
- •Оптикалық жүйе және кендік микроскоптың құрылысы, кендік минералдарды оптикалық және физикалық қасиеттері арқылы анықтау
- •Алматы 2013
- •№ 1 Зертханалық жұмыс
- •1 Сурет - Опак-иллюминатордың негізгі түйіндері
- •№ 2 Зертханалық жұмыс
- •Методы изучения и практического решения задач темы: освоение техники определения отражательной способности рудных минералов, путем сопоставления их с главнейшими минералами-эталонами.
- •№ 4 Зерханалық жұмыс
- •№ 5 Зертханалық жұмыс
- •№ 6 Зертханалық жұмыс
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институты
Пайдалы қазба кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау кафедрасы
К.Ш. Дүйсембаева
Оптикалық жүйе және кендік микроскоптың құрылысы, кендік минералдарды оптикалық және физикалық қасиеттері арқылы анықтау
«Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық әдістері» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау («5В070600 – Пайдалы қазбалар геологиясы және оларды барлау» мамандығының студенттері үшін)
Алматы 2013
ЖОҚ 548:549(075)
ҚҰРАСТЫРУШЫ: К.Ш. Дүйсембаева. «Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық әдістері» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: К.И. Сатбаев атындағы ҚазҰТУ, 2013. 1-33 б.
Сурет – 1. Кесте – 10. Әдебиеттер тізімі – 12 атау.
Әдістемелік нұсқау ҚР ЖМББС талаптарына, 5В070600 – Пайдалы қазбалар геологиясы және оларды барлау» мамандығының біліктілік сипаттамасына сәйкес құрастырылған. Кендерді студенттер микроскоппен зерттегенде өзіндік практикалық тәжірибе алу мақсатына және шағылған жарықта кендік минералдарды анықтауға арналған. Микроскоппен жұмыс істегенде студенттерге белгілі бір сабырлық пен икемділік қажет болады, сонымен қатар өзіндік жұмыс істеу, сонда осындай жұмыс істегенде тәжірибе жинақталады. Материалды меңгеру үшін ең басты шағылу қабілеті арқылы эталон-минералдарды, сонымен қатар кендік минералдардың басты оптикалық және физикалық қасиеттерін жақсы білу қажет. Әдістемелік нұсқауда келтірілген анықтау кестелермен жұмыс істеу, студенттерге анықтау жұмыстарын жүргізгенде, басқа әдебиеттерде көрсетілген толық көлемдегі кестелерді пайдалануына мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау Геологиялық барлау институтының студенттеріне арналған, тағы кендерді байыту және металлургия мамандықтарына пайдалы болады.
Пікір жазған: Исаева Л.Д., геол.- мин. ғыл. докторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен 2013 жылғы Типтік оқу бағдарламасына сай басылды.
© ҚазҰТУ, 2013 ж.
КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқау зертханалық сабақтар жүргізу жоспарына толық сайкестірілген. Әдістемелікке кіретін тақырыптар – кендік микроскоптың жүйесі және жалтырлатқан шлиф жасау техникасы; минералдарды бір николде бақылау (кендік минералдардың шағылу қабілеті, түсі мен қосшағылуы); минералдарды айқас бақылауы (анизотропия мен минералдар ішкі рефлекстері); минералдар қаттылығы, магниттілігі, кендік минералдардың кристалломорфтық ерекшелігі; анықтау кестелермен минералдарды диагностикалау «Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық әдістері» пәннің толық курсына кіреді және төртінші курс «5В070600 – Пайдалы қазбалар геологиясы және оларды барлау» мамандығының студенттеріне арналған. Олар дәрістік материалдармен бірге студенттерге курсты толық игеруге мүмкіндік жасайды.
Кендерді шағылу жарықта зерттейтін ғылым минераграфия (minera - кен, grapho - сипаттаймын) деп аталады. Минераграфия кендік кенорындар ғылымының бір саласы және минералогиямен тығыз байланысты болады. Кендік минералдар шағылған жарықта микроскопиялық зерттеулердің нақты нысаны болады.
Әдістемелік нұсқауды жазу мақсаты өзіндік тәжірибелік сабақтарда пайдалану болады, ол студенттерге кендік микроскоптың жүйесі және жалтырлатқан шлиф жасау техникасымен таныстырады, оптикалық және басқа физикалық қасиеттер арқылы өздеріне кендік минералдарды анықтауға көмек береді, анықтама кестелермен жұмыс істеу дағдысын алуға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарға жету үшін студенттерге келесі міңдеттер қойылады: 1. Кендік минералдың құрылысын білу және оны жұмыс жүргізуге дайындау; 2. Кендік минералды оптикалық және басқа физикалық қасиеттер арқылы теориялық анықтау негіздерін меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану; 3. Анықтама кестелермен өзіндік жұмыс істеуді білу.
Жарқыратылған шлифтердің эталон коллекциялары және олардың каталогтары, жұмысқа арналған және бақылау аншлифтер студенттердің қарауында. Студенттердің білім игеруне тек шыдамдық пен ықылас қажет.