Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

Зертханалық макеттің сипаттамасы.

Макет құрамына диодтық детектор мен коммутация тізбектері кіреді. Макеттің сыртқы көрінісі 1 - суретте көрсетілген.

S2 қосқыш көмегімен детектор сұлбасын өзгертуге болады. 1 күйіндегі – VD1 диод негізіндегі тізбектес сұлбасы, 2 күйінде – VD1 және VD2 диодтар негізінде кернеуді екіге көбейтуімен детектор сұлбасы.

ЖЖ сигнал макет кірісіне коаксиалды разъемдар КТ1 және КТ2 арқылы кіреді.

Бірінші жағдайда C1 конденсатор арқылы детектор кірісіне түседі. Жұмысшы жиіліктер кең диапазонда өзгереді (кепілдеме берілген диапазоны - 400 – 500 кГц).

Екінші жағдайда сигнал бір каскадты резонансты АЖК арқылы түседі, оның жиілігі (400 – 500 кГц) тербелмелі контур L1 - C2 параметрлері мен детектордың кіріс сыймыдылғымен анықталады. S1 кілт көмегімен детекторды АЖК контурынан ажыратуға болады.

S3 қосқышы детектордың жүктеме кедергісін Rн өзгертеді. 5 күйінде конденсатор С4=50 нФ қосылады.

S3 қосқыш орналасуы

1

2

3

4

5

Rн , кОм

51

10

1,5

100

100

Сн , нФ.

3

53

Диодтың тұрақты құраушысы микроампртметрмен өлшенеді. Өтетін тоқтың реалды шамасы №4 панельде орналасқан Р1 өлшеуіштің цифрлық индикаторында көрсетіледі.

Диод арқылы өтетін тоқ пішінін S4 2 күйіне келтіріп осциллограф көмегімен КТ4 байқауға болады.

S5 қосқыш R7 немесе R8 резистрларды қосады, олар күшейтуші каскадтың кіріс кедергілерді белгілейді. R7 = 510 кОм; R8 = 6,2 кОм.

Жұмысты орындау үшін №2 панельде орналасқан ЖЖ және ТЖ генераторлары орналасқан.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Амплитудалық детектордың күшейтілген және бәсеңдетілген сигналдар режиміндегі жұмысын зерттеу (2 - сурет).

1.1. Күшейтілген және бәсеңдетілген сигналдар режиміндегі түзету коэффициентін өлшеу. Макеттегі қосқыштарын келесі күйіне орнатыңыз: S1 – 1, S2 – 1, S3 – 1, S4 – 1, S5 - 1. Сонымен Rн=51 кОм, Сн=3 нФ.

ЖЖ генератордан модуляцияланбаған 400 – 500 кГц жиілігімен КТ1 кернеуді Uвх = 1 В беріңіз (ТЖ генератор шығысындағы кернеі нольге тең болу қажет). ЖЖ кернеу шамасын вольтметр көмегімен КТ3 өлшеңіз.

Вольтметр көмегімен детектор жүктемесіндегі тұрақты кернеуді өлшеңіз (КТ5). Бұл үшін вольтметрді тұрақты кернеуді өлшеу Для этого вольтметр переключить в режим измерения постоянного напряжения.

Түзету коэффициентін есептеңіз КВ = U= / Um вх , мұндағы Um вх – детектор кірісіндегі кернеу амплитудасы Um вх = 1,414 Uвх .

Генератор шығысындағы кернеуді 100 мВ дейін азайтыңыз (бұл үшін КТ1 – ге «–20дБ» кернеуді беріңіз). Вольтметр көмегімен КТ3 кернеудің өлшеп, түзету коэффициентін есептеңіз. Бұл коэффициентті күшейтілген сигнал жағдайындағы КВ мәнімен салыстырыңыз.

1.2. Күшейтілген сигналдар режим кезіндегі детектордың беру коэффициентін өлшеңіз (3 - сурет).

ЖЖ генератордан кернеуді Uвх = 1 вольт беріңіз. ЖЖ кернеу шамасын вольтметрмен өлшеңіз.

ЖЖ генератордың ішкі модуляция режимін қосыңыз.

Кіріс және шығыс сигналдарды байқаңыз. Шығыс сигналдың бұрмаланурардың пайда болуын байқаңыз. Детектор шығысындағы дыбыстық жиілікпен кернеу амплитудасын Um анықтаңыз. Детектордың беру коэффициентін есептеңіз

KД= Um /m Um0ВХ

1.3. Детекторлық сипаттамасының желісіздігінен пайда болатын АМ сигналдың бұрмалануларын зерттеңіз. Кіріс сигналдың модуляция тереңдігін m=90% мәніне дейін өзгертіп, шығыс кернеудің бұрмаланулардың пайда болуын байқаңыз.

Генератордың шығысындағы сигналдың орта амплитудасын Um0ВХ =100 мВ азайтып, бұрмаланулардың көбейгенін байқаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]