Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жастар тілінің ерекшелігі (жаргон, сленг және.p...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.23 Кб
Скачать

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жастар тілінің ерекшелігі (жаргон, сленг және т.б.)

Орындаған: Серікова Р.А.

Тексерген: Удербаев А.Ж.

Алматы 2013

Мазмұны

Aннотация………………………………………………………………………2

Кіріспе………………………………………………………….………..…........3

1. Жастар тілі дегеніміз не?....................................................................................4

2. Жастар тілінің қатынасы…………………………….…...…...………......….5

3.Тілдің жалпы білімінде зерттелуі ……………………………….....…....….6

4. Қазақ тіліндегі жастар тілінің элементтері......................................................8

Қорытынды…………………………………………………………..……..……9

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………….…...10

Аннотация

Қазақ халқының мәдени өмірінің көрінісі-фразеологиялық қордан ерекше байқалады.Өйткені қазақ фразеологизімдері-халық өмірінің айнасы.Бұл айнада ұлт менталитетінің көрінісі тұтастай қамтылады десек,асыра айтпағандық болар.Ұлт мәдениеті оның ғылымында,өмірінде,дінінде тіл арқылы қолданылады.Тіл білімінде қазақ ұлтының таным парасатын,жарық дүниені танудағы көркемдік көк жиегін,ой қиялын жаңа ғасыр табалдырығында тұрған жас буын,келер ұрпақ алдында ұлттық мәдени ерекшеліктерін өзі жасаған тілі арқылы зерделеу-ең маңызды нәрсе.Олай болса фразеологиялық материалдар ұлттық мәдени маңызы бар деректерден тұрады.

Тұрақты тіркестер бастапқыда еркін тіркестер түрінде болып,келе-келе әбден тұрақталып,фразеологизмдерге айналады.Яғни олардың мағына тұтастығы,қолдану тиянақтылығы, даяр қалпында қолданылу тұрақтылығы сияқты белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа жетіп сақталынуда.Әр фразеологизмдер мәдени ақпар беретін дағдылық қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады.Бұл деректердің түп төркіні,таралуы,шығу көзі фразеологизмдердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.Шындығында әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып қалыптасуы үшін оның көптеген ең алғышарттарымен салалары болу керек.Тұрақты тіркестер әр түрлі жағдайларға байланысты туындаған екен.Мысалы: салт-дәстүрге, дінге, наным-сенімдерге байланысты.Жастар тіліндегі қазіргі таңдағы қолданыстарға тоқтамас бұрын,тұрақты тіркестердің бірнеше салаларына шолу жасап өткім келіп отыр.Сонымен бірінші ұлттық рәсімдерге байланысты туындаған тұрақты тіркестер.Ұлттық рәсімдерге салт- дәстүр,әдет-ғұрып,қазақ халқының тұрмыс тіршілік мәдениеті жатады.Яғни қазақ халқының өмір салты туған тілінде, әсіресе фразеологиялық қорынан көрініс тапқан.Мысалы: еншісі бөлек ені басқа  деген тіркестер- бұрынғы уақытта малға таңба салынып, ер жеткен азамат балаларына арнап тиісті мал үлесін бөлген.Осыдан ары қарай енші алу тіркесі-өзіне тиісті сыбағасын алу мақсатында айтылады.

2

Кіріспе

Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі-тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы. Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы тіл білімі , тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды.

3

1. Жастар тілі дегеніміз не?

Тіл,шындығында ,әрбір адамға біраз абстракция болып қолданылады. Қоғамда ол түрліше іске асырылынады. Сондықтан оны тіл тұлғалары деп атаймыз. Тіл тұлғалары айырмашылығы көп болса да,ол өзінің функциялары мен белгілерін сақтайды. Басты тұлғаларына:

- ауызекі нысан,жазбаша нысан;

- ауызекі тіл;

- тіршіліктің әлеуметтік шектеулі пішіндері;

- аумақтық тіршіліктің шектелген пішіндері жатады.

