Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.27 Mб
Скачать

Power Point-презентация жасау редакторы

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді Power Point программасының атқаратын қызметімен, мүмкіншілігімен және жұмыс жасау режимдерімен таныстыру.

Power Point– презентация жасаудың орта жүйесінің көшбасшысы. Бұл программаның көмегімен мәтіндік, сандық ақпараттарды жеңіл түрде өңделген слайдтар және диаграммалар түріне айналдыруға болады. Бұл жұмыста төмендегідей тақырыптар қарастырылады:

  • презентация жасау;

  • слайдтар қосу;

  • слайдтар режимі;

  • презентация құрылымы;

  • дизайндар нұсқалары.

1-тапсырма. Презентация құру

К ез-келген презентацияда слайдтар түрі, яғни мәтіндік, графикалық, суреттік болады. Электрондық слайдта қарапайым фото суреттік түрі кездеседі. Power Point программасы мәтіндік және сандық ақпараттарды, сонымен қатар дайын дизайндар нұсқаларын ұсынады.

Power Point программасы іске

1-сурет. Power Point терезесі

қосылғанан кейін презентация терезесінде бірінші титулдық слайд шығады; оның оң жағында Презентация құру терезесі орналасқан (1-сурет). Ол құжат құруға көмектеседі, сонымен қатар алдын-ала сақталған презентацияны ашуға мүмкіндік береді. Жаңа презентация құру бірнеше нұсқалардан тұрады:

  • Жаңа презентация құру;

  • Безендіру нұсқасы;

  • Автомазмұн шебері- алдын-ала құрылған презентация түрлерін ұсынады. Бұл терезеде Құру бөлімінен безендіру нұсқасын таңдауға болады (New From Template). Егер сізде презентация жасаудың тезисі бар болса, оны тек қана дайын мәтін слайдында дайындау керек болса, әрі әрлеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Жалпы нұсқа (шаблон) пунктін басыңыз.

2 . Нұсқа сұхбат терезесі шығады (2-сурет). Бұл безендіру нұсқасы терезесінен сіздер тізімде орын алған безендіру слайды нұсқа түрлерін көресіздер. Осы терезеден сәйкес нұсқа түрлерін таңдауға болады.

3. Галстук нұсқасы белгішесінде тышқан пернесін екі рет шертіңіз. Нұсқа презентация жасау терезесінде қабылданады. Пре-зентация құру терезесінде өзіңіздің жеке нұсқаларыңызды құрғыңыз келсе, оны Windows /Application Data/Templates бумасына сақтаңыз. Нұсқа жалпы (Общие) бөлімінде

2- сурет. Нұсқа сұхбат терезесі

шығады. Оны жаңа бөлімге қою үшін, мысалы барлық нұсқалар фирмасы сияқты, өзіңіз бума құрып, сол бумаға өз нұсқаларыңызды салыңыз.

Б ос презентация құру бөлімін таңдау барысында слайд құру терезесі шығады. Осы терезеден үлгінің бірін таңдауға болады.

4. Осы терезеден Загаловок слайда үлгісін таңдаңыз. Біздің мысалымыз бойынша бұл жоспар құру мәтіні болады.

5. Мәтіннің тақырыбы және тақырып бойынша

3-сурет. Кәдімгі көру режиміндегі титул слайд құру терезесі

мәлімет енгізіңіз.

6. Сақтау командасын орындай отырып, сақтау терезесінде Мои документы бумасына Жоспар деген атпен құжатыңызды сақтаңыз.

2-тапсырма. Кәдімгі көру режимі

Power Point презентациясы өте үлкен сандық слайдтар құруға мүмкіндік береді. Осы үлкен көлемді ақпараттарды басқару үшін программа бірнеше көру режимін ұсынады:

  • Кәдімгі режимі (Обычный режим).

  • Слайдтарды сұрыптау режимі (Сортировщик слайда) - барлық слайдтар экранда тізбектеліп орналасады;

  • Слайдтар режимі- слайдтарды жайлы түрде орналастыру, тұтастыру режимі;

  • Құрылым режимі (Структура)- әрбір слайдтың мәтіндік мазмұнын көрсету және өңдеу режимі;

  • Бетке ескертпе жазу режимі (Страницы заметок)- презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігінде орнадасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

4-сурет. Көру режимінің таңдау батырмалары

1. Әр режимді, көру слайдын қосу үшін қарапайым шерту арқылы бір-бірден үш батырманы кезек-кезек басу арқылы іске асырамыз. Бұл батырмалар сол жақ төменгі қатарда орналасқан. Беттер режимін қосудың екінші жолы- меню қатарынан Вид→Страницы заметок командасын орындау керек.

2. Кезекпен әр батырманы басу арқылы бір режимнен келесі режимге өтіңіз.

3. Ортаңғы батырманы басу арқылы кәдімгі режимге өтіңіз.

Автоматты түрде бос презентация құру немесе дизайндар шаблонын пайдалану

Пайдалану үш аймақтан тұрады: слайд аймағы, құрылғылар қатары, белгі аймағы. Бірінші аймақ әрқашан жалпы түрдегі ағымдағы слайдтан тұрады.

4. Жай көру режимінің аймақтық өлшемін өзгертуге болады. Ол үшін тышқан курсорын аймақтың шекарасына қойып, яғни тышқан курсоры екі жақты стрелкаға айналғанша ұстап, одан соң кнопканы басып шекара сызығын жылжытыңыз. Керекті өлшемге келтіріп тышқан батырмасын жіберіңіз. Жоғарғы жақта стандартты саймандар тақтасы орналасқан. Мұндағы құрылғылар презентацияны ашу, сақтау, көшіру, слайд және объект қосу операцияларын орындайды. Оның ішінде Форматтау тақтасы бар. Форматтау тақтасы қаріптерді өзгертеді. Абзацтарты, тізімдерді форматтайды, анимация қояды.