Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест емтихан 4к ЕН без +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
406.02 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Урология кафедрасы мен нефрология курсы «Жалпы медицина» 4 курс студенттеріне «Ішкі аурулар» блок «Ересектер нефрологиясы» пәні бойынша нефрология тест сұрақтары

  1. Зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуымен шынайы бактериурияны санайды

  1. 1000

  2. 5.000

  3. 10.000

  4. 100.000

  5. 1000.000

  1. Жедел пиелонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС зертханалық белгі::

а) лейкоцитурия барлық көру аймағын алады

б) ет жуындысы тәрізді несеп

в) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

г) зәрдің меншікті салмағының төмендуі

д) бактериурия 1мл зәрде 100000 м.д. асады

  1. 18 жасар бойжеткен ауруханаға жоғары дене қызуымен, қалтыраумен түсті. Зәр талдауында келесі өзгерістер анықталды: зәр лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – барлық көру алаңында, бактериурия. Қан талдауында лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагноз қандай?

а) цистит

б) уретрит

в) гломерклонефрит

г) жедел пиелонефрит

д) интерстициалдьды-нефрит

  1. Соматикалық бөлімше құрамында зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды алу төменде келтірілген әдістердің біреуімен жүргізілед:

а) тәуліктік зәр көлемінен

б) несептің кез келген порциясынан

в) қуық пункциясы арқылы

г) қуық катетеризациясы арқылы

д) ортаңғы порциясын стерилді ыдысқа жинау арқылы

  1. Жалпы зәр талдауында лейкоциттер аны қалыптыда нешеден аспау керек?

  1. 0

  2. 1-2

  3. 5-7

  4. 20-30

  5. 10-15

  1. Қандай ауруға төменде келтірілгеннің арасында ісіну синдромы тән ЕМЕС?

а) пиелонефрит

б) бауыр циррозы

в) нефротикалық синдром

г) жедел гломерулонефрит

д) жүрек жетіспеушілігі

  1. Зәр инфекциясында бактерицидтік әсер көрсететін дәрілік шөпке жатады:

а) зверобой

б) ягоды клюквы

в) березовые почки

г)листья брусники

д) череда, пустырник

  1. 25 жасар науқас, М., ауруханаға бел аймағының негізінен оң жақтан сыздап ауруына, дене қызуының 39ºС жоғарылап қалтырауына, лайлы несеп бөлінуіне шағымданып түсті. Қараған кезде: тері жамылғылары табиғи түсті, ісінулер жоқ, оң бүйрек пальпацияланады, ауру сезімді, АҚҚ 100/ 70мм.с.б.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16 х 109/л, ЭТЖ 40мм/ч. Несеп талдауында: менш. салмағы - 1009-1016, белок 0,66г/л, зәр тұнбасында лейкоциттер – көру аймағын түгел қамтиды, эритроциттер 1-2 к/а, гиалиндік цилиндрлер – бірен-саран. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагноз қандай?

  1. нефроптоз

  2. жедел пиелонефрит

  3. несеп тас ауруы

  4. жедел гломерулонефрит

  5. созылмалы пиелонефрит

  1. 25 жасар науқас, М., ауруханаға бел аймағының негізінен оң жақтан сыздап ауруына, дене қызуының 39ºС жоғарылап қалтырауына, лайлы несеп бөлінуіне шағымданып түсті. Қараған кезде: тері жамылғылары табиғи түсті, ісінулер жоқ, оң бүйрек пальпацияланады, ауру сезімді, АҚҚ 100/ 70мм.с.б.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16 х 109/л, ЭТЖ 40мм/ч. Несеп талдауында: менш. салмағы - 1009-1016, белок 0,66г/л, зәр тұнбасында лейкоциттер – көру аймағын түгел қамтиды, эритроциттер 1-2 к/а, гиалиндік цилиндрлер – бірен-саран. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ маңызды зерттеу әдісі қандай?

  1. бүйрек биопсиясы

  2. цистография, бүйрек УДЗ

  3. цистоскопия, бүйрек УДЗ

  4. зәр бак. талдауы, бүйрек УДЗ

  5. экскреторлы урография, тұрғызып қойып

  1. Бүйрек ауруларында фторхинолондарды қолдануға төменде келтірілгеннің арасында көрсеткіш:

  1. Жүйелі аурулар

  2. Балаларда зәр шығару жолдарының инфекциясы

  3. Ересектерде зәр шығару жолдарының инфекциясы

  4. Инфекциядан кейінгі жедел гломерулонефрит

  5. Инфекциядан кейінгі интерстициальды нефрит

  1. Геморрагиялық циститтің төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себебі не?.