Осының ішінде біз қарастыратын пункт-тіршіліктің әлеуметтік шектеулі пішіндері. Оған қоғамдық диалект пен жаргон жатады. Қоғамдық диалектіне жастар тілі кіреді. Жастар тілі-12-22 жастағы адамдардың ресми жүйесіне қарсы шыққан тілі. Жастар жаргонды өз қоғамының айналасында жүргенде үйренеді. Айырмашылығына көшсек, жастар тілі шамалы жүйесімен,тез толықтыруымен (жастар тілі жылына 1% жылдамдығымен жаңартылады) ерекшеленеді.

Жастар тілі күнделік өмірде және референдік топтарда жиі кездеседі. Жастардың сленгі жалпыұлттық тілдің фонетикалық және грамматикалық түрлерін ұсынады.

Әдетте фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол.Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау аңғарылуы тиіс.Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе адамдардың  күнделікті күйбең тіршіліктегі көріп жүрген түрлі заттар, құбылыстар, көріністер ықпалы.Ал осы фразеологизмдердің о бастағы тура мағынада қолданып, бір кездері көріністің балама оймен ұштасуы арқылы ауыспалы мағынаға ие болуы, тұрақты тіркестің тілдік қолданыста қалыптасуына әсер етеді.Мысалы: «картопты жарып айтты»-барлығын аузына қаратты,керемет сөйледі, «танкасы бар»-тірегі, көмектесетін адамы бар, «сағызша шайналды»-көп созды, жауап таппай дал болды.

4

2. Жастар тілінің нақты ерекшеліктері:

Кездейсоқ,аяқ астынан жүзеге асады.

Бейресми жағдайда жүзеге асады.

Жастар тілінің ерекшелігі

Еркін сипатта болады.

Қаратпа сөздер ұлттық сипатта қолданылады.

Астарлы,қалжың сөздер жиі қолданылады.

5

3. Тілдің жалпы білімінде зерттелуі

Ендігісі қазақ дүниетанымындағы діннің рөлі, дінге қатысты ойтолғаулар,оның адамгершілік, адамды сүю, құрметтеу, мораль, этикаүлгілерін танытатын сөз тіркестері фразеологиялық материялдардың деректерін қамтиды.Қазақтар ислам дінін ұстанады.Оған дейінгі шаман дінінің негізінде қазақ мифологиясында ертеден келе жатқан нанымдардың белгілері сақталған. «Көк» түсті қазақтар ерекше пір тұтқан.Тіпті әулие, хан атақты адамдардың мазарлары мен күмбездерінің төбелерін көк түспен бояған.Ал «көк соққыр», «көк келсін» деген  қарғыс мәнді фразеологизмдерді- «Алланың қаһары тисін» деген мағынаны білдіреді. «Көк қасқа сою»- құрбандық шалу.Бұл тұрақты тіркестер арқылы тілді жасаушы халықтың бір кездегі ой санасының, жан дүниесінің сәулесі деп түсіну керек.

Қазақтың осынау тұрақты тіркестері қазіргі күнде де қолданыс аясынан шектеліп қалған жоқ, алайда «заманына қарай адамы» демекші заманның өзгеріп, қоғамның талабына сай кейбір тұрақты тіркестердің айтылуы өзгермеседе, жаңа мағынаға ие болуда.Мысалы: «кәмелетке жетті»- бұған дейін шындақ тапты, ақиқатқа көзі жетті десе, қазіргі уақытта кәмелетке жету,яғни он сегіз жасқа толу, заңды тұлға атану.

«Көзі соқыр»- сауатсыз, ештеңені білмейтін адам десе, қазіргі уақытта көз жанарының зақымдануынан науқастанған адам, «Тусаң ту!»-артық болып, өзгеше, ешкімге ұқсамайтындай болып туу, ал қазіргі таңда бір затты тез арада табу, бұл тіркес көп жағдайда бұйрық беру, жекіру жағдайында айтылады.

