
- •1.1 Жұмыс бағдарламасы «амcк (пмсп) тәжірибесіндегі нефрология сұрақтары» элективті циклы бойынша
- •1. Жалпы мәліметтер
- •2. Бағдарлама
- •2.3 Оқытудың міндеттері:
- •Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •Тақырыптық жоспар
- •2.7.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.2 Оқытушының басшылығымен жасалатын интерндердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (оиөж)
- •2.7.3 Интерндердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптық жоспар (иөж)
- •Оқыту және сабақ беру әдістері:
- •Білім мен дағдыларды бағалау әдістері:
- •2.10 Ұсынылатын әдебиеттер
- •2.11 Қосымша:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
НЕФРОЛОГИЯ МОДУЛІ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор
Профессор ____________ К.А. Тулебаев
«___»________________ 2012 ж.
1.1 Жұмыс бағдарламасы «амcк (пмсп) тәжірибесіндегі нефрология сұрақтары» элективті циклы бойынша
Мамандығы: Ішкі аурулар
Электив: «АМCК (ПМСП) тәжірибесіндегі нефрология сұрақтары»
Оқу сағаттарының көлемі
(кредит): 90 сағат
Бақылау түрі: Емтихан.
Алматы, 2012
Жұмыс бағдарламасы №10 нұсқау хатқа сәйкес 2006 ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Ішкі аурулар» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрылған.
Жұмыс бағдарламасы нефрология модулінің жиылысында талқыланды,
« __ » __________ 2012 ж., №_____хаттамасы
Модуль жетекшісі, м.ғ.д., профессор
Ә.Б.Қанатбаева
___________________________
Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ ішкі аурулар білім беру бағдарламалары Комитетінің отырысында талқыланды, « __ » __________ 2012 ж., №_____хаттамасы
Төрайымы м.ғ.д., доцент З.А. Жанкалова ___________________________
Жұмыс бағдарламасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесінде талқыланды
«_____» ____________201_ ж., №____хаттамасы
Әдістемелік Кеңестің төрағасы
профессор Қ.А. Төлебаев
___________________________
1. Жалпы мәліметтер
1.1 ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ
1.2 Кафедра: Нефрология модулі
1.3 Элективті цикл: АМСК (ПМСП) тәжірибесіндегі нефрология сұрақтары
1.4 Мамандық: Ішкі аурулар
1.5 Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (соның ішінде аудиторлық – 30 сағат, ОИӨЖ –
30 сағат, ИӨЖ – 30 сағат)
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) беру сатысында ауылдық, қалалық, отбасылық амбулатория дәрігерлері түрлі бүйрек патологияларымен кездеседі. Дегенмен, бүйректің көптеген созылмалы ағыммен өтетін зақымдалуларының арнайы белгілері жоқ, соның ішінде ауыру синдромы, сондықтан олар байқалмай қала береді. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жүргізілген зерттеулер шамамен әрбір оныншы ересек адамда бүйрек зақымдалуының бір түрі бар екендігін көрсетті. Бүйрек ауруларының ерте диагностикасы АМСК дәрігерінің білім деңгейіне байланысты. Бұл кезде тСБЖ-не әкелетін бүйректің созылмалы үдемелі ауруларының дамуының себептері тіпті де «гломерулонефриттер», «пиелонефриттер» емес, әдетте кардиологиялық, эндокриндік, ревматологиялық және ішкі мүшелердің түрлі патологиясымен басқа пациенттердегі бүйректің екіншілік зақымдалулары екендігін есте ұстау қажет.
21 ғасырдың басы «Бүйректің созылмалы ауруы» және «Бүйректің жедел зақымдалуы» деген жаңа терминдердің енуімен ерекше болды. АМСК, ЖТД және басқа мамандық дәрігерлеріне «үндемес», бірақ кеш анықталып және ем болмағанда салдары қауіпті бүйрек ауруларын анықтаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Бұл, ең алдымен – бүйректің созылмалы ағыммен өтетін ауруларының сатыларын қадағалауға мүмкіндік беретін Кокрофт-Голттың есептеу әдісі бойынша бүйрек қызметін бағалау (ШФЖ). ШФЖ көрсеткіші бүйректің созылмалы ауруы (БСА) кезінде қызмет атқаратын паренхима көлемін көрсетеді. Интерндер заманауи нефрологияның тағы бір жетістігін білуі тиіс – ерте диагностика болғанда және нефропротективті ем жүргізілгенде БСА-ң баяулау, ал кейде кері даму ықтималдығы.
Бұдан басқа, АМСК дәрігері бүйректің жедел зақымдалуында (БЖЗ) дер кезінде одан күдіктеніп және шұғыл көмек беруі тиіс.
Интерндердің бүйрек аурулары кезіндегі диагностика әдістері мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша алған білімдері ішкі аурулар бойынша мамандарды дайындауда ерекше маңызға ие.
2.2 Мақсаты: Бүйректің жедел және созылмалы ауруларында ерте диагностика мен АМСК көрсету бойынша білім мен машық қалыптастыру.