Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

6. Динамикалық детекторлық сипаттамаларын алыңыз (жалғану сұлбасы 3 - суретке сәйкес).

Жүктеменің кедергі мәнін RН =10 кОм (S3 2 күйінде) орнатыңыз.

6.1. Тұрақты модуляция тереңдігі m=50% үшін детектор кірісінде UВХ 100 ден 1000 мВ дейінгі интервалында өзгерте отырып КТ5 UВЫХ кернеу мәнін жазыңыз. (UВХ өлшеуі вольтметрдің «ВЧ» режимінде іске асырылады, UВЫХ - «НЧ» режимінде).

6.2. Детектор кірісіндегі кернеу деңгейін сақтап (UВХ=const), модуляция тереңдігін 10% дан 90% дейін өзгертіп UВЫХ өлшеңіз. Өлшеулерді UВХ=100 мВ және UВХ=1000 мВ үшін жасаңыз. Беру коэффициентін есептеңіз

UВЫХ (UВХ), UВЫХ (m), КД (m) тәуелділік графиктерін құрыңыз. UВЫХ (UВХ) детекторлық сипаттамасының желісіз болған аймағын көрсетіңіз.

7. Детектордағы желілі бұрмалануларды зерттеңіз (жалғанулар сұлбасы 3 - суретіне сәйкес). Детектордың жаңғырту дұрыстығының сипаттамасын алыңыз. Шығыс сигналдың фазалық өзгерістерін байқаңыз.

7.1. Детектор кірісіндегі кернеудің максималды мәнін орнатып вольтметр көмегімен UВХ мәнін өлшеңіз.

ЖЖ генератордың модуляция тереңдігін 50% тең орнатыңыз.

RН =100 кОм, СН=3нФ, RУ=510 кОм (S3 4 күйінде, S5 1 күйінде) орнатыңыз.

FM 400 – 16000 Гц интервалында өзгерте отырып, КТ5 нүктесіндегі төмен жиілікті кернеудің U FM нен тәуелділік графигін құрыңыз. Бұл үшін вольтметрді НЧ режиміне ауыстырыңыз.

7.2. RН =10 кОм, СН=3нФ, RУ=510 кОм (S3 2 күйінде, S5 1 күйінде) орнатыңыз. FM 400 – 16000 Гц интервалында өзгерте отырып, КТ5 нүктесіндегі төмен жиілікті кернеудің U FM нен тәуелділік графигін құрыңыз.

7.3. Бір сұлбада U (FM) екі графикті RН =100 кОм және RН =10 кОм құрыңыз. Модуляцияның жоғары жиіліктер аймағындағы бұрмаланулар деңгейіне RН мәнінің әсері туралы қорытынды жасаңыз.

7.4. Модуляцияның жоғары жиіліктерде кіріс сигналдың айналып шығушына қатысты шығыс кернеудің фазалық жылжуын байқаңыз. Осциллограмманы салыңыз.

8. Жж кернеу фильтрация коэффициентін анықтаңыз.

8.1. Детектор кірісіне максималды амплитудалы 400 - 500 кГц жиілікті модуляцияланбаған сигналды беріңіз. Детектор кірісіндегі кернеуді UВХ өлшеңіз.

Осциллограф көмегімен жүктемедегі кернеудің жоғарыжиілікті құраушысының шамасын UW RН =1,5 кОм, RН =10 кОм және RН =51 кОм мәндер үшін есептеңіз.

8.2. Фильтрация коэффициентін есептеңіз

Шығарылған мәндерді төмендегі формула бойынша есептелген мәндермен салыстырыңыз

.

8.3. m=50% орнатыңыз. Әр түрлі мәндері RН үшін КТ6 кернеу осциллограммаларын байқаңыз. RН=1,5 кОм мәні үшін жүктемедегі жоғарыжиілікті кернеудің төмен сапалы фильтрациясына назарыңызды аударыңыз, яғни сигнал сызығы жуандап бұзылады.

9. Кернеуді екі есе көбейту бойынша жұмыс жасайтын детектор сұлбасын зерттеңіз. S2 қосқышты 2 күйіне, s1, s3, s4 и s5 – 1 күйіне орнатыңыз.

9.1. Детектор кірісіне максималды амплитудалы АМ сигналын беріңіз. Осциллографта детектор кірісіндегі және шығысындағы кернеуді байқаңыз.

1.п. сәйкес аналогия бойынша зерттеу жасаңыз. Өлшенген КВ және КД мәндерін сәйкесінше бірдиодты детектор көрсеткіштерімен салыстырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]