Ең бірінші баянданы фразеологизмдерден және оның өзгеруінен бастағанның өзінде үлкен мән бар. Себебі ненің де болса өз бастауы бар.Енді осы орайда қазіргі таңдағы жастар тіліне тоқталып кетуге болады. .Қоғамымыздағы өзгерістер әсіресе тілімізге де өз әсерін тигізген сыңайлы.Соның ішінде жастар тілін алар болсақ, ауызекі тілде қолданып жүрген тіркестер баршылық.Жастар тілінде бұл тіркестерді «сленгтер» деп атауға болады. «Сленг» сөзі ағылшын тілінен енген.Яғни белгілі бір ортада қолданылатын сөзер. Жастар арасындағы сленгтерді жинақтап,оларды өз ішінде бөлектеп, мағынасына қарай топтауға болады. Жастар сленгі өз ішінде көптеген мағынаға ие болады.Соларға мысал келтіре кетейік.

6

Жастардың  күнделікті қолданып жүрген слегтерінде орыс сөздерінің көптеген компоненттері кездеседі.Мысалы: «тормозы ұстап қалды»-бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды»деген тіркес бар,«базар жоқ»-сөз жоқ, яғни істеген ісін тындырымды әрі айқын істейтін адам. «Толпамен келу»-көпшілікпен келу, «типаж болу»- менменсу бұл тіркеске синоним «блатной болу». «Косякқа кіргізу»-қолайсыздыққа тап болу, «зелень алып келу»-ақша алып келу, бұл жерде «зелень» деген сөз АҚШ валютасы. «Құлаққа лапша ілу»-өтірік айту,«Капустаға қарау»-материялдық жағдайына қарау, «счетчик қою»-ақша талап ету,«Ала көзімен стрелять ету»- бір адамға қадала қарау, «Шпоры жасау»-емтиханға арналған жауап парағы. «Маяк тастау»- қоңырау шалу, бұл тіркестің синонимі- «скидовать ету».Стрелять, лапша, косяк, капуста, толпа, базар тіркестерінде орыс сөздерінің компоненттері бар.

Ал жеке адамға, оның адами тұрғыдағы қадір қасиетіне байланысты күнделікті тұрмыс тіршілкте қолданылатын сленгтер жайлы да айта кетсек .Мысал ретінде:«Жалауық»-қазғаншақтық, «ауру»-басқа адамдардың мазасын алу, «қуғынбай»- бос сөзді көп сөйлеу,бұл сөздің синонимі «сасымашы».Бұл сленгтер алғашында Батыс Қазақстан өңірінде соның ішінде Ақтөбе, Атырау қалаларына диалекті тіркестер ретінде қолданылса, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары қолданады.

Бұл сленгтердің тағы бір топтамасы ол оқушы, студент жастар арасындағы тіркестер. Оларға мысал келтіре кетсек: «Крышасы бар»-тірегі бар, «ботан болу»-сабақты көп оқу осы тіркестің синонимі «зубрить», «қырқу»-мәселені шешу, тығырықтан шыға білу, «миды шіріту»- бос сөзі көп айту.

Осы орайда айта кететін жайт қолданыста жүрген тұрақты тіркестерге, олардың мағыналарына үңіле қарасақ, бұл сөздердің астарында еш мағына жоғына көзіміз жетеді.Ауызекі сөйлеу тіліміздің сәл болса да мағына жағынан құлдырағанын көреміз. Сөздердің көпшілігі дөрекі, тұрпайы болып келеді.Бұлай болуы жастар тіліне, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге тікелей байланысты.Қазіргі кезде мафья, мафиоздардың арасында «Косякқа тығу», «сындыру», «қораға кіргізу» сынды тұрақты тіркестер қолданылуда. Бұлар тек маржандай тіліміздің құнсыздануына ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де тигізер зияны аса зор. Мысалы, «Счетчик қою»тіркесінің жоғарыда айтылған мысалдарға еліктеушіліктен туған.

7