
- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
9 Тапсырма
1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз. Тақырып жолын оқыңыз.
2. Мәзір қатарынан Сервис Бума қасиеттері Жалпы (СервисСвойства папкиОбщие) командаларын орындаңыз. Бумаларды тек бір орында ашу (Открыть папки в одном и том же месте) өрісі тұсына белгі орнатыңыз.
3. ОК батырмасына басыңыз.
4. С: дискісінің жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.
5. Windows бумасы жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.
6. Бас меню (Главное меню) бумасының жарлығына екі рет шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.
7. Бағдарламалар (Программы) бумасының жарлығына екі шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.
8. Терезені оң жақ жоғарғы бұрышқа ауыстырыңыз.
9. Терезенің өлшемін, ол экранның оң жағын алып тұратындай етіп өзгертіңіз.
10. Іске қосу (Пуск) батырмасы арқылы бас менюді ашып, Бағдарламалар (Программы) жолына өтіңіз.
11. Іске қосу (Пуск) батырмасы менюін ашық тұрған терезе мазмұнымен салыстырыңыз.
12. Терезені жабыңыз.
13. Іске қосу (Пуск) батырмасының жанама менюін ашыңыз.
14. Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз. Сонда өзіңіз бұған дейін жауып қойған Бас меню (Главное меню) терезесі пайда болады.
15. Терезені жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Тапсырмалар тақтасының (Панель задач) атқаратын қызметі.
2. Windows-тің негізгі элементтеріне анықтама беріңіз: объект, шартбелгі, бума, құжат, файл, жарлық.
3. Менің компьютерім (Мой компьютер) жарлығының қызметі.
Себет (Корзина) жарлығының қызметі.
4. Бума құру алгоритмін келтіріңіз.
5. Объектіні жылдам іздеу алгоритмін айтыңыз.
6. Жарлық құру алгоритмін айтыңыз.
7. Объектіні қалай өшіруге болады?
8. Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі?
9. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының қызметі?
8. Жұмыс үстелі қандай мақсатта қолданылады?
9. Проводник не үшін қолданылады?
10.Контекстік меню дегеніміз не?
11.«Бума», «файл» және «жарлық» деп нені түсінеміз?
№6 зертханалық жұмыс
Windows XP жүйесінің стандартты программалары
Жұмыстың мақсаты:
қарапайым мәтіндік редакторларымен жұмыс жасауды үйрену;
қарапайым және инженерлік калькуляторларда есептер шығарып үйрену.
Блокнот
Блокнот- кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы программа. Блокнот программасының аты ағылшынша Notepad және ол Notepad.exe файлында сақталады. Оны іске қосу үшін кез келген мәтіндік файлдың шартбелгісіне тышқанды екі рет шерту жеткілікті. Бұл кезде Блокнот программасы іске қосылады да, белгіленген файл автоматты түрде ашылады. Бірақ, Блокнот файлдардың көмегімен көлемі өте үлкен болған жағдайда оны аша алмайды, мұндай жағдайда автоматты түрде WordPad қуатты қолданбалы программасы іске қосылады.
Блокнот программасының көмегімен жаңа файл құру үшін, оны меню арқылы іске қосу қажет. Ол үшін Бас менюді ашып, Программалар-Стандарттар-Блокнот жолын таңдаймыз.
4.1-сурет.
Блокнот программасының терезесі
Бұл программада құжаттарды жазуға, сақтап қоюға, баспаға шығаруға, яғни оны мәтіндік редактор ретінде қолдануға болады.
Блокнотты күнделік ретінде қолдану
Блокнот программасы күнделік толтыру мақсатында қолдануға болады. Ол үшін келген мәтіндік файлды ашамыз да, бірінші жолына .LOG (міндетті түрде нүктеден кейін, бас әріптермен) командасын теріп жазған соң, файлды сақтап қоямыз. Енді осы файлды қосымша ақпараттармен толтыру үшін оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы Блокноттың көмегімен ашсақ, файл соңында ағымдағы уақыттың автоматты түрде жазылып қалғанын көруге болады. Файлды әрбір ашып жұмыс істегеннен кейін, оның соңына ағымдағы уақыт жазылып отырады. Блокнот программасында жұмыс істеп отырып, Ғ5 пернесін басу арқылы кез келген уақытта ағымдағы уақытты да жазу мүмкіндігі бар.
WordPad мәтіндік редакторы WordPad мәтіндік редакторының Блокнот программасына қарағанда мүмкіндіктері кеңірек, ол құжаттарды құру, толықтыру және қарау т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
WordPad программасы компьютер жадының көлеміне және бір уақытта ашық тұрған программа санына қарамай кез келген көлемді файлдармен жұмыс істей алады.
