Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бастауыш м2дениет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
11.02.2020
Размер:
635.34 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

Магистратура

Арнаулы педагогика және психология кафедрасы

Адибаев Ерсін МАГ ПИП-13-1 ЖезУ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру

6М010300 – Педагогика және психология

Педагогика және психология магистрі

дәрежесін алу үшін жазылған

Ғылыми жетекші

п.ғ.д., доцент Төребаева К.Ж.

Қазақстан Республикасы

Ақтөбе, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім парадигмалары: даму тенденциялары мен болашағы

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың негізі

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері

2 БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ

2.1 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік – эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемелері және оның қорытындылары

2.2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары

2.3Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен зерттеушілік мәдениетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың зерттеушілік қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдайтын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетті тұлға тәрбиелеу міндеті қойылуда.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның зерттеушілік бағыттылығын қалыптастыру оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі зерттеушілік қызығушылығына тікелей байланысты. Зерттеушілік қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты пайдалану әдістемесі көрсетіліп, педагогикалық тәжірибелер арқылы тексерілуіндегі нәтижелері сараланады.

Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі - оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.

Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет ете алатын тұлғаны дайындау қажеттілігі туындайды. Мектеп бітірушінің 3 пайызы ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білім өнімін құруға қабілетті болса, бастауыш мектеп оқушысының жағдайы бәрімізге белгілі.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр.Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты-Қазақстан Республикасының әлеуметтік,экономикалық, қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Осыған орай сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы артып отыр.

Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол- кез-келген саладағы қазіргі адамдардың бәріне тән құбылыс деп қарастыруға болады.

Зерттеуші – оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Демек, зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру бүгінгі және болашақтың талабы. Ол мұғалімнен педагогика және психология ғылымдарының соңғы жаңалықтарын мектеп өміріне жедел енгізуді талап етеді.

Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, оқушылардың жекелік қабілеттерін, қасиеттерін, оқу әрекетінде зерттеушілік білігі мен дағдыларын қалыптастыру қажет болып отыр.

Бастауыш саты- оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын, құнды қайталанбайтын кезеңі, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Бұл кезеңде бастауыш сынып оқушыларының ашылмаған қабілетін ашу, баланы зерттеушілікке үйрету,оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру, әрі қарай дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, қазіргі заман талабына сай білім беруге бағыттау мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Ал заман талабы – өзі ізденіп, өз бетімен білім негізін меңгере алатын, еркін, белсенді тұлға дайындау.

Оқу процесі барысында оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіріп, оларды шешу, орындалу жолдарын, оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру барысында зерттей оқуға үйретудің тиімді тәсілдерін қолдану жолдарын іздестіру біздің зерттеу жұмысымыздың педагогика ғылымында шешімін толық таппағандығы, оның бастауыш сынып жағдайында өз деңгейінде қалыптаспағаны зерттеу тақырыбымызды «Білім берудің жаңа пардигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсатыбастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктері негізінде зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, іс-тәжірибеге енгізу жолдарын анықтау, тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеу нысаныҮшінші сынып оқушыларының оқу әрекеті.

Зерттеу пәні Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру

Зерттеудің ғылыми болжамы Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады, егерде төмендегідей бағытта жұмыстар ұйымдастырылса:

  • тақырыптың теориялық негізіндегі материалдар жинақталса;

  • теориялық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;

  • жұмыс мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылып, жүргізілсе;

  • зерттей оқуды үйреніп меңгерсе;

  • жүргізілген эксперименттік материалдардан оң нәтиже көрсетілсе;

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау жасау.

  2. оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр түрлі әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуын анықтау.

  3. педагогикалық эксперимент материалдарын дайындау.

  4. Оқушылардың зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу деңгейін, оның өлшемдері мен көрстекіштерін айқындау.

Міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін пайдаланылған зерттеудің әдістері:

  • философиялық, педагогикалық, психологиялық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау,жинақтау,

  • педагогикалық эксперимент,

  • сұрақ-жауап,

  • бақылау,

  • түсіндіру,

  • сауалнама жүргізу,

  • салыстыру,

  • көрнекілік.

Зерттеу кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде(2010-2011 жж.) зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, ғылыми– әдістемелік әдебиеттерге және ғылыми еңбектерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды.

  • Екінші кезеңде (2011-2012 жж.) жинақталған деректер негізінде білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері айқындалды, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың материалдары дайындалып, жүргізілді.

  • Үшінші кезеңде (2012 ж.) тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері бойынша қорытынды шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері нақтыланды;

  • «парадигма», «зерттеу», «зерттеушілік оқыту», «зерттеу мәдениеті», «зерттеу әрекеті» ұғымдарының мәні ашылды;

  • білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырукөрсеткіштері белгіленді;

  • білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырумүмкіндіктері анықталып, тиімділігі дәлелденді.

Мәселенің деректік көзі педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер, бағдарлама ,оқулық.

Әдіснамалық және теориялық негіздері жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық зерттеулер және оқу әрекеті теориясы.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы

  • Оқу әрекетін қалыптастыру барысында зерттей оқуға үйрету тәсілдерінің теориялық негізі айқындалды.

  • Оқу әрекетін қалыптастыру барысында зерттей оқуға үйрету тәсілдерін тапсырмалар арқылы дамытудың қалыптасу деңгейі мен нәтиже көрсеткіштері эксперимент барысында анықталды.

  • Оқушының өз ойын, пікірін айтуға толық жағдай жасалынды.

  • Тақырыптар таңдауда оқушыларға еркіндік берілді.

  • Жеке, топ, ұжымдық зерттеу ұйымдастырылды.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік–эксперименттік жұмыс

Диссертацияның құрылымы:Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, дерек көздерінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар, т.б. баяндалады.

“Білім берудің жаңа пардигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың теориялық - әдіснамалық негіздері» тарауында «парадигма», «зерттеу», «зерттеу мәдениеті» ұғымдарына анықтама берілді, білім берудің жаңа пардигмасы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың көрсеткіштері анықталынды.

«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстары»тарауында тәжірибелік – эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемелері және оның қорытындылары талданады.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негіздеме тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]