
- •Менеджменттегі жоспарлау
- •Лекция мазмұны
- •Менеджменттегі жоспарлау Дәріс мақсаты: Менеджменттегі жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлеріне тоқталу, жан-жақты талдау
- •Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі. (ұзақ мерзімдегі)
- •Тактикалық жоспар
- •3) Қысқарту стартегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда мақсаттар деңгейібылтырғы деңгейден неғұрлым төмен көзделеді. Қасқарту баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- •7 Стратегияны жүзеге асыру.
3) Қысқарту стартегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда мақсаттар деңгейібылтырғы деңгейден неғұрлым төмен көзделеді. Қасқарту баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- жойылу – банкрот болып, нәтижесінде ұйымның жойылуы.
- артықтан құтылу – көпсалалы кәсіпорындардағы тиімсіз болып отырған өндірістерді қысқарту.
- қысқарту немесе бағдарды өзгерту - өндіріс көлемін, өнім көлемін қысқарту, сол технологияларды пайдаланып басқа өнімдер шығара бастау. Қысқарту көбінесе бағдарладың өзгеруіне алып келеді.
4) аталған үшеуін үйлестіретін құрама стратегия - өте жиі қолданылатын стратегия жағдайында аталған үш стратегияны қатар қолдану. Стратегияларды үйлестіру баламасын көбінесе ірі, бірнеше салаларда қызмет ететін компаниялар таңдауы мүмкін. Үйлестіру стратегиясына сәйкес ұйым шектеулі өсу, өсу және қысқарту стратегияларын қолдануы мүмкін.
6 Стратегияны таңдау кезеңі
Стратегиялық баламаларды зерттегеннен кейін басшылық ұйымының ұзақ мерзімді табысын көздейтін стратегияларға назар аударуы қажет. Қорытынды талдау жасау үшін Бостон матрицасын қолдануға болады. Бұл матрица басқарушылық шешімдер нұсқаларын құрастыру және таңдау кезінде өте пайдалы.
Стратегияның таңдауға келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
тәуекел;
өткен мерзімдегі стратегияларды білу;
иелер көзқарасын ескеру;
уақыт.
7 Стратегияны жүзеге асыру.
Кезе келген стратегия жүзеге асырылуымен бағаланады. Стратегияны құру оны жүзеге асыру әдістерін іс-әрекеттерін анықтауы қажет. Стратегияны жүзеге асыру барысында негізгі 4 компонентке көңіл бөлінеді:
тактика;
саясат;
процедуралар;
ережелер.
Тактика – ұйымның жалпы мақсатына сәйкес келетін қысқа мерзімді жеке мақсаттарды анықтау сияқты ұзақ мерзімді жоспарлар мен үйлесетін орта және қысқа мерзімді жоспарларды да анықтау қажет. Қысқа мерзімді стратегиялар тактика деп қарастырылады. Тактикалық жоспарлардың сипаттамалары:
тактиканы стратегияны дамыту шеңберінде құрастырылады;
тактика орта буын басшылығы деңгейінде құрылады, ол стратегия жоғарғы буын басшылары деп құралады;
тактика стратегияға қарағанда қысқа мерзімге бағытталған;
тактикалық нәтижелер стратегиялық ңәтижелерге қарағанда жылдам оран алады және нақты іс-әрекеттермен үйлеседі.
Саясат – ұзақ мерзімді және тактикалық жоспарларды анықтағаннан кейін басшылық қойылған мақсатқа жету үшін қосымша бағдарламаларды анықтауы қажет. Осы мақсатпен саясат құрылады.
Саясат – мақсатқа жету үрдісін және де жеңілдететін, басқару шешімін қабылдау және іс-әрекеттерді анықтау үшінқұрылатын жалпы басшылық.
Процедуралар – нақты жағдайда қажет етілетін іс-әрекеттерді анықтайды. Басқаша айтқанда, процедура стандартты, қайталанатын жағдайда қажет етілетін іс-әрекеттердің алдын-ала бағдарланған тізбегі.
Ережелер жеке спецификалық жағдайдағы іс-әрекетті анықтайды.
8 Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқаруыды бақылау.
Кезе келген жоспарлаудың негізгі міндетінің бар ресурстарды неғұрлым тиімді бөліп беру. Сондықтан да стратегиялық жоспарлау үрдісінде соған сәйкес келетін бюджет құрылуы қажет. Бюджет – сан жағынан көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажет етілетін сандық мөлшерде көрсетілген ресурстарды бөліп беру әдісі. Бюджеттерді құру кезеңінде ең алдымен:
мақсаттарды сандық түрде белгілеу қажет;
ресурстарды немесе қорларды сан жағынан анықтау қажет.
Бұл көрсеткіштер әртүрлі өлшем бірлігі көмегімен көрсетілуі мүмкін. Бірақ, көбінесе олар ақшалай түрде сипатталады.
Бюджетті құру кезеңдері:
мақсатты анықтау (сан жағынан)
сметаларды құрастыру (б.б.уақыт мерзіміне байланысты)
бюджет бойынша ұсыныстарды талдау
3.1) ресурстарды бөліп беру;
4) қорытынды бюджетті құру, ресурстарды стратегиялар бойынша есептеу және қорларды қолдану.
Мақсат бойынша басқару (МВО) үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:
мақсаттарды құру;
іс-әрекеттерді жоспарлау;
жұмысты тексеру және бағалау;
түзету шаралары.
4-ші кезең нәтижесі 1-ші кезеңге әсер етеді, сөйтіп, циклдық басқару орындалады.
9 Стратегиялық жоспарды бағалау
Стратегияны бағалау жұмыс нәтижелерін қойылған мақсаттармен салыстыру негізінде жүргізіледі.
Стратегиялық жоспарлауды бағалау кезінде келесі сұрақтарға жауап береді:
- стратегия ұйымның ішкі мүмкінідгі мен үйлесімді болып табылама?
- стратегия тәуекелдің рухсат етілетін дәрежесін қарастыра ма?
- стратегияны жүзеге асыру үшін ұйымның жеткілікті ресурстары барма?
- стратегия сыртқы ортаныңвмүмкіндіктері мен қауіптерін ескере ме?
- стратегия фирма ресурстарын қолданудағы ең жақсы әдіс болып табыла ма?
Құрылымды бағалау.
Стратегияны қабылдағаннан кеін басшылық стратегиялық мақсаттарға жету үшін ұйым құрылымына баға беруі қажет. Қабылданған стратегия құрылымды анықтайды. Стратегия мен құрылым арасында динамикалық өзара іс-әрекет орын алуы қажет.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Менеджменттегі жоспарлау
2 Жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлері
3 Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
4 Стратегияны жүзеге асыру процесін басқару.