
- •Менеджменттегі жоспарлау
- •Лекция мазмұны
- •Менеджменттегі жоспарлау Дәріс мақсаты: Менеджменттегі жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлеріне тоқталу, жан-жақты талдау
- •Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі. (ұзақ мерзімдегі)
- •Тактикалық жоспар
- •3) Қысқарту стартегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда мақсаттар деңгейібылтырғы деңгейден неғұрлым төмен көзделеді. Қасқарту баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- •7 Стратегияны жүзеге асыру.
Менеджменттегі жоспарлау
Лекция мақсаты: жоспарлау функциясының мазмұны мен қажеттілігін зерделеу.
Негізгі сұрақтар:
Жоспарлаудың мәні мен қағидалары.
Стратегиялық жоспарлау.
Жоспарды жасау тәсілдері.
Жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері.
Ұзақ мерзімді жоспарлау.
Лекция мазмұны
Жоспарлау қағидалары:
- орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру (басқарушы және басқарылушы жүйелердің арақатынасы);
- жоспар құруда жееке тұлға мақсаттарына емес, ұжым мақсатына бағытталуы;
- жоспардың ғылыми негізделуі;
- жоспарлаудың икемділігі, бейімділігі;
- жоспарлау ұйым қызметіне қажет етілетін қызметкерлердің б.б. типін қабылдауға мүмкіндік береді.
Жоспарлау түрлері:
Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі. (ұзақ мерзімдегі)
Тактикалық жоспар.
Индикативтік жоспарлау - өз дамуында 3 негізгі формада жүзеге асқан: конъюктуралық жоспарлау, құрылымдық формасы, стратегиялық.
Стратегиялық жоспарлау – ол басшылықтың іс-әрекеттері мен қабылданған басқару шешімінің жиынтығы. Бұл іс-әрекеттермен шешімдер ұйым мақсатына қол жеткізетін арнаулы стратегияларды құрастыруға әкеліп соғады. Питер Ларони бойынша, стратегиялық жоспарлау шеңберінде 4 негізгі басқарушылық қызмет орын алады:
ресурстарды, қорларды бөлу;
сыртқа ортаға бейімделу;
ішкі координация ұйымның ішкі күшті және әлсіз жақтарын анықтау
ұйымдық стратегияларды танып білу.
Стратегия ерекше «генерал өнері» дегенді білдіреді. Стратегия – ұйым миссиясы мен мақсатардың орындалуын қамтамасыз ететін жан-жақты, кешенді жоспар:
Стратегиялық жоспарлау процесі.
1 Ұйымның миссиясы
2 Ұйым мақсаттары
3 Сыртқы ортаны талдау және бағалау
4 Ішкі әлді және әлсіз жақтарын басқарушылық зерттеу
5 Стратегиялық баламаларды зерттеу
6 Баламаларды таңдау немесе стратегияны
7 Стратегияны жүзеге асыру:
а) тактика
ә) саясат
б) процедура
в) ереже
8 Бақылау, жоспарлау жүзеге асыру
а) бюджет
ә) мақсат бойынша басқару
9 стратегияны бағалау
а) құрылымды бағалау
Сыртқы ортаның қауіпсіздігі мен мүмкіндігін және ішкі ортаның әлді және әлсіз жақтарын анықтағаннан кейін ұйым стратегиялық баламаны таңдауы қажет. Ұйым алдында көбінесе негізгі 4 стратегиялық балама тұруы мүмкін. Нақты жағдайға байланысты және ұйым мақсатына сәйкес солардың іщінен біреуі таңдануы мүмкін. Бұл 4 стратегияға жататындар:
1) шектеулі өсу стратегиясы – көптеген ұйымдар көптеген жағдайда осы стратегияны таңдайды. Бұл стратегия ұйым мақсаттарын қол жеткізген мақсаттар дәрежесінен және инфляция факторын ескерумен анықтаумен сипатталады. Мұндай стратегияны көбінесе тұрақты жағдайда жұмыс істейтін компаниялар таңдайды. Аталған 4 стратегияның ішінде бұл стратегия ең оңайы, ең ыңғайлы және тәуекел дәрежесі төмен болып есептеледі.
2) өсу стратегиясы – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар деңгейінің былтырғы деңгейге қарағанда неғұрлым жоғары болуымен сипатталады. өсу стратегиясы 2-орындағы. Жиі таңдалғанг стратегия түрі. Ол көбінесе өзгермелі салаларда қолданылады.
3) қысқарту стартегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда мақсаттар деңгейібылтырғы деңгейден неғұрлым төмен көзделеді. Қасқарту баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- жойылу – банкрот болып, нәтижесінде ұйымның жойылуы.
- артықтан құтылу – көпсалалы кәсіпорындардағы тиімсіз болып отырған өндірістерді қысқарту.
- қысқарту немесе бағдарды өзгерту - өндіріс көлемін, өнім көлемін қысқарту, сол технологияларды пайдаланып басқа өнімдер шығара бастау. Қысқарту көбінесе бағдарладың өзгеруіне алып келеді.
4) аталған үшеуін үйлестіретін құрама стратегия - өте жиі қолданылатын стратегия жағдайында аталған үш стратегияны қатар қолдану. Стратегияларды үйлестіру баламасын көбінесе ірі, бірнеше салаларда қызмет ететін компаниялар таңдауы мүмкін. Үйлестіру стратегиясына сәйкес ұйым шектеулі өсу, өсу және қысқарту стратегияларын қолдануы мүмкін.
Стратегияны қабылдағаннан кеін басшылық стратегиялық мақсаттарға жету үшін ұйым құрылымына баға беруі қажет. Қабылданған стратегия құрылымды анықтайды. Стратегия мен құрылым арасында динамикалық өзара іс-әрекет орын алуы қажет.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тактикалық жоспарлау, оны жасау тәртібі.
Жоспарлау қағидалары: кестелер, байланыс, деңгейлер.
Фирманы басқарудағы бизнес-жоспар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Басқару негіздері. Оқу құралы, Экономика, 1997*
Менджмент негіздері. Ахметов А., 2005*
Менеджмент (лекциялар курсы). Бердалиев К.Б., Алматы: Экономика, 2006*
Менеджмент теориясы мен тәжірибесі. ЮАТ баспасы, 2002*
Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента/Пер. с англ.-М.:Дело,1992*
Менеджмент. Оқу құралы, 2008