Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №2 «сымсыз байланыс жүйелеріндегі сигналдарды қалыптастыру»

Жұмыстың мақсаты:

Таратқыштар қоздырғыштарындағы жиілік синтезаторлардың құрылу принциптерін зерттеу, эксперимент ретінде импільсті –фазалық компаратормен жиілік синтезаторын зерттеу.

Жұмысты орындаудың алдында оқылатын негізгі сұрақтар:

1. Автогенераторлар және олардың жиілігін басқару. Автогенераторлардың параметрлері.

2. Автогенераторлардың жиілігін тұрақтандыру.

3. Жиіліктік және жиіліктің фазалық автоқұру жүйелері.

Жұмыс мазмұны:

1. Кернеумен басқарылатын генератордың (ГУН) жұмыс істеу диапазонын анықтау. Басқару сипаттамасын алу. Жиіліктің импульстік автоқұрудың ажыратылған ілмегі кезіндегі кернеумен басқарылатын генератордың жиілік тұрақсыздығын анықтау. Негізгі генератордың параметрлері мен М = 50, 100, 200 үшін жиіліктер торысының қадамын есептеу.

2. Жиіліктер торысының берілген қадамы N және кернеумен басқарылатын генератордың өлшенген диапазоны үшін рұқсат етілетін мәндерін есептеу.

3. Берілген жиілік диапазоны үшін М және N мәндерін есептеу.

4. М және N есептелген мәндерінің дұрыстығын тәжірибелік тексеру.

5. Жиіліктің импульстік автоқұрудың тұйықталған ілмегі кезінде кернеумен басқарылатын генератордың жиілік тұрақсыздығын анықтау.

Зертханалық макеттің сипаттамасы

Зерттелетін макет (сурет 1) жиіліктің импульстік-фазалық автоқұру жүйесімен синтезаторды ұсынады. Жиіліктік синтезатордың құрылымдық сұлбасының (сурет 2) құрамы:

- 500 кГц жиілікпен кварцтық негізгі (эталондық) генераторы (ОГ);

- белгіленген бөлу коэффициентімен жиілік бөлгіші М (ДФКД);

- кернеумен басқарылатын генераторы ГУН;

- ауыспалы бөлу коэффициентімен жиілік бөлгіші N (ДПКД);

- жиіліктің фазалық автоқұру сақинасының негізгі звеносын құрайтын импульстік фазалық компараторы (ИФК);

- басқарушы кернеудің деңгейін жадыда сақтайтын құрылғысымен төменгі жиіліктер фильтрі (ФНЧ).

Қосымша құрылғыларына басқарушы кернеудің реттелетін көзі жатады. ОГ және ГУН қоректену кернеуі ауыспалы резистор «UПИТ» көмегімен өзгереді. М бөлу коэффициенті 50, 100, 200 мәндеріне тең болу мүмкін және жиіліктер торысының қадамын анықтайды. Бөлу коэффициенттің өзгеруі кнопкалы ауысып қосқыш «УСТАНОВКА М» арқылы іске асырады. Сонымен, зертханалық макетінде 10 кГц, 5 кГц және 2,5 кГц қадамдарымен сәйкесінше үш жиіліктер торысын шығаруға болады.

2 – сурет. Жиілік синтезаторының құрылымдық сұлбасы

Бөлу коэффициенті N үшразрядты индикатормен жанады және мәндері 20 дан 999 дейін өзгертіледі. Бөлу коэффициенттің N өзгеруі кнопкалы ауысып қосқыш «УСТАНОВКА N» арқылы іске асырады.

Синтезатордың стационарлық жұмыс істеу режимінде

fОГ / М = fГУН / N ,

ал ИФК кірісіндегі тербелістер арасндағы фазалық жылжытуы тұрақты. Соңғы терминді импульстік тізбегіне қатысты олардың бірінші гармоникалардың фазалар айырмашылығы ретінде түсінуге қажет.

Зертханалық жұмысты орындау үшін екіарналы осциллограф қолдану қажет.

Жұмысты орындау тәртібі

1. Кернеумен басқарылатын генератордың (гун) жұмыс істеу диапазонын анықтау. Басқару сипаттамасын алу.

Зерттелетін макетіндегі КТ7 жиілік өлшегішті жалғаңыз. Жиілік өлшегіштің қоректенуін, жұмыс істеу режимдерінің ауыстырып қосқышын «Внеш.» күйіне келтіріңіз. Тестердің жұмыс істеу режимдер ауысып қосқышын тұрақты кернеуді 20 В дейін өлшеміне сәйкес келетін күйіне келтіріңіз. КТ6 нүктесінен кернеуді тестер кірісіне беріңіз. «UПИТ» реттеуішпен ГУН және ОГ максималды қоректену кернеудің күйіне келтіріңіз. UПИТ МАКС шамасын жазыңыз.

Тестер кірісін КТ5 жалғаңыз. S1 ауысып қосқышты 2 күйіне келтіріңіз.

«UУПР» реттеуішті сағат тіліне қарсы соңына дейін бұрыңыз. Тестермен көрсетілген UУПР мәні мен жиілік өлшегіштегі ГУН жиілігін жазыңыз.

UУПР шамасын минималды мәнінен максималды мәніне дейін өзгерте отырып ГУН жиілік мәндерін кестеге енгізіңіз. ГУН басқару сипаттамасын құрыңыз. ГУН максималды жиілігін анықтаңыз. ГУН қайта құрылу диапазрнын есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]