Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шағын және орта бизнес менеджменті.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Лекция 13. Тақырыбы: Шағын бизнесті қолдау бағдарламалары мен басымдықтары.

Лекция мақсаты - Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметтті қолдау шаралары мен жарияланған мараторилер олардың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы түбегйлі зерделеу жұмысын жүргізу.

Лекция сұрақтары:

  1. ҚР шағын бизнесті қолдау шаралары

  2. ШОБ саласында қолданылатын және қабылданған бағдарламалар, басымдықтары

Лекция мазмұныӨтпелі кезеңде реттеулі нарықтық экономикаға айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту.' Ол байланыс-тарды кеңіту үшін серіктестіктердің өзара ынталарын кепіл-дендіретін, шетел фирмаларының меншігін сақтайтын, валю-талық операцияларды реттейтін, бірлескен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін заңдар қабылдануы талап етіледі.

Осы бағдарламаға байланысты шешілген мәселенің бірі -Республикада инвестиция жөніндегі (Қазақстан Республика-сының Президентінің 1996 ж. 8 қарашадағы Жарлығы) мемлекеттік комитеттің құрылуы. Аталмыш Жарлыққа сәйкес елімізде жалғыз өкіметті мемлекеттік мекеме құрылып, сол арқылы тікелей инвестицияларды тартуды ынтымақтандыру мемлекеттік саясаты іске асырылады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының бағыттары

  2. ҚР қызмет жасайтын бизнес қауымдастықтары

  3. Сыртқы экономикалық қатынастарды басқарудағы әдістер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства». РГЖИ «Дауiр». Алматы, 1992.

  2. www.kazka.kz

  3. www.souz-atameken.kz

  4. www.e-gove.kz

Лекция 14. Тақырыбы. Шоб субъетілерін қаржыландыру мен несиелендіру ерекшеліктері

Лекция мақсаты – Қазіргі таңда дағдарыс жағдайын ескере отырып ШОБ субъектілерін несиелендіру тетіктерін талдау.

Лекция сұрақтары:

  1. Отандық ШОБ субъетілерін қаржыландыру мәселелері

  2. Қазіргі таңда ШОБ субъектілерін несиелендіру ерекшеліктері.

Лекция мазмұныОның себептері кәсіпкердің жұмысын қолдау үшін бөлінетін қаржылық заттарды шектеу ғана емес , сондай ақ нарықтық инфрақұрылымның нашар дамуы, одан басқа кәсіпкерді қолдаудың мемлекеттік стратегиясының уақытында әзірленбегені болып табылады. Салалық және аймақтық басымдылықтары анықталған жоқ. Кәсіпкерлік, экономиканың күшті көтерілуін тудыратындай әсер ететін « қарқынды өсу полюсі» ретінде анықталмады. Одан басқа кәсіпкерліктің құрылымымен кері байланыс болмады. Өтіп жатқан үрдістерге, олардың ұқсастығына мониторинг және жүйелі талдау жүргізілмеді. Адекватты статистика қалыптастырылмады. Қалай стратегиялық болса, солай, тактикалық сипаттағы кемшіліктер анық орын алды. Қалыптасқан жағдайда байланысты уақытында Қазақстан Республикасы Президентімен «Кәсіпкерлік жұмысқа мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру бойынша қосымша шаралар туралы » 1996 жылы 18 шілдеде Жарлыққа қол қойылды. Аталған жарлықпен Қазақстан азаматтарына кәсіпкерлік қызметті либерализациялау бойынша қосымша мемлекеттік кепілдіктер берілді, олардың бизнесіне бюрократтық құрылымдардың заңсыз араласуына қорғау бойынша шаралар көрілді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. ШОБ қаржыландыруда екінші деңгейлі банктердің рөлі

  2. Экономикалық өсуге жағдай жасау.

  3. Дағдарыс жағдайында несиелеу ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. www.fund-damu.kz

  2. www.kazka.kz

  3. www.souz-atameken.kz

  4. www.nbrk.kz