Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №4 «модуляцияның әр түрлі типтерін зерттеу» Жұмыс мақсаты:

Біржолақты модуляцияланған сигналдардың артықшылықтарын, параметрлерін, біржолақты модуляцияны іске асыру әдістерін, тәжірибе ретінде біржолақты модуляцияны іске асыратын құрылғыны зерттеу.

ЖМ сигналдардың параметрлерін, жиіліктік модуляцияны іске асыру әдістерін, жиілік бойынша басқарылатын автогенераторлардың құрылу принциптерін зерттеу.

Жұмыстың мазмұны:

1. Ауысымды блоктың құрылымын зерттеу.

2. АМ сигналын, жабыққан тасымалдаушымен АМ сигналын, модуляциялайтын кернеудің әртүрлі параметрлері кезіндегі біржолақты модуляцияланған сигналын осциллографпен зерттеу.

3. АМ сигналдың, жабыққан тасымалдаушымен АМ сигналдың, модуляциялайтын кернеудің әртүрлі параметрлері кезіндегі біржолақты модуляцияланған сигналдың спектрлік құрамын зерттеу.

4. БЖМ сигналдың фильтрлі құру әдісін зерттеу.

Зертханалық макеттің сипаттамасы

Зерттелетін макеттің (1 -сурет) құрамына тербелмелі контурда варикап жалғанған радиожиіліктің автогенераторы ГРЧ кіреді. Генератор жиілік бойынша «ЧАСТОТА» реттеуішпен 435 кГц – 445 кГц диапазонында өзгереді. Шығыс кернеудің амплитудасы «АМПЛ.» реттеуішпен өзгереді. Радиожиіліктің кернеу амплитудалық және баланстық модуляторлардың ЖЖ кірістеріне беріледі.

Дыбыстық жиіліктің модуляциялайтын кернеу төмен жиілікті генератордың шығысынан КТ2 – ге беріледі, дыбыстық жиілікті күшейткішпен УЗЧ күшейтіліп АМ және БМ төмен жиілікті кірістеріне беріледі.

Баланстық модулятордың шығысы жолақты фильтрдің ПФ (орта жиілік fФ=455 кГц, өткізу жолағы 2∆fФ ≈ 12 кГц) кірісімен жалғанған. Фильтрдің шығысында жабыққан тасымалдаушымен БЖМ сигналын шығаруға болады. Жұмысты орындау үшін екі арналы осциллографты қолдану қажет.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Амплитудалық модулятордың жұмысы мен АМ сигналдың параметрлерін зерттеу.

1.1. 2 - сурет бойынша жалғануларды ұйымдастыру. Жиілік өлшеуішті «ВНЕШ.» режимге қосыңыз. Спектр анализатордың шығысын КТ4I жалғаңыз.

1.2. ГРЧ жиілігін fВЧ = 440 кГц және шығыс кернеудің максималды амплитуда күйіне келтіріңіз.

1.3. ТЖ генератордың жиілігін 10 кГц орнатыңыз. Вольтметр бойынша ТЖ генератордың шығыс кернеудің 1,0 Вольт тең болатын күйіне келтіріңіз.

1.4. Осциллографтың II кірісін КТ4 жалғаңыз. Осциллографтың кірістер коммутаторын II кірісіне берілетін кернеуді көрсету режиміне орнатыңыз. Развертканы синхронизациялау – I кірісі бойынша. Развертка ұзақтығы 50 мкс/дел.

1.5. Осциллограф көмегімен амплитуда бойынша модуляцияланған кернеудің формасын зерттеңіз. «УСИЛЕНИЕ ЗЧ» реттеуішпен кернеуді өзгертіп модуляция тереңдігін зерттеңіз. Модуляция тереңдігін 0,5 тең орнатыңыз. Осыдан кейін «УСИЛЕНИЕ ЗЧ» реттеуіштің жайын өзгертпеу қажет. m=0,5 болғанда UНЧ0,5 кернеудің мәнін жазыңыз.

1.6. Спектр анализатор көмегімен АМ сигналдың спектрлік құрамын анықтаңыз.

2. Баланстық амплитудалық модулятордың жұмысы мен жабыққан тасымалдаушымен ам сигналдың параметрлерін зерттеу

2.1. Спектр анализатордың кірісін КТ5I жалғаңыз. Осциллографтың II кірісін КТ5 жалғаңыз.

2.2. Осциллографта баланстық модулятордың шығысындағы кернеудің формасын зерттеңіз. ТЖ генератордың шығыс кернеуін өзгертіп модуляция

тереңдігін зерттеңіз. UНЧ0,5 күйіне келтіріңіз.

2.3. Спектр анализатор көмегімен сигналдың спектрлік құрамын анықтаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]