Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

7. Жиіліктің импульстік автоқұрудың ілмегіндегі процесстерін осциллографпен зерттеу.

Осциллографтың «Y1» кірісін КТ2, ал «Y2» кірісін – КТ3 жалғаңыз. Осциллографтың синхронизациясы – «Y1» кіріс бойынша. М және N ауыстырып КТ2 мен КТ3 импульстер ұзақтығы мен өзара орналасу өзгерістерін байқаңыз. «Y2» кірісін КТ4 жалғаңыз. М және N өзгерте отырып КТ2 мен КТ4 пайда болатын процесстерін зерттеңіз. Жиілік өлшегіш пен КТ5 қосылған тестердегі көрсеткіштерін зерттеңіз.

1 – сурет. «Синтезатор частоты» ауысымды блогының көрінісі

Зертханалық жұмыс №3 «сымсыз байланыс құрылғыларын зерттеу»

Жұмыс мақсаты:

АМ сигналдардың супергетеродинді қабылдағыштың жұмыс істеу принципін зерттеу. Радиохабарландыру қабылдағыштың сипаттамалары мен параметрлерін тәжірибелік зерттеу.

Жұмысты орындаудың алдында оқылатын негізгі сұрақтар

1. Радиоқабылдағыш құрылғыларына қойылатын талаптар. Радиоқабылдағыштың хабар қабылдаудың сапасын анықтайтын негізгі сипаттамалары.

2. Қабылдағыштағы күшейтуді автоматты реттеу (АРУ) әрекеті.

3. Радиоқабылдағыштағы сигналдардың бұрмалануы.

Жұмыстың мазмұны:

1. Радиоқабылдағыш макетінің бақылау нүктелеріндегі кернеулерді осциллографпен зерттеу.

2. Кіріс тізбегінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасын алу.

3. Аралық жиілік күшейткіштің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасын алу.

4. Радиоқабылдағышты сигнал жиілігіне баптау.

5. Айналы сигнал бойынша қабылдағыш талғамдылығын анықтау.

6. Көршілес арнасы бойынша қабылдағыш талғамдылығын анықтау.

Зертханалық макеттің сипаттамасы

Зертханалық макет (1 - сурет) ауысымды блок түрінде жасалған және бақылау-өлшеуіш аппаратурасымен бірлесіп радиоқабылдағыштың әртүрлі нүктелерінде сигналдар параметрлері мен формасын зерттеуге мүмкіндік береді. Макеттің функционалды сұлбасында бақылау-өлшеуіш аппаратурасын жалғайтын разъемдері орналасқан:

1. Гетеродиннің жиілігін реттеуіші «НАСТРОЙКА».

2. Гетеродиннің ажыратқышы.

3. Күшейтуді автоматты реттеудің (АРУ) ажыратқышы.

4. ДЖК (УЗЧ) шығыс кернеудің реттеуіші «ГРОМКОСТЬ».

АМ радиосигнал көзі ретінде зертханалық құрылғының №2 блогында орналасқан ЖЖ генераторы қолданады. ЖЖ генераторы жиілік бойынша үш диапазонда өзгере алады, құрамына жиілік индикаторы кіреді. Генератордың шығыс кернеуі «0 дБ» ұясында 1 В тең (ЖЖ деңгейі индикаторы 0 дБ күйіне келтірген жағдайда, жүктемесіз). Амплитудалық модуляция ТЖ генератормен берілетін кернеумен іске асырылады. Модуляция тереңдігі осциллографпен көрсетіледі.

Қажет болса сыртқы генератор қолдану мүмкін (Г4-102 ұсынылады).

Зертханалық құрылғының №4 блогында екі коммутациялайтын кірісі бар жиілік өлшегіші орналасқан. Бір кірісі гетеродиннің шығыс кернеудің жиілігін өлшеуге арналған. Екінші кірісін сыртқы ЖЖ генераторын қолданған жағдайда пайдаланады.

Қабылдағыш шығысын ауыстырып қосқыш көмегімен (зертханалық құрылғының №5 панельде орналасқан) дауысзорайтқыш немесе жүктеменің эквиваленті болып табылатын резистормен RН жалғанады.

Жұмысты орындау үшін келесі құралдар міндетті болып табылады:

- екіарналы осциллограф;

- ауыспалы кернеудің милливольтметрі.

Жұмысты орындағанда еске алу қажет:

1. Макет радиохабарландыру станцияларды қабылдауға арналмаған, тек ғана оқу мақсатымен.

2. Қабылдағыш тар ауыстыру диапазонына ие. Қабылдағышты күйіне келтіру орта жиілігі 800 кГц тең. Аралық жиілігі 455 кГц тең.

3. Макеттің разъемдарында кернеулер қабылдағыш сұлбасындағы реалды кернеулерге сәйкес болмау мүмкін, өйткені макеттің принципиалды сұлбасы бақылау-өлшеуіш аппаратураның қосылуы радиоқабылдағыш параметрлерінің өзгеруіне әкелмейтін болып құрылған.

4. Өлшемедерді өшірілген дауысзорайтқышпен (№5 панельдегі ауыстырып қосқыш – RЭКВ. күйінде) жасау керек. Дауысзорайтқышты қабылдағышты күйіне келтіргенде қысқа уақытқа ғана қосады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]