Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.27 Mб
Скачать

1 Тапсырма

1. Жұмыс үстелінде орналасқан шартбелгілермен танысып, қарап шығыңыз.

2. Жұмыс үстеліндегі шартбелгілерді қалауыңызша орналастырыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішімен шартбелгіні нұсқап және оның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қажетті бағытқа қарай тасымалдау керек.

3 .2-сурет. Жұмыс үстелінің жанама мәзірі

3. Кері әрекетті яғни, шартбелгілерді жұмыс үстелінің сол жағына қарай автоматты түрде жинаңыз. Жұмыс үстелінің жанама менюін шақырып Шартбелгілерді реттеу → Автоматты түрде (Упорядочить значки→ Автоматически) командасын орындаңыз.

4. Іске қосу (Пуск) батырмасы арқылы Бас менюді ашып қараңыз. Тапсырмалар тақтасын Жұмыс үстелінің оң жағына тігінен орналастырып, қайта орнына әкеліңіз.

2 Тапсырма

1. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюді шақырып Құру→ Бума (Создать → Папку) командасын орындаңыз.

2. Құрылған жаңа бумаға Топ деген ат беріңіз, яғни пернетақтадан енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз.

3. Құрылған буманы ашыңыз.

4. Ағымдағы бумада тағы екі бума құрыңыз, оларға Жұмыс үстелі және Қосымша деген ат беріңіз.

5. Жұмыс үстелі бумасында Microsoft Word программасының құжатын құрып, оған Жауап деген ат беріңіз. Ол үшін бума терезесінің бос жерінде жанама менюді шақырып, Құру→Microsoft Word құжатын (Создать→Документ Microsoft Word) командасын орындаңыз. Пернетақтадан құжаттың (файлдың) атын теріп, мысалы Жауап, <Enter> пернесін басыңыз.

6. Жауап құжатын ашып, өзіңіз жұмыс істеп отырған компьютердің Жұмыс үстелінің элементтерінің аттарын жазып шығыңыз.

7. Құжатты сақтаңыз, ол үшін Файл →Сақтау (Файл→Сохранить) командасын орындаңыз.

8. Қосымша бумасында Сурет деген нүктелік сурет файлын құрыңыз. Ол үшін жанама менюден Құру→Нүктелік сурет (Создать → Точечный рисунок) командасын орындаңыз.

9. Пернетақтадан файлдың атын теріп (Сурет), <Enter> батырмасын басыңыз.

10. Сурет файлын ашып, оның бостығына назар аударыңыз, шаршының суретін салыңыз, оның ішіне үшбұрыш, шаршының сыртын шеңбермен қоршаңыз.

11. Файлдағы өзгерісті Файл → Сақтау (Файл → Сохранить) командасы арқылы сақтап қойыңыз.

3 Тапсырма

1. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, жанама менюден Жою командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде жою әрекетін растаңыз.

2. Жойылған объектіні қалпына келтіріңіз. Ол үшін Себет (Корзина) бумасын ашыңыз, қажетті объектіні белгілеп алып, жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) командасын орындаңыз.

3. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, Delete + Shift, батырмаларын қатар басыңыз. Қалпына келтіруге әрекеттеніңіз. Қалпына келтіруге бола ма, болмаса не себептен?

4 Тапсырма

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік бумасын ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім бумасының шартбелгісіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз, немесе жанама менюден Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз.

2. Терезені қарап шығыңыз және ондағы Тақырып жолы, Меню, Қозғалту жолақтарын (Строка заголовка, Меню, Полосы прокрутки) табыңыз.

3. Саймандар тақтасын экраннан алып тастап, қайта шығарыңыз Меню→Түр→Саймандар тақтасы (Меню→Вид→Панель инструментов). Курсормен әрбір батырманы нұсқап, қызметін анықтаңыз.

4. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының жарлығын ерекшелеңіз.

Ж анама менюді шақырып Қасиеті (Свойст-ва) пунктін таңдаңыз. Қасиеттер: Жүйе (Свойств: Система) терезесі пайда болады.

5. Жалпы (Общее) ішкі бетіндегі өз компьютеріңіз жайлы мәліметті түгел оқып шығыңыз, жазып алыңыз.

6. Құрылым (Устройства) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізге қандай құрылғылардың жалғанғанын қарап шығыңыз.

7. Қасиеттер (Свойства) терезесін жабыңыз.

3.3-сурет. Жүйенің қасиеттері терезесі