Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕРУ 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

Дәріс №14

Тақырыбы: Телевизиондық байланыс

Жоспары:

1

Сандық теледидар жүйелері, даму тарихы

2

Сандық теледидар жүйесінің артықшылықтары

3

Сандық теледидар жүйесінің қабылдағыш құрылғысы, жеке блоктарының сипаттамалары

4

Стандарттар. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары

5

Сандық теледидар жүйесінің стандарттары

6

ID TV

7

ID TV интерактивтік теледидардың сервистері

  1. Сандық теледидар жүйелері , даму тарихы

Сандық теледидар жүйесі (ағылшынша Digital Television, DTV) – транслятордан теледидарға бейне және дыбыс дабылын сандық модуляцияны қолдану және сығу арқылы жеткізу. Қазіргі кездегі сандық теледидар жүйесінің негізі ретінде MPEG сығу стандартын санауға болады. Сандық теледидар жүйесінің артықшылықтары бар. Олар: тарату тракттарының бөгетке қарсы тұру қасиетінің артуы, таратушылардың қуатының азаюы, ТВ бағдарламалар санының көбеюі, бейне мен дыбыс сапасының артуы, аппаратуралық студияның функционалды мүмкіндіктерінің артуы, ТВ дабылдарда басқа да қосымша ақпараттардың болуы, «бағдарлама басына» функциясы, ТВ-бағдарламалар архиві және бағдарламаны жазып алу, субтитрлер мен тілді таңдау. Осы артықшылықтармен қатар сандық теледидар жүйесінің екі басты кемшілігі бар. Олар: дабыл таралу территориясының шектеулілігі және бейненің тоқтап қалуы мен «шаршыларға» шашылуы.

Бірінші кезең. Сандық теледидар жүйесінің даму тарихының бірінші кезеңі толық аналогтық тарату каналы сақталып, теледидар жүйесінің жеке бөліктеріндегі сандық құрылғыларды қолданумен сипатталады. Бұл кезеңде барлық студиялық құрылғылар сандық дабылға ауыстырылады. Оларды телеорталық ішінде сақтау мен өңдеуді сандық құрылғылар атқарады. Телеорталық шығысында телевизиоды дабыл аналогтық қалыпқа келіп, қарапайым байланыс каналдарымен беріледі. Сонымен қатар, бұл кезеңде ТВ қабылдағыштар құрамында бейне мен дыбыс сапасын жақсарту мақсатында сандық блоктар пайда болды. Осындай блоктардың мысалы ретінде сандық фильтрлерді алуға болады.

Екінші кезең. Сандық теледидар жүйесінің даму тарихының екінші кезеңі – сол кездегі қарапайым теледидар стандарттарымен қабылданған параметрлерден ерекше гибридті аналогты-сандық теледидар жүйесінің пайда болуы. Теледидар стандарты өзгеруінің екі негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады: жарықтық және көптүсті дабылдардың бірге берілуінен кезекпен берілуіне ауысу және кадрдағы жолдар санын және жолдағы бейне элементтерін көбейту. Екінші бағытты жүзеге асыру дабылды байланыс каналы арқылы керекті жиілік жолағымен тарату үшін қолданылатын ТВ спектрді сығу қажеттігімен тығыз байланысты. Гибридті теледидар жүйелердің мысалына келесілерді жатқызуға болады:

  • MUSE жоғарғы дәлдікті жапондық теледидар жүйесі;

  • MAC батыс-еуропалық теледидар жүйесі.

Бұл жүйелердің таратушы және қабылдаушы бөліктерінде дабылдар аналогты түрде беріледі. MUSE және HD-MAC жүйелері 16:9 форматына ие, сәйкесінше, кадрдағы жолдар саны 1125 және 1250, кадрлар жиілігі 30 және 25 Гц.

Үшінші кезең. Сандық теледидар жүйесінің даму тарихының үшінші кезеңі – толық сандық теледидар жүйесінің пайда болуы. Япония мен Еуропадағы жоғары дәлдікті аналогты-сандық жүйелердің (MUSE және HD-MAC) пайда болуынан кейін, 1987 жылы АҚШ-та мемлекеттік ортақ стандарт ретінде қабылдау үшін жоғарғы рұқсатты теледидар жүйесін жасаудан конкурс жарияланды. Бас кезінде бұл конкурсқа аналогтық теледидар жүйелері ұсынылды. Дабылды тек спутник арқылы жеткізетін гибридті теледидар жүйелері, кейін, қарастырудан алынып тасталды. Бұл АҚШ-тағы теледидар жүйесінің дабылының көп бөлігі жер бетімен, яғни кабельдер арқылы таралуына байланысты болды.

1993 жылдың мамырында 4 компаниядан құралған топ АҚШ-тағы сандық теледидар жүйесінің негізі болған MPEG-2 стандартын жасауда күш біріктірді. Сол жылы «болашақ сандық теледидарды қолдануда» екенін түсінген еуропалық ғалымдар MPEG-2 негізіндегі DVB (ағылшынша Digital Video Broadcasting – Сандық Бейне Тарату) стандартын ойлап тапты.

Қазіргі кезде көп елдерде сандық теледидар жүйесі дамып келеді; қарапайым каналдар арқылы берілетін бағдарламалар саны өсті, яғни, коммерциялық табысқа әкелетін жағдай туындады.

Сандық теледидар. Теледидар жүйелерің жаңа толқынының негізгі артықшылықтары ретінде келесі ерекшеліктерді келтіруге болады:

  • сапалы кодтау нәтижесінде қол жеткізілетін теледидар дабылының жиілік жолағының тарылуы. Бұл жолақ ені 6...8 МГц болатын стандартты теледидар каналы бойынша 4 және одан көп қарапайым дәлдікті теледидар (ҚДТ) бағдарламаларын немесе 1-2 жоғарғы дәлдікті теледидар (ЖДТ) бағдарламаларын таратуға мүмкіндік береді;

  • кез келген дәлдікті бейне ақпаратты бірдей кодтау тәсілі: видеотелефон және кез келген азайтылған дәлдікті құрылғылар, ҚДТ, ЖДТ;

  • байланыстың сандық желілерімен таралған кезде ақпараттың басқа түрлерімен сыйымдылығы;

  • теледидар бағдарламаларына рұқсатсыз қосылудан сақтау мен канал қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінің жақсаруы.

Сандық теледидар жүйесінің құрылымдық сызбасы келесі суретте келтірілген.

Сурет 1 – Сандық теледидар жүйесінің құрылымдық сызбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]