
- •Тақырыбы: Телевизиондық байланыс
- •Сандық теледидар жүйелері , даму тарихы
- •2 Сандық теледидар жүйесінің қабылдағыш құрылғысы, жеке блоктарының сипаттамасы
- •3 Стандарттар. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары
- •4 Сандық теледидар жүйесінің стандарттары
- •6 Id tv интерактивтік теледидардың сервистері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
3 Стандарттар. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары
Теледидар ақпаратын тарату жүйесінің стандарты – бейнедабылды эфирлік таратуға арналған кодтау жүйесі болып табылады. Ақ-қара түсті теледидар кезеңінің өзінде-ақ бірнеше түрлі стандарттар құрыла бастады. Олар бір-бірінен тармақ санына, кадр жиілігіне және тағы да басқа параметрлеріне байланысты ерекшеленді. Ал түрлі-түсті теледидардың пайда болуы бұл стандарттар санын одан әрі дамыта түсті. Соған байланысты көптеген стандарттармен жұмыс істейтін теледидар қабылдағыштары пайда бола бастады. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары келесі суретте көрсетілген.
Сурет 3 – Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары
4 Сандық теледидар жүйесінің стандарттары
Сандық теледидардың халықаралық стандарттарын құрамына әлемнің жүздеген мемлекеттерінің стандарттау коммитеттері кіретін Халықаралық Стандарттау Ұйымы (ISO – International Organization for Standartization) қабылдайды. Бұл ұйым құрылымы стандарттау салалары бойынша көптеген бөлімдерге бөлінеді. Сандық теледидар жүйесінің осындай топтарының бірі – MPEG (Motion Picture Expert Group).
Стандарттау саласында маңызды роль атқаратын тағы бір ұйымдардың бірі Халықаралық Электр байланыс Одағы (ITU – International Communication Union). Олар, кейіннен халықаралық ұйымдармен мақұлданатын және қабылданатын кеңестер шығарумен айналысады.
Сурет 4 – Сандық теледидар жүйесінің стандарттары
Суретте сандық теледидар стандарттарының дүниежүзі бойынша таралуы көрсетілген. Көріп тұрғанымыздай, Қазақстан территориясында DVB/T стандарты таралған деп көрсетілген. Осыған тоқталып кетейік.
Батыс әлемі қазіргі кезде DVB/T стандартын ұстанады. Көптеген ақпарат көздерінің айтуы бойынша Ресей бұл стандартқа 2015 жылы ғана көшеді екен. Бірақ, Қазақстан жаңа стандартты тестілеуде ТМД арасындағы ең бірінші мемлекет болды. Себебі, Қарағанды облысы, Теміртау қаласында DVB/T 2 стандарты қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр. Сонымен қатар, мұндай прогресстердің бірі ретінде «Қазақтелеком» компаниясы ұсынған ID TV қызыметін айтуға болады. Ол туралы келесі бөлімде толығырақ айтып кетейік.
5 ID TV
Қазіргі кезде «Қазақтелеком» компаниясының қызыметтері арасында сандық теледидар жүйесі кездеседі. Ол – ID TV. Енді сүйікті телехикаяңызға немесе жаңалықтарға үлгеру үшін үйге асығудың керегі жоқ. ID TV-дің келуімен бәрі өзгереді. Бұған дейін теледидар жүйесі аналогты болды. Телебағаннан не берілсе, бәріміз соны көретінбіз. Енді жоғары жылдамдықты Интернет қолжетімді кезде теледидарды көріп қана қоймай, оған ықпал ете аламыз. Бұл IPTV (Internet Protocol Television – ІР хаттамасы бойынша мәліметтерді тарату желісіндегі сандық интерактивтік теледидар) технологияның арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жөнінде алғаш рет 1995-ші жылы айта бастады. Бүгінгі таңда IPTV қызметін әлемнің барлық елінде миллиондаған адам пайдаланады. Бұл технологияны керегін және кез-келген қолайлы уақытта көруге мүмкіндік беретін қажетті қызметтердің бірі ретінде бағалады. ID TV интерактивтік теледидары – бұл жазылушы үшін жақсы көретін телеарналарын қарап шығу кезінде жайлылығын және қолайлығын көтеруге бірегей мүмкіншілік! ID TV интерактивтік теледидарының артықшылықтары әдеттегі теледидарлық мәлімдеу технологияларына жетпейтін интерактивтіліктен тұрады, ол қызмет пен абоненттің екі жағына да ақпаратты тапсыру мүмкіндігін береді, көбінесе, абонентке контентті басқару мүмкіншілігін ұсыну (хабарлар бағдарламасын таңдау, талап бойынша бейне, үзіліс, қайта орау). «Нені көргім келеді, соны көру» – әдеттегі ақылы ТД ұсынатын мүмкіншілік, «қашан көргім келеді, сонда көру» мүмкіншілігі талап етілетін қазіргі заман пайдаланушыларына ұнамайды. ID TV интерактивтік теледидары мүлде стереодыбысты жоғары цифрлық сападағы барлық таратылатын арналарды қарап шығу мүмкіндігін береді. iD TV дамуы стандартты шешімнен (Standard Definition) жоғары шешімі (High Definition) бар мәлімдеу телеарналарына біртіндеп өтуді және интерактивтік сервистер енгізуді жорамалдайды.