
- •Урология кафедрасы мен нефрология курсы «Жалпы медицина» 4 курс студенттеріне «Ішкі аурулар» блок «Ересектер нефрологиясы» пәні бойынша нефрология тест сұрақтары
- •Жедел пиелонефрит
- •Ішек таяқшасы
- •Көкірің таяқшасы
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Компьютерлік томография
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Цистография
- •Экскреторлы урография
- •Жедел гломерулонефрит
- •Клебсиелла
- •Ішек таяқшасы
- •Көкірің таяқшасы
- •Цистография
- •Цистоскопия
- •Жедел пиелонефрит
- •Жедел пиелонефрит
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жедел пиелонефрит
Жедел пиелонефрит
жедел нефритикалық синдром
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, Iсатысы
созылмалы гломерулонефрит, аралас формасы
нефротикалық синдром + артериялық гипертензия
Жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефриттің төменде келтірілгеннің арасында клиникалық белгілерін атаңыз:
нефротикалық синдром
жедел нефритикалық синдром
жекелеген зәр синдромы
созылмалы нефритикалық синдром
тез үдемелі гломерулонефрит
Шумақтық фильтрацияның қандай көрсеткіші бүйректің созылмалы ауруының протеинурия болмаса да нефропротекциялық емді қажет етеін 3 сатысына сәйкес келеді, мл/мин?
90-120
89-60
59-30
29-15
15 төмен
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне тән емес:
гиперфосфатемия
гиперпаратиреоидизм
метаболикалық ацидоз
сарысулық темірдің төмендеуі
сарысуда кальцитриол деңгейінің жоғарылауы
Бүйректің созылмалы ауруында анемия дамуының біріншілік тізбегі:
гемодилюция
витамин В12 жетіспеушілігі
аутоиммунды гемолиз
эритропоэтин деңгейінің төмендеуі
сүйек кемігіне несеп нәрінің токсикалық әсері
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде нефронның төменде келтірілген келесі бөлімдерінің қызметі бөзылады:
шумақтар
өзекшелер
жинақтаушы түтікшелер
юкста-гломерулярлы аппарат
бір уақытта шумақтар мен өзекшелер
17 жасар созылмалы гломерулонефриті бар науқаста бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, диализ алдындағы сатысы анықталды.
Емдеу такикасындағы ҚАТЕ тұжырымды анықтаңыз:
белок шектелген емдәм, иАПФ, статиндер
анемияны емдеу, белок шектелген емдәм
гипертензияны емдеу, фосфорды шектеу
циклоспорин А, белок шектелген емдәм
остеодистрофияны емдеу және фосфорды шектеу
Ауруханада жатқан 43 жасар науқаста бүйректің созылмалы ауруы анықталды. АҚҚ 160/95мм.с.б.б., қан талдауында: гемоглобин 100г/л, ЭТЖ 26мм/сағ; биохимия: креатинин 0,5 ммоль/л, ШФЖ 25мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 5-10 к/а, эритроцит 10-20 к/а;. УДЗ: бүйрек өлшемдерінің кішіреюі, табақша тостағанша жүйесінің деформациясы және бүйрек паренхимасы эхогендігінің жоғарылауы. Сіздің болжама диагноз:
бүйректің созылмалы ауруы, І сатысы
бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы
бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы
созылмалы пиелонефрит, бүйрек қызметі қалыпты
созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі қалыпты
Ауруханаға 36 жасар науқас әйел адам бас ауруына, артериялық қан қысымының жоғарылауына шағымданып қаралды. АҚҚ 170/100мм.с.б.б., қан талдауында: гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 26мм/сағ; биохимия: креатинин 0,2 ммоль/л, ШФЖ 50 мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а;. УДЗ: табақша тостағанша жйесінің деформациясы.
Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай:
созылмалы пиелонефрит, СБЖ
бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы
созылмалы гломерулонефрит, СБЖ
созылмалы бүйрек ауруы, 4 сатысы
гипертониялық типтегі гломерулонефрит
20 жасар бойжеткенде орта дәрежелі ісінулер, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. жоғарылауы анықталады. Қан талдауында: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1,3 г/л, макрогематурия.
Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай:
пиелонефрит
нефротикалық синдром
нефритикалық синдром
жекелеген зәр синдромы
тез үдемелі гломерулонефрит
Нефротикалық синдром патогенезіне төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС:
подоциттер аяқшаларының еріп кетуі
шумақ жасушаларының пролиферациясы
гиперкоагуляция, тромбоздарға бейімділік
гипоальбуминемияға байланысты гиперхолестеринемия
массивті протеинуриядан дамыған гипоальбуминемиялық ісінулер
Бүйрек ауруларында артериялық гипертензия дамуыны патогенетикалық тізбегіне жатады:
фильтрация қызметінің бұзылуы
концентрлеу қызметінің бұзылуы
симпатикалық нерв жүйесінің белсенуі
бас миында қан тамыр қозғалтқыш орталықтың белсенуі
ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі
«Нефротикалық синдром» ұғымына төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС белгіні атаңыз:
ісінулер
гематурия
протеинурия
гиперхолестеринемия
гипо,диспротеинемия
20 жасар науқас ішінің төменгі бөлігінің ауруына, жиі ауру сезімді зәр сындыруға шағымданады. Зәр талдауында лейкоцит 20 к/а, эритроцит 20-30 к/а.
Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай: