Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_sots.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
86.02 Кб
Скачать

22 Ресейдегі әлеуметтанулық ілімнің дамуы, өкілдері.

19 – ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 20-ғасырдың басына дейін Ресейдегі социологиялық ілімде субъективтік бағыт деп аталатын бағыт пайда болды. Оның теориялық негізін қалағандар П.Л Лавров және Н.К. Михайловский әлеуметтік және тарихи мәселелерге, социология пәні мен әдістеріне, прогресс теориясы мен тарихтағы жеке тұлғаның ролі мәселелеріне зор көңіл бөлді.

П.Л.Лавровтың пікірінше, қоғамдық прогресстің негізі ынтымақтастықта, ал қозғаушы күші жеке тұлға. Себебі жеке тұлға барлық адамгершілік нормаларын идеяларды жасаушы, қоғамды өзгертуге қабілетті . Оның ойынша, капиталистік құрылым адамдардың ынтымақтастығын жоғалтады.

Қоғамды ынтымақтастыру идеясы Н.К. Михайловскийдің әлеуметтік көзқарастарында бар. Ол прогресс дегеніміз біртіндп қоғам тұтаастығына жақындау, оның ағзаларының арасында еңбекті толық және жан жақты бөлуге ұмтылу.Әркелкіліктің артуына алып келетіндердің бәрі адамгершіліксіз, әділетсіз,зиянды. Ал біртектілікке алып келетіндердің бәрі адамгершілікті, әділ және ақылға сыйымды.

Ресей әлеуметтануының көрнекті өкілі Н.И.Кареев өз жұмыстарында субъективті әдісті қолданды. Ол жекелеген оқиғалар бүтіндей қоғам секілді белгілі бір идеал тұрғысынан бағалануы тиіс деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, қоғам ол жеке тұлғалардың психикалық және практикалық қарым қатынасының күрделі жүйесі. О.Контпен айтыса отырып, «биология мен социология арасына біз психологияны қоямыз, бірақ жеке психологияны емес, ұжымдық психологияны қоямыз», дейді. Оның ойынша ұжымддық психология социологияның шынайы негізі болуы керек, себебі барлық қоғамдық құбыылстар дегеніміз жеке адамдардың өзара рухани байланысы.

Ресейдегі психологиялық бағыттың тағы бір өкілі Л.И.Петражицскиий болды. Қоғамды зерттеу үшін ол халықтық психика ұғымын қолданады. Халықтық психика мен нақты мінез құлықтың ортасында әлеуметтік нормалар тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тарихы дегеніміз ақылға сыйымды нормалардың және мекемелердің тұрақты өсуі,бұ әлеуметтік әрекеттердің шапшаңдауына алып келеді.

Көрнекті орыс оқымыстысы М.МКовалевский қоғамды зерттеуде көп факторлы әдіс қолданды. Карл Маркстің топтық күрес қоғамынының дамуындағы тиімділігі туралы көзқарасына қарсы болып ынтымақтастық идеясына жақтасты. Ол қоғамдық құбылыстарды оның шығу тегіне талдау жасау жолымен түсіндіруге тырысты. Ол өз әдісін «генетикалық социология» деп атады. Осы тұрғыдан отбасының, жеке меншік пен мемлекеттің шығу тегін қарастырды. Ол үшін мемлекет пен таптардың шығу процесі әр түрлі қабатқа жатады жәнге біріне бірі байланыссыз. Таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлыстардың пайда болу себебі экономикалық және биологиялық факторлар , ал мемлекеттің пайда болуының бас сеабебі психологиялық факторға негізделеді.Ковалевский адамдардың ынтымақтастығын норма, ал таптық күрес одан ауытқу деп есептеді. Оның ойынша еңбек пен капиталдың арасында «бытыраңқылық өспейді, кемиді». Қоғамның погресі заңды, ал төңкеріс тарихи қажеттілік емес, үкіметтің қателігінің салдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]