Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_sots.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
86.02 Кб
Скачать

21.Г.Спенсердің әлеуметтанулық теориясы

Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).

Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Социологиядағы детерменистік тәсіл функционалдымен толықтырылады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән. Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытылды.

Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:

1) жүйелік тәсіл жақтастары сияқты функционалистер де қоғамды көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын бүтін, біртұтас организм ретінде қарастырды;

2) бірақ, сонымен қатар әрбір бөлшек тек нақты, қатаң анықталған функциялар атқаратын бүтіндік шеңберінде ғана өмір сүре алатындығын атап көрсетті;

2) бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;

4) қоғамның әрбір бөлшегі тек өзіне ғана тән функцияны атқаратындықтан, осы бөлшектің әрекеті бұзылған жағдайда, неғұрлым функциялардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, соғұрлым басқа бөлшектерге бұзылған функцияларды қалыптастыру қиын болады;

Спенсер әлеуметтік бақылауға көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау компоненттері болғандықтан ғана тұрақты болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар мен моральдық нормалар кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]