Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шағын және орта бизнес менеджменті.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу талаптары Жазбаша тапсырманың рәсімделуі

Тапсырманың әрбір сұрағы жеке талданып конспектіленеді. Жұмыс жазбаша немесе компьютермен теріліп жазылады.

Рефераттың рәсімделуі

Реферат көлемді түрінде, қолмен немесе компьютермен терілген мәтінде, 13-15 беттік болуы тиіс. Компьютермен терілген жағдайда 14 шрифт, Times New Roman кегелімен, бірегей аралықпен рәсімделуі тиіс. Міндетті түрде бастапқы беттен, мазмұны, кіріспе, бөлімдер, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы қажет. Олардың жауаптары негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге, ұсыныстарға негізделеді.

Ауызша тапсырманың орындалуы

Студент тапсырма сұрақтарына жазбаша немесе ауызша түрде, аудиторияда пікір-талас түріндегі сабаққа дайындалады.

Баяндаманың рәсімделуі

Баяндама жазбаша түрінде, қолмен немесе компьютермен терілген мәтінде, 7-10 беттік болуы тиіс. Компьютермен терілген жағдайда 14 шрифт, Times New Roman кегелімен, бірегей аралықпен рәсімделуі тиіс. Міндетті түрде бастапқы беттен, негізгі бөлімнен және нақты қорытындыдан тұруы қажет. Олардың жауаптары негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге, ұсыныстарға негізделеді.

Эссе тапсырмасының рәсімделуі

Эссе қысқа баяндама түрінде, қолмен немесе компьютермен терілген мәтінде, 3-5 беттік болуы тиіс. Компьютермен терілген жағдайда 14 шрифт, Times New Roman кегелімен, бірегей аралықпен рәсімделуі тиіс. Олардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге негізделеді. Жалпы жұмыс әдебиеттерді, мерзімдік баспа материалдарын талдауға негізделеді.

Презентацияның рәсімделуі

Презентация Power Point бағдарламасымен, басылым текстімен, 1,5 интервалымен орындалуы тиіс. Презентация тақырыптың негізгі анықтамаларын, теориялық аспектілерін қарастырып, тәжірибеде қолданысын қорытындылаудан тұруы қажет. Жалпы презентация беттеріне шек қойылмайды, бірақ қорғау үрдісіне 5-7 мин беріледі.

Жазбаша тапсырманың рәсімделуі

Тапсырманың әрбір сұрағы жеке талданып конспектіленеді. Жұмыс жазбаша немесе компьютермен теріліп жазылады.

Тапсырманы СӨОЖ сабақтарында орындау барысында әр студентке тапсырманы баяндауына максимум 7 мин уақыт беріледі. Осы уақыт аясында студент тапсырманың тақырыбын ашып, мазмұнын жеткізуі қажет. Кейін қойылған қосымша сұрақтарға жауап береді. Осы талаптардың орындалуы балл көлеміне әсер етеді.

«Менеджмент» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС МЕНЕДЖМЕНТІ» пәні бойынша

«5В050700 – Менеджмент» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

1 СӨЖ

Тапсырма: «ШОБ дамуындағы мемлекет рөлі. Шет елдерде ШОБ қызметін мемлекеттік реттеу құралдары мен механизмі»

Өздік жұмыстың мақсаты: Қазақстан экономикасын басқаруда қолданылатын негізгі тетіктер, механизмдер. Оларға талдау жасау арқылы, артылықшалақтарын немесе кемшіліктерін жете түсіндіру. Тақырып бойынша берілген жазбаша жұмыстарды оқып, талдау, талқылау.

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: мах - 15 балл.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі: 4 апта

Ұсынылатын әдебиеттер:*Лекция кешенінде көрсетілген

2 СӨЖ

Тапсырма: «Жеке кәсіпкердің қызмет ету ерекшеліктері, патент арқылы жұмыс жасау ерекшеліктері».

Өздік жұмыстың мақсаты: ҚР жеке кәсіпкерлікпен айналысу ерекшеліктері, жеке кәсіпкердің тіркелуі, салық төлеуі және шет мемлекеттерде жеке кәсіпкерлік ерекшеліктеріне өзіндік шолу жасау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Жазбаша жұмысты қорғау топ алдында, тезисті баяндалады (10-15мин.). Студенттермен жазбаша жұмыс талқыланады және баяндаушыға сұрақтар қойылады(10мин.)

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: мах- 15 балл

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі: 7 апта

Ұсынылатын әдебиеттер: *Лекция кешенінде көрсетілген

3 СӨЖ

Тапсырма: «ШОБ саласында менеджменттің сапалық көрсеткіштері мен интеллектуалдық меншік»

Өздік жұмыстың мақсаты: ҚР сапа бағдарламасы. ШОБ саласында қызмет сапасын бағалау көрсеткіштері. ШОБ субъектілеріне сапа сертификаттарын беру ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Талдау/Аналитика (Презентация түрінде рәсімделуі мүмкін) компьютерлік терілім бойынша тақырыпты мазмұнды қысқаша сипаттап көрсету. Презентация қорғау топ алдында, тезисті баяндалады (10-15мин.).

Бақылау нысаны: Талдау/ Аналитика

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: мах- 15 балл

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі: 11 апта

Ұсынылатын әдебиеттер: *Лекция кешенінде көрсетілген

4 СӨЖ

Тапсырма : «ҚР ШБ қаржыландыру, қолдау және дамыту мүмкіндіктері»

Өздік жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда ШБ дамыту мұмкіндіктері мен ҚР дамыту механизмдеріне талдау жүргізу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Жазбаша жұмысты қорғау топ алдында, тезисті баяндалады (10-15мин.). Студенттермен жазбаша жұмыс талқыланады және баяндаушыға сұрақтар қойылады(10мин.)

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: мах- 15 балл

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі: 14 апта

Ұсынылатын әдебиеттер: *Лекция кешенінде көрсетілген