WordPad редакторын іске қосу үшін өңдеуге қажетті құжаттың шартбелгісіне тышқанды екі рет шертеміз немесе бас менюді ашып Програмаммалар-Стандарттар-Мәтіндік редактор WordPad жолын таңдаймыз.
4.2-сурет.
WordPad
программасының
терезесі
Қолданылатын қаріп түрін енгізу
Қ
аріп
түрін (мөлшері және түрі) өзгертуге
қажетті мәтін үзіндісін ерекшелеп
аламыз. Меню қатарынан Формат-Қаріп
бөлі-мін таңдаймыз. Ашылған сұхбат
терезеде жұмыс істеп отырған компьютерге
орнатылған қаріптің ішінен басқа түрін
таңдау, сондай-ақ басқа параметрлерін-
түсін, өлшемін, сызылымын (жартылай
қарайтылған, қисайтылған (курсив), асты
сызылған) көрсету мүмкіндігі бар.
Файл және Түзету менюлері
Файл менюі
Құру (Создать). Менюдің бұл командасы жаңа құжат құру үшін қолданылады. WordPad редакторында Құру командасын орындағанда, жаңа терезеде жаңа құжат құрылады.
Ашу
(Открыть).
Бұл команда алдын ала дайындалған
құжаттарды ашу мүмкіндігін береді.
Команда орындалған соң, экранда қажетті
құжаттың сақталған орнын және файлдың
атын көрсетуге тиісті сұхбат терезесі
пайда болады.
Сақтау.
Құжатты ағымдағы версиямен
және
бұрын сақтаулы тұрған атымен дискіге
жазады.
...деп сақтау (Сохранить как) командасын орындағаннан кейін қажетті буманы және жаңа файлдың атын өзгертуге мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады. Көрсетілген атпен бұрын басқа құжат сақталынған болса, сол файлды жаңа файлға өзгерту қажеттігін растау туралы қосымша сұралынады. Бұрынғы файлдың үстінен, яғни сол атпен немесе жаңа атпен жазу әрекетін өз қалауымызша орындаймыз.
Баспаға жіберу (Печать) командасы құжатты қағазға басу шығару мақсатында принтерге жіберу үшін қолданылады.
Құжаттар тізімі Менюдің төменгі бөлігінде соңғы кездерде өңделген, төрттен көп емес құжаттардың сақталған орны және аты толық жазылып тұрады. Шығу (Выход) командасы программамен жұмысты аяқтау үшін қолданылады.
Түзету менюі. Болдырмау. Бұл команда соңғы орындалған әрекет әсерін болдырмайды. Яғни, кез келген орындалған соңғы команданы немесе пернелер тақтасынан енгізілген соңғы символды жояды.
Қиып алу және көшіру. Бұл екі команда құжат фрагменттерін басқа орынға немесе басқа құжатқа енгізу мақсатында қолданылады.
Кірістіру (Вставить) командасы буферге алынған ақпаратты мәтін ішіне енгізу үшін қолданылады.
Т
үзету
менюінің Табу (Найти), Ары қарай табу
(Найти далее) және Ауыстыру (Заменить)
командалары барлық мәтіндік редакторларда
кездеседі. Олар керекті символдарды не
сөз тіркесін іздеп тауып, басқа символға
ауыстыру қызметін атқарады.
Тапсырмалар
1. Блокнот программасын іске қосыңыз. Мына мақалдарды теріп жазыңыз да Студент деген атпен файл ретінде сақтап қойыңыз.
Poverty is no sin (Кедей болу-күнә емес)
As you sow, you shall mow (Не ексең, соны аларсың)
Lost time is never found again (Өткен уақыт қайта оралмайды)
2. Ағылшынша жазылған мақалалардың тұсына қазақшасын теріп жазыңыз. Қаріптің мөлшерін үлкейтіп, жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп өзгертіңіз.
3. Үш мақалды үш түрлі түске өзгертіңіз.
4. Осы мақалалардың соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.
5. WordPad редакторында төмендегі өлең шумақтарын теріп жазып, Файл деген атпен сақтап қойыңыз:
Өмір деген шешуі жоқ мың сұрақ,
Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.
Мың сұраққа жауап таба алмадым,
Бұл өмірде көп болғаны-ау тылысым-ақ .
6. WordPad редакторында жаңа файл құрыңыз. Апта ішіндегі күн аттарын маркерленген тізім түрінде жазыңыз. Әр күн атын әртүрлі түспен, әртүрлі көлемге өзгертіңіз. Апта деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
7. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Файл деген атпен сақталған құжатты ашыңыз. Осы файлдың соңына Апта файылындағы мәтіннің көшірмесін орналастырыңыз.
