
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
УРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ МЕН НЕФРОЛОГИЯ КУРСЫ |
||
СИЛЛАБУС |
||
|
«Ішкі аурулар» (DB-4304) пәні бойынша
силЛабус
«Нефрология»
Кафедра: Урология кафедрасы мен нефрология курсы
Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина
Курс: төртінші
Семестр: 7, 8
Барлығы: 16 сағат
Тәжірибелік
(семинарлық) сабақтар: 16 сағат
Дәрістер: 2 сағат
Студенттердің аудиториядан тыс
өзіндік жұмыстары (СӨЖ): 9 сағат
Бақылау түрі: емтихан
Алматы, 2010
Әдістемелік нұсқаулар урология кафедрасы мен нефрология курсының жиылысында талқыланды
«____»_______________2010 ж., хатнама №_____
Курс меңгерушісі,
профессор _______________________ Канатбаева Ә.Б.
Жалпы мәліметтер.
1.1 ЖОО аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина университеті
1.2 Кафедра: Урология кафедрасы мен нефрология курсы
1.3 Пән: Ішкі аурулар (DB-4304) Блок Нефрология
1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
1.5 Оқу сағаттарының көлемі: 16 сағат
1.6 Оқу курс және семестрлері: 4 курс, 7, 8 семестрлер
1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Қанатбаева Әсия Бақышқызы, дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, қызметі – профессор. Ғылыми бағыты: нефрология, балалар нефрологиясы. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының төрайымы, нефрологтардың Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (Еуропа, Ресей).
2. Қабылбаев Қайрат Абдоллаұлы, дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты, қызметі – ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, ішкі аурулар, трансплантология. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының хатшысы, нефрологтардың Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).
3. Чингаева Гульнар Нуртасовна - медицина ғылымдарының докторы, қызметі – доцент. Ғылыми бағыты: нефрология, гемодиализ, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, балалар нефрологтарының Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).
4. Наушабаева Әсия Еркінқызы, дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты, қызметі – ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, нефроморфология, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, балалар нефрологтарының Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).
5. Кәрібаев Еркебұлан Әбілбайұлы, ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, диализ, терапия, реанимация және қарқынды терапия, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, Ресей диализ қоғамының, ERA-EDTA ассоциациясының мүшесі.
1.8 Байланыс мағлұматтары:
Мекен-жайы: «Ақсай» РБКА, нефрология бөлімшесі, т. 297-09-34, экстракорпоралді детоксикация бөлімшесі, т. 297-09-37.
E-mail: kairatkabulbayev@yahoo.com
1.9 Пән саясаты
Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:
Тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу
Сабақта 7:55-те болу (5 минут киімін ауыстыруға)
Сабақ басталғанда студенттердің өздерінде болуы тиіс: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, өзінің жеке маскасы, ауыстыратын аяқ-киімі.
Студент сабаққа кешікпеуі тиіс.
Студент оқу және клиникалық үрдістерге белсене қатысуы тиіс; теоретикалық материалдарды білуі, ситуациялық есептерді, тесттік тапсырмаларды шешуі тиіс, науқасты объективті зерттеу әдістерін қолдана алуы және игеруі тиіс: бүйрек пальпациясын, артериалдық қысымды өлшеу, ісіктерді анықтау.
1 тақырып бойынша міндетті түрде СӨЖ орындау.
СӨЖ материалдарын тапсыру мерзімі (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмдері, презентациялар, рефераттар) және СӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес белгіленген уақытта жүзеге асады.
Клиникалық базада қызметкерлер мен пациенттерге резиденттердің әдепті қатынасы.
Топтағы конфликті жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлім мегерушісімен ашық талқылау.
Сабақ уақытында ұялы телефонды өшіріп қою.
Себепсіз бір сабақты жіберсе студентке «0» балл қойылады, анықтамасымен дәлелді себебі бар болғанда реферат түрінде сабағын өтейді