыптасқан тұлға мәселесі маңызды міндет болып отыр.
Біз өз зерттеуімізде «парадигма», «зерттеу», «зерттеу әрекеті» «зерттеу мәдениеті» ұғымдарының түсінігінен бастадық.
Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және мәселелердің шешімі мен болжамдарын ғылыми зерделеудің үлгісі, моделі, стандарты ретінде пайдаланылатын теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы.
Зерттеу -жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі.
Зерттеу әрекеті - тұлғаның жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді.
Зерттеушілік мәдениет – оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйрету.
Зерттеу тақырыбымыз бойынша бүгінгі таңда жасалған еңбектер бар, бірақ білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде нақты зерттелмегендіктен, біз осы мәселені зерттеуді қолға алдық. Жұмысты зерттеу барысында алдымызға қойылған міндеттерді шеше отыра, зерттеу болжамының негізгі ұйғарымдары дәлелденді.
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық-тәжірибелік экспериментте 3 әдістеме негізге алынды. Қалыптастырушы экспериментте жетекші идея ретінде біз педагогика ғылымдарының докторы Ү.Б.Жексенбаеваның төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқу құралы алынып, оқушылар зерттеушілік оқытудың ғылыми негіздерін практикалық тұрғыда сұрыпталып берілген әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасады.
Педагогикалық-тәжірибелік эксперимент теориялық тұжырымдардың дұрыстығын көрсетті. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениеті зерттей оқуды терең үйреніп, зерттеушілік мәдениеттің көрсеткіштерін меңгергенде қалыптасатыны дәлелденді
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегідей ұсыныс береміз:
бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға арналған арнайы курс ұйымдастыру;
бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағында оқушыларға жиі зерттеу жұмыстарын ұсыну; зерттеу жүргізуіне басшылық жасау, зерттеу жұмысын қорғау.
Алынған зерттеу нәтижелері болашақта жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне көмек, педагогикалық білім беретін колледждер мен жоғары оқу орындарынының болашақ педагогтарын дайындауда негіз бола алады.