Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zholdybaeva_Zuslina_Nurova_2013_RGR1-3_BPS_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
927.23 Кб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік

қоғам

АЛМАТЫ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ

БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Электртехниканың

теориялық негіздері

кафедрасы

Сызықты электр тізбегінің негіздері

5В071600 - Аспап жасау мамандықтарына арналған

№ 1 - 3 есептеу-сызбалы жұмыстарға арналған

әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

Алматы 2013

Құрастырушылар: Жолдыбаева З.И., Зуслина Е.Х., Нурова А.И.

СЭТН. № 1 - 3 есептеу-сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар. – Алматы: АЭжБУ, 2013.- 23 бет.

Есептік-сызбалы жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауда және тапсырмалар, сұлбалар және электр тізбектерінің мәндері келтірілген. ЕСЖ-ға арналған әдістемелік нұсқаулар және тапсырмалар СЭТН жұмыс бағдарламасына сәйкес келеді.

Без. - 37, кесте - 9, әдебиет көрсеткіші - 9 атау

Пікір беруші: физ.-мат. ғыл. д-р, проф. Ибраев А.Т.

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2013 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2013 ж

Кіріспе

Бакалаврларды дайындауда радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында «Сызықты электр тізбегінің теориясы» пәні ең негізгі базалы курс болып саналады.

Пәннің мақсаты тұрақты электр тізбегіндегі қалыптасқан жүйеде, бірфазалы синусоидалы ток және синусоидалы емес әсер етушіде, сол сияқты электр тізбегіндегі резонанс режимдерін оқыту. Бұл курс физика және жоғарғы математикаға негізделген, электр тізбегінің тұрақты, синусоидалы және синусоидалы емес токтарын есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланады. Радиотехника, радиобайланыс және телекомуникациялы жүйе мамандықтарының ғылыми базаларын көбейте түседі. Пәннің мақсаты - білім беру арқылы сапалы және саналы жүйелерді, әртүрлі электр техникалық құрылғыларды пайдаланатын, сапалы және жақсы есеп шығаратын, радиотехникаға қойылатын талаптарды орындайтын студенттерді дайындау.

Пән бойынша «Сызықты электр тізбектерінің теориясында» үш есепті-сызбалы жұмыс орындалады. Тақырыптары: тұрақты тоқты тәуелді қорек көздері бар тізбектерді есептеу, сызықты электр тізбегін синусоидалы токта есептеу, сызықты электр тізбегінде синусоидалы емес токты есептеу.

Есепті-сызбалы жұмыстар студенттің курсты қабылдаған деңгейін тексеруге және де өз ойларын қысқа және нақты жеткізуіне мүмкіндік береді.

Қорытындысында студент пәнді оқып білгеннен кейін мынаны білу керек:

  • сызықты электр тізбегінде қолданылатын әдістерді есептеу;

  • тізбектегі периодтық синусоидалы емес әсер етуін есептеу.

1 Пәндік жұмысын орындау және безендіру шарттары

1.1 Пәндік жұмыс, АЭжБИ, 2002ж. «Оқу жұмыстары» фирмалық стандартымен сәйкес орындалып және келесі элементтерден тұруы тиіс:

а) титулдық бет (үлгі келтірілген);

б) мазмұны;

в) кіріспе;

г) тапсырма;

д) негізгі бөлім;

е) қорытынды;

ж) әдебиеттер тізімі;

к) қосымшалар.

1.2 Тапсырманың мәтінін өзінің нұсқасы бойынша барлық суретімен және сандық мәндерімен толық көшірілуі тиіс.

1.3 Есепті-сызбалы жұмыстың әрбір кезеңіне атау беру қажет.

1.4 Есепті-сызбалы жұмысын қолмен жазуға немесе компьютермен басып шығаруға болады (Microsoft Word бағдарламасында 14 шрифтпен, интервалы 1,0 - 1,5). Мәтіні А4 форматты ақ қағазды беттің бір жағына жазылады. Беттің төрт жағынан келесі жолдар қалдырылады: сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғарғы және төменгі жағы - 20 мм.

1.5 Есепті-сызбалы жұмыстың беттері, қосымшаны қоса титулдық беттен бастап нөмірленеді. Беттің нөмірі астында, бұрышта нүктесіз жазылады. Беттің нөмірі төменгі жақта беттің ортасында нүктесіз жазылады.

1.6 Есептеулер толық және түсіндірулерімен жазылу керек. Есептік формулалар мен соңғы нәтижесін жаза салуға болмайды. Егер есепті-сызбалы жұмысында есептеулер қысқартылып жазылса, онда қорғауға рұқсат берілмейді және толықтыруға қайтарылады.

1.7 Суреттер, сызбалар және сұлбалар ұқыпты орындалып және нөмірленуі керек.

1.8 Сызбаларда бейнеленген амалдардың атаулары және олардың өлшем бірліктері берілуі тиіс. Сұлбаны немесе диаграмманы дұрыс пайдалану үшін масштабты дұрыс алуы қажет.

1.9 Егер шамалардың белгілі өлшем бірліктері болса, онда соңғы нәтижелерін тиісті өлшем бірлігімен жазады. Электр шамалардың белгіленуі МЕМСТ-қа сәйкес келуі керек

1.10 Кіріспеде өтпелі кезеңдерді және оның есептеу әдістерін оқып үйрену қажеттілігіне дәйектеме беру.

1.11 Қорытындыда есепті-сызбалы жұмысында қолданылған әдістерге, әртүрлі әдіспен алынған қорытындыларға анализ жүргізулері қажет.

1.12 Оқу барысының кестесі бойынша есепті-сызбалы жұмыс тексеруге уақытында өткізілуі тиіс. Егер студент жұмысты уақытында тапсырмаса, оған қосымша тапсырма немесе басқа нұсқа беріледі (оқытушының қалауына байланысты), сонымен қатар жұмыстың қорытынды бағасы кемітіледі.

Қазақстан Республикасы

Алматы энергетика және байланыс университеті

Электр тізбектерінің негіздері кафедрасы

Есепті-сызбалы жұмыс №

СЭТН пәні

_________________________________________________________________

(жұмыстың толық атауы)

Жұмысты орындаған студент

__________________________________

(тегі, аты - жөні)

__________________________

(сынақ кітапшасының нөмірі)

Тобы ___________________________

(топ шифры)

Тексерген _________________________

(тегі, аты - жөні)

Алматы 201…