
- •«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ
- •2012-2013 Оқу жылында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектеп бітірушілерін химия пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы
- •Бақылаудың құрылымы
- •2. Жұмыстың орындалу уақыты
- •3. Жеке тапсырмалар және барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
- •4. Химия пәні бойынша емтиханды бағалау жүйесі
- •5. Қосымша қажетті құралдар мен материалдар.
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Заттың молекулалық формуласы және бейорганикалық қосылыстың кластары арасындағы сәйкестілікті анықтаңдар:
- •Алмасу реакцияларына түсетін әрекеттесуші заттар мен қысқартылған иондық теңдеулер арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:
- •Тұздың формуласы мен оның гидролиз типінің арасындағы сәйкестікті анықтау.
- •Берілген реакцияға қатысатын тотықтырғыш – зат пен реакция теңдеуі арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:
- •Қосылыс пен химиялық байланыс типі арасындағы сәйкестілікті анықтаңдар:
- •Элементтердің массалық үлестері мен заттардың формулалары арасындағы сәйкестікті анықтаңдар
- •Электролиттік диссоциациялану нәтижесінде түзілетін 1 моль иондардың сандарының өсу реті бойынша орналастырыңдар:
- •Химиялық реакцияларды реакция жылдамдығының кемуіне байланысты орналастырыңдар:
- •Практикалық жұмыстың тапсырмасы:
- •Төрт нөмірленген сынауықтарда сулы ерітінділері бар: аммиак гидраты, барий хлориді, мырыш сульфаты, азот қышқылы.
- •Практикалық жұмыстың спецификациясы
- •Практикалық жұмыстың жауаптары
Практикалық жұмыстың тапсырмасы:
Төрт нөмірленген сынауықтарда сулы ерітінділері бар: аммиак гидраты, барий хлориді, мырыш сульфаты, азот қышқылы.
Эксперименттің тиімді жоспарын құрастырыңдар;
берілген заттарды ғана пайдаланып әр сынауықтың сапалық құрамын анықтаңдар;
бақыланған құбылыстарды сипаттап өз қорытындыларыңды жазыңдар;
әр реакцияның сәйкес толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Практикалық жұмыстың спецификациясы
№
|
Тексерілетін элементтері |
Балл |
Ең жоғары балл саны |
38 |
Практикалық жұмыстың мақсатын қоя білген |
1 |
12 балл |
Теориялық матрицаны толық, дұрыс құра білген |
1 |
||
Практикалық матрицаны дұрыс құра білген |
1 |
||
№1-2 пробиркадағы ерітіндіні анықтаған |
1 |
||
№3-4 пробиркадағы ерітіндіні анықтаған |
1 |
||
Химиялық реакция теңдеулерін толық, дұрыс жаза білуі (молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін құра білуі). |
6х1=6 |
||
Қорытынды дұрыс жаза алған. |
1 |
Практикалық жұмыстың жауаптары
Мақсаты: Нөмірленген сынауықтардағы заттардың ерітіндісін басқа заттардың ерітінділерін пайдаланбай, заттардың қасиеттеріне сүйене отырып анықтау.
Қажетті құралдар мен жабдықтар: 0,5 M аммиак гидраты, барий хлориді, мырыш сульфаты, азот қышқылы ерітіндісі құйылған сынауықтар, бос сынауықтар және тұрғы (штатив).
Теориялық матрица
|
NH4OH |
BaCl2 |
ZnSO4 |
HNO3 |
NH4OH |
- |
- |
Zn(OH)2↓ (ақ тұнба) |
- |
BaCl2 |
- |
- |
BaSO4↓ (ақ тұнба) |
- |
ZnSO4 |
Zn(OH)2↓ (ақ тұнба) |
BaSO4↓ (ақ тұнба) |
- |
- |
HNO3 |
- |
- |
- |
- |
2NH4OH+ ZnSO4= (NH4)2SO4+ Zn(OH)2↓
2NH4++2OH-+ Zn2++ SO42-= 2NH4++ SO42-+ Zn(OH)2↓
2OH-+ Zn2+= Zn(OH)2↓
BaCl2+ ZnSO4= BaSO4↓+ ZnCl2
Ba2++ 2Cl-+ Zn2++ SO42-= BaSO4↓+ Zn2++ 2Cl-
Ba2++ SO42-= BaSO4↓
Практикалық матрица (оқушылар тапсырмаларды орындау барысында толтырады)
|
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№ 1 |
- |
- |
↓ (ақ тұнба) |
- |
№ 2 |
|
- |
↓ (ақ тұнба) |
- |
№ 3 |
↓ (ақ тұнба) |
↓ (ақ тұнба) |
- |
- |
№ 4 |
- |
|
- |
- |
Егер практикалық жұмысты орындау барысында практикалық матрица нәтижесі жоғарыдағыдай болса, одан кейін қорытынды жасап, қай сынауықта не бар екендігін анықтап, реакция теңдеулерін жазу керек.
№1+ №3 және №2+ №3 ақ тұнба түзілді, яғни №3 сынауықта мырыш сульфаты бар
№4 өзгерген жоқ, яғни №4 сынауықта азот қышқылының ерітіндісі бар
Екі ақ тұнба ерітіндісіне азот қышқылын қосамыз, №1+ №3 тұнба ериді, яғни онда мырыш гидроксиді бар, яғни №1 аммоний гидроксиді,ал №2 барий хлориді бар.
Нөмірленген сынауықтарда анықталған заттар:
№ 1 NH4OH
№2 BaCl2
№3 ZnSO4
№4 HNO3