8. Маркерленген тізімді алып тастаңыз. Файлдың атын өзгертіп Апта 1 деген атпен сақтаңыз.
9. Апта 1 файлының соңына Студент файлындағы мақалалардың көшірмесін орналастырыңыз.
10. Менің құжаттарым бумасыда Топ (мамандықтарынызды) деген атпен жаңа бума құрыңыз. Осы бумаға WordPad-та жазылған файлдарыңызды, Блокнотта жазылған файлдарыңызды сақтап қойыңыз.
Калькулятор программасы
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші программасы «Калкулятор» арқылы көруге болады. Калькулятордың 2 түрі бар: қарапайым және инженерлік.
Калькуляторды іске қосу үшін мына амалдар тізбегі орындалады:
Пуск--Программы—Стандартные-- Калькулятор.
Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне көшу Вид менюінен оның типін (түрін) таңдау арқылы іске асады. Калькулятордың функционалдық батырмалары:
B
ack-
соңғы енгізілген цифрды өшіреді;
CE- индикация алаңына енгізілген санды өшіреді;
C-барлық ендірілген информацияларды өшіреді;
Sqrt-квадрат түбірді есептейді;
1/x-енгізілген санның кері мәнін есептейді;
MC-жадты өшіреді;
MR-жадтағы санды индикаторға көшіреді;
MS-индикатордағы мәнді жадқа жазады;
M+ -индикатордағы санды жадтағы санға қосады.
Пуск—Программы--Стандартные--Калькулятор—Вид--Инженерный.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ 2-3 міндеттер орындайтын бірнеше батырмалары бар. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (орта мәнін табуға) тригонометриялық, логарифмдік, дәрежелі мәндерді есептеуге болады.
Инженерлік калькулятор
С
татистикалық
есептер Калькулятордың сол жақ бөлігіндегі
көк таңбалары бар батырма-лар арқылы
орындалады, олардың көмегімен бірсыпыра
сандар тізбегін енгізіп, сол сан-дардың
арифметикалық ортасын, қосынды-сын және
стандарттық ауытқуын анықтай аламыз.
Статистика режимінде жұмыс атқару үшін
мынадай ережелерді білген жөн:
Статистика терезесі Sta батырмасын шерткен кезде ашылып, оған сандар тізбегін енгізуге мүмкіндік аламыз.
Калькулятор панелінде терілген сан Статистика терезесіне Dat батырмасын шерту арқылы жіберіледі.
Калькулятордың үш батырмасы енгізілген сан тізбегінің статистикалық функцияларын анықтайды, олар:
Sta- статистика терезесін ашады
Ave-статистика терезесіндегі сандардың орта мәнін есептейді
Sum-статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді
S-статистика терезесіндегі ығыстырылмаған сандардың ортаквадраттық ауытқуын есептейді
Dat - статистика терезесіне сандардың бейнесін шығарады.
Статистикалық есеп шығаруға бір мысал қарастырайық:
Калькуляторда 12,56 санын теру.
Sta батырмасын шертіп, Статистика терезесін шығару.
Dat батырмасын шерту.
Екінші 12,89 санын теріп, Dat батырмасын шерту.
Үшінші 12,33 санын теріп, Dat батырмасын шерту.
Sta, батырмасын шертіп, Статистика терзесіне шығып, енгізілген сандарды қарауға, лоар көп болған жағдайда жоғары төмен жылжуға мүмкіндік беретін жүгіртпені пайдалануға болады.
Ret батырмасын шертіп калькулятор терезесіне ауысу.
Ave батырмасын басып, сандардың арифметикалық ортасын табамыз-ол 12,593333.
Sum батырмасын басып, сандардың қосындысын табамыз-ол 31,18.
S батырмасын басып стандартты ауытқуды анықтаймыз, ол-0,28148.
Бақылау сұрақтары:
Калькулятордағы MC, MR, MS, M+…батырмаларының қызметі қандай?
Санның квадраттық түбірін қалай анықтауға болады?
Индикаторда терілген санның берілген пайызын қалай табады?
Қарапайым калькуляторды инженерлік калькуляторға қалай ауыстырамыз?
Блокнот программасы қалай іске қосылады? Қандай мүмкіндіктері бар?
WordPad редакторы қалай іске қосылады? WordPad редакторының Блокнот программасынан қандай айырмашылығы бар?
WordPad программасының меню қатарындағы командаларын сипаттаңыз.
Мәтінді туралау әрекеті қалай іске асырылады?
Маркерленген тізім қалай құрылады?
№7 зертханалық жұмыс Лабораториялық жұмыс №1