Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBS_MU_lab_nov_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.09 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

Айтмагамбетов А.З., Кулакаева А.Е.

Сымсыз байланыс технологиялары

пәні бойынша

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (рэт) бакалавриат мамандығы үшін

А лматы 2010ж.

Кіріспе

А.С. Попов ақпаратты электромагниттік сәулелену көмегімен беру принципін ашқаннан кейін, ғалымдар өз білімдерін перспективалы радиотаратушы және радиоқабылдаушы құрылғыларды жетілдіруге бағыттады. Осылай радиотехника ғылымы пайда болды, оның басты мәселесі - ақпараттың үлкен қашықтықтарға сымсыз әдісімен таралуы. Қазіргі уақытта радиобайланыс сымды байланыс құралдарын қысым көрсетіп шығарып жатыр, өйткені тек ғана радиобайланыс арқылы жылжымалы объектілермен байланысты ұйымдастыру үшін мүмкіндік бар.

Берілген зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар радиобайланыс жүйелерінің қабылдап-таратушы құрылғыларды зерттеу кезінде пайда болатын сұрақтарды қамтиды. Әдістемелік нұсқаулар студенттерді радиотехникадағы физикалық процесстерімен, темір жол көлігіндегі радиобайланыстың негізгі элементтері және құрылғыларымен таныстырады, радиоқұрылғылардың кәсіби эксплуатациясын қамтитын теориялық және тәжірибелік негіздері мен «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» маманына қажетті көлемдегі есептер берілген.

Берілген нұсқауларда тербеліс жүйелердің сипаттамаларын, сигналдарды генерирлеу құралдарын, модуляция түрлерін, АМ сигналдардың супергетеродинді қабылдағыштың, амплитудалық және жиіліктік детекторлардың, күшейтудің автоматты реттеу жүйесінің жұмыс істеу принципін зерттеу әдістері көрсетілген.

Зертханалық жұмыстардың тақырыптары пәннің барлық бөлімдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Әрбір зертханалық жұмыстың құрамында: жұмыстың мақсаты, теориялық бөлімі, қолданылатын жабдықтау, жұмысты орындау тәртібі. Теориялық бөлімінде радиоэлектрониканың негіздері берілген. Зертханалық стендтер ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне сәйкес.

Зертханалық жұмыс №1 «сымсыз байланыс жүйелеріндегі сигналдарды қабылдау»

Жұмыстың мақсаты:

Амплитудалық детекторлардың жұмыс істеу принциптері мен негізгі сипаттамаларын зерттеу.

Жиіліктік детекторлар құрылу принциптерін зерттеу, ЖМ-сигналдардың детектрлеу процесстерінің эксперименталды жолдарын зерттеу:

- тербелістің жиілік өзгерісі амплитуда өзгерісіне түрлендіру негізінде, келесі амплитудалық детектор көмегімен детектрлеумен;

- тербелістің жиілік өзгерісі фаза өзгерісіне түрлендіру негізінде, келесі фазалық детектор көмегімен детектрлеумен.

Жұмыстың мазмұны:

1. Амплитудалық детектордың күшейтілген және бәсеңдетілген сигналдар режиміндегі жұмысын зерттеу.

2. Жүктемнің уақыт тұрақтысы артық болғандықтан пайда болатын бұрмалануларды зерттеу.

3. Тұрақты және ауыспалы тоқ үшін детектордың жүктемелері теңсіздігінен пайда болатын желісіз бұрмалануларды зерттеу.

4. Диод арқылы өтетін тоқ импульстарының пішінін зерттеу.

5. Статикалық детекторлық сипаттамаларын зерттеу.

6. Динамикалық детекторлық сипаттамаларын зерттеу.

7. Детектордағы желілі бұрмалануларды зерттеу.

8. ЖЖ кернеудің фильтрлеу коэффициентін анықтау.

9. АЖК пен амплитудалық детектордың бірегей жұмысын зерттеу.

10. Жиіліктік детектордың бапталмаған контур негізінде детекторлық сипаттамасын алу (детектор № 1).

11. Бөлшекті жиіліктік детектордың детекторлық сипаттамасын алу (детектор № 2).

12. Фазалық детектор негізіндегі жиіліктік детектордың детекторлық сипаттамасын алу (детектор №3).

13. Детекторлар шығыстарындағы сигналдың бұрмалануларын байқау.

14. Детекторлардың жиіліктік сипаттамаларын алу.

15. Детекторлардың беру коэффициенттерін салыстыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]