Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.27 Mб
Скачать

Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.

Жұмыстың мақсаты: Алгоритм ұғымын түсіне білу, қарапайым және әртүрлі қолданбалы есептерді шығару алгоритмін құра білу іскерлігі мен дағдысын қа­лыптастыру, алгоритмнің жазылу тәсілдерін, қасиеттерін және түрлерін ажырата білу. Қарапайым тiл құрылымының ережелерi мен арифметикалық өрнектердің Бейсик тiлiнде жазылуын оқып үйрену.

Алгоритмдiк тiл - алгоритм мен олардың орындалу жолын бiрыңғай және реттеп жазуға арналған белгiлер мен ережелер жүйесi. Бейсик бiр жағынан табиғи ағылшын тiлiне жақын, ол әдеттегi мәтін тәрiздi оқылады және жазылады. Екiншi жағынан, ол математикалық таңбаларды да қамтиды. Мұнда сандар, айнымалы шамалар, функциялар, оператор сияқты ұғымдар көптеп кездеседi. Бiрақ, Бейсик тiлiнде программа жасау үшiн, алгоритмнің атқарылу жолын, қандай амалдар орындау керектiгiн, берiлген мәлiметтер мен алынатын нәтижелер тiзiмiн айқын түрде жетiк бiлу қажет. Сондықтан үйрену алгоритм құрумен, есептi шығару жолын талдаумен, программаны компьютерге енгiзу, тексеру жолдарымен қатар жүргiзiлуi тиiс.

Алгоритмнің жазылуының жалпы түрі

Алгоритм тақырыбы

// алгоритм операндаларын сипаттау

Басы

// аралық айнымалылырды сипаттау

// алгоритмдегі командалар тізбегі- командалар сериясы

Соңы

Мұндағы басы және соңы қызметші сөздері алгоритмді жазудың басын және соңын көрсетеді.

Алгоритмді жазу үшін алдымен оның түрлеріне тоқталайық.

Алгоритмнің сызықтық түрде сипатталуы. Командалары сызықтық түрде бірінен соң бірі бір деңгейде жазылатын алгоритмді сызықтық деп түсінеміз. Алгоритмдік тілдің жалпы жазылу түрі төмендегідей:

алг атауы ( типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтижелер тізімі

басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі

серия

соңы

Алгоритмдік тілде шамалар бүт - бүтін, нақ - нақты, лит - литерлік қызметші сөздерімен белгіленеді.

1-мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.

S= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2

алг аудан ( нақ а,в,с)

арг а,в,с

нәт S

басы нақ Р

P:=(a+b+c)/2

S:= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c))

соңы

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Тармақталу командасы жазылған шарттың орындалуына тәуелді оған кіретін командалардың орындалуын анықтайды.

Тармақталу командасының жалпы түрі:

Егер шарт

Онда 1- серия

әйтпесе 2- серия

бітті

Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар сериясының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1- серия орындалады, ал шарт сақталмаса онда екінші серия орындалады.

  1. Мысал

Функцияның мәнін есептейтін аогоритм құру.

алг есеп(нақ х,у)

арг х

нәт у

басы

егер Х>=0.7

онда у:=sin(x)+cos(3*x)

әйтпесе Y:=cos(x)+abs(x)+1

бітті

соңы

Блок схемалар – арнайы геометриялық фигуралар арқылы орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схемалармен берілетін алгоритм.

Алгоритмді блок-схема түрінде жазғанда арнайы қабылданған мемлекеттік үлгі бойынша мына блоктарды пайдаланады: алгоритм басы мен соңы элиппс, мәліметтерді енгізу мен шығару параллелограмм, ақпаратты өңдеуді есептеулерді тік төрт бұрыш, шарттарды тексеру ромб фигурасының ішіне жазылады.

-басы мен соңы

-енгізу мен шығару

  • -арифметикалық өрнекті есептеу, меншіктеу

- шартты блок

- бағыт бағдар фигуралары

Стандартты функциялар

Бейсик тiлiнде математикада жиi қолданылатын функциялар стандартты функциялар түрiнде жазылады. Олар үш латын әрпiмен белгiленiп, аргументi мiндеттi түрде жақшаға алынады. Төменде сол стандартты функциялар келтiрiлген.

Басқа функциялар (arcsin(x), arccos(x), ctgx т.б. ) жоғарыда көрсетiлген функциялар арқылы жазылады, мысалы:

arcctg(x)=arctg(x)+/2,

, ctg(x)=1 /tg(x),

Математикалық жазылуы

Бейсик тiлiнде жазылуы

sinx

cosx

tgx

arctgx

х

ex

lnx

|x|

х санының одан аспайтын

бүтiн бөлiгi

х санының таңбасы

SIN(X)

COS(X)

TAN(X)

ATN(X)

SQR(X)

EXP(X)

LOG(X)

ABS(X)

INT(X)

SGN(X)

Арифметикалық өрнектер

Бейсик программасында өрнек - дегенiмiз арифметикалық амалдармен бiрiктiрiлген сандар, айнымалылар, функциялар мен массивтер тiзбегi. Өрнектердің жазылуы кәдiмгi математика формулаларының жазылуына ұқсас болып келедi. Бiрақ олардың символдары бiр қатарға жазылады, яғни бөлшектің бөлiмi мен алымы, дәреже көрсеткiштер мен индекстер төмен не жоғары шықпай бiр жолда жазылады.

Амалдардың орындалу кезегi, яғни арифметикалық өрнектердi есептеу кезiндегi амалдардың орындалу реттiлiгi төмендегiдей:

  1. жақша iшiндегi өрнектi есептеу;

  2. функциялардың мәндерiн есептеу;

  3. дәрежелеу;

  4. көбейту және бөлу;

  5. қосу және алу;

Кәдiмгi арифметикалық ереже сияқты, алдымен жақшаның iшiндегi амалдар орындалады. Орындалу ретi бiрдей амалдар солдан оңға қарай орындалады. Төменде өрнектердің жазылуынан мысалдар келтiрiлген.

1-мысал:

Өрнектердің математикалық жазылуы

Бейсик тiлiнде жазылуы

p+lnz2

(A*X^2+B*X+C)/(D-0.25)

2*SIN(X)*COS(X)/SQR(B)

P+LOG(Z^2)

X^(1/3)

2-мысал:

Жиi кездесетiн қателер

Түсiнiктеме

2A+B

2-B

((sin(x)+B)/C+D^2

sinx+B

Көбейту белгiсi жоқ

Екi амал белгiсi қатар тұр

Жабатын жақша жетiспейдi

Функцияның аргументi

Жақшаға алынбаған

Математикада жазылуы Бейсикте жазылуы

22 зертханалық жұмыс