  1. протей

  2. клебсиелла

  3. аденовирус

  4. ішек таяқшасы

  5. көкірің таяқшасы

  1. 30 жасар әйел адам бел бел аймағының қатты ауруына шағымданып қаралды. ЖЗА: белок-теріс, менш. салм-1016, зәр тұнбасында жалпақ эпителий-10-15к/а, лейкоцит-бірен-саран, эритр-0-1 к/а. ШФЖ-90 мл/мин, бүйрек УДЗ – мөлшері қалыпты, «құм», табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ қажет зерттеу әдісі қандай?

  1. цистография

  2. цистоскопия

  3. экскреторлы урография

  4. компьютерлік томография

  5. несепті бак. себу және бел аймағын рентген зерттеу

  1. Бойжеткен қыз балаларда етеккір келуі алдында үрпі жолынан бөліністер шығуының ең жиі себебі не?

  1. бөгде зат

  2. вагинит трихомонадалық

  3. бейспецификалық вагинит

  4. вагинит, кандида шақырған

  5. физиологиялық лейкоцитурия

  1. ЗШЖИ ең жиі қоздырғышы не және зәрдің қай мөлшерінде бактериуриясы нағыз болып саналады:

  1. 1мл 1000 микробты дене стафилококк

  2. 1мл 10000 микробты дене стрептококк

  3. 1мл 50000 микробты дене протей вульгар.

  4. 1мл 50000 микробты дене ішек таяқшасы

  5. 1мл 100000 микробты дене ішек таяқшасы

  1. Балаларда цистит, уретритті төменде келтірілгеннің арасында емдеудің негізгі курсының ұзақтығы, күндер:

  1. 1-3

  2. 5-7

  3. 10-14

  4. 30

  5. 90-180

  1. Амбулаторлық зәр шығару жолдарының инфекциясының ЕҢ жиі этиологиялық қоздырғышы:

  1. E. Coli

  2. Proteus

  3. Citrobacter

  4. Ps. aerouginosa

  5. Staphylococcus

  1. Зәр жүйесінің инфекциясын емдеуде антибактериялық дәрілік затты таңдау негізделеді:

  1. бактериурия дәрежесіне

  2. лейкоцитурия дәрежесіне

  3. микроорганизм сезімталдығына

  4. несеп жолдарының обструкциясы бар болуына

д) несеп жолдарының обструкциясы жоқ болуына

  1. Аминогликозидтерді бүйрек ауру бар науқасқа тағайындағанда есте сақтау қажет:

  1. кең спектрлі әсерге ие

  2. грамм-оң флораға әсер етеді

  3. нефротоксикалық қсиетке ие

  4. амилоидоз емдеуде артықшылығы бар

  5. гломерулонефриттерді епмдеуде артықшылығы бар

  1. Асқынбаған зәр шығару жүйесінің инфекциясында ішек таяқшасының кездесу жиілігі:

      1. 30%

      2. 60 %

      3. 50 %

      4. 3-5 %

      5. 80 %

  1. Пиелонефриттерде инфекция ошағы төменде келтірілгеннің арасында қай жерде ЕҢ жиі орналасады?

      1. ішек

      2. кіндік жарасы

      3. тыныс жолдары

      4. жара аймағы

      5. көктамыр ішілік егулер

  1. “Вирусты гепатит” диагнозы бар 22 жасар науқас ауруханаға түсті. Зәр талдауында келесі өзгерістер анықталды: менш. салм. 1010, зәр түсі қара-қоңыр, белок 1,5 г/л, лейкоциттер-2-3 к/а., эритроциттер – көру аймағын толығымен қаптайды, цилиндрлер 10-15 к/а.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз:

    1. уретрит

    2. пиелонефрит

    3. цистоуретрит

    4. гломерулонефрит

    5. интерстициалды нефрит

  1. Ауруханаға 17 жасар науқас түсті. Шағымдары – ісіктер, бас ауруы, зәр түсінің өзгеруі. Тексеру кезінде аяғында, бетінде ісіктер, АҚ 140/90, ЖЗА- Белок 2,5 г/л, эритроциттер көп.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

  1. пиелонефрит

  2. бүйрек туберкулезі

  3. гломерулонефрит

  4. несеп-тас ауруы

  5. интерстициальды нефрит

  1. Нефротикалық синдром диагнозына тән емес белгі:

  1. ЭТЖ 60 мм/сағ

  2. альбумин 18г/л

  3. холестерин 14 ммоль/л

  4. жалпы белок қанда 60 г/л

  5. протеинурия 3,5 г/тәу астам

  1. Нефритикалық синдрома қоюда зәр талдауындағы міндетті белгі

  1. кристаллурия

  2. бактериурия

  3. цилиндрурия

  4. лейкоцитурия

  5. эритроцитурия

  1. 20 жасар жігіт, айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырған. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., зәрі ақшыл-сары. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л.ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагнз қандай?