Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9KZ_химия_ФМН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
57.29 Кб
Скачать

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ

Үлгі

2012-2013 Оқу жылында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектеп бітірушілерін химия пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы

  1. Бақылаудың құрылымы

Жұмыс бөлімдері

Тапсырмалар саны

Тапсырма түрі және күрделелік деңгейі

Тапсырманың балы

Тапсырманың пайыздық үлесі

1-бөлім

20

Жауапты таңдау (базалық деңгей)

1 х 20 =20

32%

2-бөлім

15

Қысқа жауабымен (ортадан жоғары деңгей)

2 х 15 =30

48%

Практикалық тапсырма

1

Мини-зерттеу

12

20%

Барлығы:

36

62

100%

2. Жұмыстың орындалу уақыты

Жалпы емтихан жұмысының орындалу уақыты 3,5 сағатты құрайды.

1 күн – 2 сағат – 1, 2-бөлімнің тапсырмаларын орындауға кетеді.

2 күн– 1,5 сағат – практикалық (сарамандық) тапсырмаларды орындауға кетеді.

3. Жеке тапсырмалар және барлық жұмыстың орындалуын бағалау:

Балл сандарын бағаға ауыстыру

0-50 %

51-74 %

75 - 89%

90- 100%

0-31

32-46

47-55

56-62

2

3

4

5

4. Химия пәні бойынша емтиханды бағалау жүйесі

1 – бөлім

1-бөлімдегі әр тапсырманың 1 ғана дұрыс жауабы бар, сондықтан дұрыс жауабына 1 балдан қойылады. Егер екі немесе одан да көп жауаптар көрсетілсе (оның ішінде дұрысы да), сондай-ақ қате жауапқа немесе жауабы жазылмаса - 0 балл қойылады.

2-бөлім

Қысқаша еркін жауабымен жазылған тапсырма: егер сандардың тізбегі дұрыс көрсетілсе немесе есептің жауабы өлшем бірлігімен (сан) (литр, грамм,пайыз %) дұрыс көрсетіліп жазылса дұрыс деп есептеледі.

- 2-бөлімнің тапсырмаларды сәйкестендіруге берілген жауап толық дұрыс жазылса - 2 балл, ал жауапта бір қате жіберілсе - 1 балл, қате жауапқа немесе жауабы жазылмаса -0 балл қойылады.

- 2-бөлімнің тапсырмалары қарапайым сандық есептер шығаруда толық дұрыс орындылған жауапқа - 2 балл қойылады, егер есеп дұрыс шығарылып жауабының өлшем бірлігі жазылмаса -1 балл, қате жауапқа немесе жауабы жазылмаса -0 балл қойылады.

5. Қосымша қажетті құралдар мен материалдар.

Емтиханның әр нұсқасына келесі материалдарды қолдануға мүмкіндік беріледі:

− химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі;

− қышқылдар, негіздер және тұздардың суда ерігіштік кестесі;

− металдардың электрохимиялық кернеу қатары.

Емтихан жұмысын орындау барысында бағдарланбаған (қарапайым) калькуляторды қолдануға рұқсат етілген.

Қажетті қосымша материалдар тізімі «НЗМ» ДББҰ бекітілген.

1-нұсқасы

1-бөлім.

  1. Берілген заттардың ішінен таза затты таңдап алыңдар:

    1. Су

    2. Сүт

    3. Тұман

    4. Ауа

    5. Қола

  1. Химиялық реакцияны сипаттайтын белгіні көрсетіңдер:

  1. Жану

  2. Булану

  3. Балқу

  4. Қату

  5. Сублимация

  1. Реакция типін көрсетіңдер 2H2O→ 2H2+O2

  1. Айырылу

  2. Орынбасу

  3. Алмасу

  4. Қосылу

  5. Бейтараптану

  1. Реакция теңдеуін теңестіріп коэффициенттерін есептеңдер:

KClO3 → KCl + KClO4

    1. 8

    2. 7

    3. 6

    4. 5

    5. 4

  1. КОН қосылысы бейорганикалық қосылыстардың қай класына жататынын көрсетіңдер:

    1. Негіз

    2. Оксид

    3. Қышқыл

    4. Тұз

    5. Қышқылдық тұз

  1. Калий карбонатының ерітіндісі әрекеттеседі:

    1. Кальций нитратымен

    2. Магний оксидімен

    3. Көміртек (ІІ) оксидімен

    4. Натрий хлоридімен

    5. Натрий нитратымен

  1. Қандай заттардың әрекеттесуінің нәтижесінде өнімінде тұз түзілмейді:

    1. Оксид + су

    2. Оксид + оксид

    3. Қышқыл + негіз

    4. Тұз + қышқыл

    5. Тұз + оксид

  1. Электролитке жатпайды:

    1. Қант ерітіндісі

    2. Натрий хлоридінің ерітіндісі

    3. Натрий гидроксидінің ерітіндісі

    4. Күкірт қышқылының ерітіндісі

    5. Лимон шырыны

  1. Толық иондық теңдеу Na++ Сl-+ Ag+ + NO3-AgCl+ Na++NO3- келесі жұптардың әрекеттесу реакцияларына сәйкес келеді:

    1. Натрий хлориді және күміс нитраты

    2. Натрий оксиді және күміс хлориді

    3. Натрий нитраты және күміс оксиді

    4. Натрий нитраты және күміс хлориді

    5. Натрий оксиді және күміс оксиді

  1. Ерітіндідегі сульфат- анионды төмендегі катионның көмегімен анықтауға болады:

    1. Барий катионымен

    2. Магний катионымен

    3. Натрий катионымен

    4. Калий катионымен

    5. Литий катионымен

  1. Бірдей реакцияның ортасына ие: натрий карбонаты және

    1. Калий силикаты

    2. Барий нитраты

    3. Натрий сульфаты

    4. Алюминий хлориді

    5. Күміс хлориді

  1. 100г барий сульфатын алу үшін барий оксиді мен күкірт қышқылының керекті зат мөлшері:

    1. 0,43 моль барий оксиді және 0,43 моль күкірт қышқылы

    2. 0,5 моль барий оксиді және 0,43 моль күкірт қышқылы

    3. 0,43 моль барий оксиді және 0,5 моль күкірт қышқылы

    4. 0,5 моль барий оксиді және 0,5 моль күкірт қышқылы

    5. 0,1 моль барий оксиді және 0,1 моль күкірт қышқылы

  1. Тек қана гетерогенді реакцияның жылдамдығына әсер етуші фактор:

    1. Фазалардың бөліну шекараларына реагенттердің жылдамдығын жақындату

    2. Әрекеттесуші заттардың табиғаты

    3. Реагенттер концентрациясы

    4. Температура

    5. Катализатордың болуы

  1. Жүйедегі химиялық тепе – теңдік С4Н8 (г)+ Н2 (г) → С4Н10 (г) + Q әрекеттесуші заттар жағына ығысады

    1. Температураны көтергенде

    2. Сутектің концентрациясын жоғарылатқанда

    3. Қысымды жоғарылатқанда

    4. Катализатор қолданғанда

    5. Температураны төмендеткенде

  1. Сутек келесі әрекеттесу кезінде тотықтырғыш қасиет көрсетеді:

    1. Кальциймен

    2. Оттекпен

    3. Азотпен

    4. Хлормен

    5. Фтормен

  1. Натрий – магний – алюминий қатарында элементтердің қасиеттері өсу ретімен орналасқан:

    1. Электртерістілігі

    2. Атом радиусы

    3. Металдық қсиеттері

    4. Энергетикалық деңгейлерінің саны

    5. Тотықсыздандырғыш қасиеттері

  1. Күкірт атомында сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны және ядро заряды сәйкес тең болады:

    1. 6 және + 16

    2. 4 және + 16

    3. 6 және + 32

    4. 4 және и + 32

    5. 16 және +32

  1. Периодтық жүйедегі негізгі топшаларда химиялық элементтердің тотықсыздандырғыштық қасиеттері жоғарылайды:

  1. Атомдардағы энергетикалық деңгейлер сандары артқанда

  2. Атомдар радиустары азайғанда

  3. Атом ядроларындағы протон сандары азайғанда

  4. Валентті электрондар сандары көбейгенде

  5. Атомдардың ядро зарядтары кемігенде

  1. Сұйылтылған күкірт қышқылымен әрекеттескенде сутекті ығыстыра алмайтын металл:

    1. Мыс

    2. Темір

    3. Хром

    4. Мырыш

    5. Алюминий

  1. Айналу тізбегінде Al(OH)3 X Al(OH)3 «А» және «В» заттары сәйкес болуы мүмкін

    1. K2SO4 және KOH

    2. NaCl және HCl

    3. Na2SO4 және H2SO4

    4. HNO3 және NaСl

    5. K2SO4 және Na2SO4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]