
- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
Диаграммалар – мәлiметтердi графикалық түрде кескiндеудiң ыңғайлы түрi. Олар берiлген сандық шамаларды өзара салыстыру мүмкiндiгiн бередi. EXCEL –де екi және үш өлшемдi бiрнеше диаграммалар түрлерi бар. Диаграмма тұрғызу үшiн Диаграмма шеберi деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберiн үш әдiспен шақыруға болады:
1-әдiс. Енгiзу диаграмма командасын орындау арқылы;
2- әдiс. Стандартты саймандар панелiнiң Диаграмма шеберi батырмасы арқылы;
3-әдiс. Командалық мәзiр қатарының Диаграмма командасы арқылы.
Осы әдiстердi пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелерi бiрiнен кейiн бiрi пайда болады. Қажет ақпараттарды сұхбат терезелерi арқылы енгiзiп, диаграмма тұрғызуға болады.
1-қадам. Диаграмма түрiн анықтау.
2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәлiметтердi енгiзу.
3-қадам. Диаграмма параметрлерiн енгiзу.
4-қадам. Диаграмманы орналастыру.
1
тапсырма.
«Базар» деген атпен көкеністер бағасына
байланысты диаграмма
т
ұрғызып
әртүрлі түске бояңыз.
Әдістемелік нұсқау
Диаграммаға атау енгiзу
Егер диаграмма шеберi арқылы тұрғызылған диаграммаға атау енгiзiлмесе немесе оны өзгерткiңiз келсе, оны төмендегi әдiстердiң бiрiмен орындауға болады;
1-әдiс. Тышқан курсорын екi рет басып, атауға өзгертiп жазу арқылы;
2-әдiс. ұяшық адресiнiң формула қатарында мәтiн енгiзу арқылы;
3-әдiс. Диаграмма шеберiн қайта шақыру арқылы.
Диаграммаға мәтiндер енгiзу
Кез келген мәтiндi диаграмма аумағына жазғыңыз келсе, электрондық кестенiң формула қатарына өтiп, қажет мәтiндi енгiзе аласыз. Енгiзiлген мәтiндi белгiлеп , көшiруге де болады.
Диаграмма элементтерiнiң көлемiн өзгерту
Диаграмма элементтерiнiң көлемiн өзгерту үшiн, өзгерiске ұшырайтын аймақты белгiлеп алып, пайда болған төртбұрышты қара квадраттарын әрi-берi тарту арқылы өзгертедi.
2 тапсырма. Фирма кірістер көрсеткіштерін абсолюттік және пайыздық қатынаста есептеңіздер. Осы мәндер бойынша фирма кірістерінің өсу диаграммасын тұрғызыңыздар.
Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
Айлар |
Фирманың 1998 жылғы кірістер көрсеткіші (млн. тенге) |
Фирманың 1999 жылғы кірістер көрсеткіші (млн. тенге) |
Фирманың 1999 жылғы кірістер көрсеткіші (%) |
Қаңтар |
180 |
200 |
|
Ақпан |
195 |
210 |
|
Наурыз |
200 |
230 |
|
Сәуір |
213 |
245 |
|
Мамыр |
240 |
270 |
|
Маусым |
254 |
275 |
|
Шілде |
260 |
281 |
|
Тамыз |
265 |
290 |
|
Қыркүйек |
280 |
300 |
|
Қазан |
290 |
315 |
|
Қараша |
300 |
323 |
|
Желтоқсан |
325 |
330 |
|
Барлығы |
|
|
|
Жоғарыдағы кестені теріңіздар. Жол және баған тақырыптары үшін: қаріп – Times New Roman Cyr, мөлшері – 12, сызылымы – полужирный; ал басқа мәтіндер үшін - Times New Roman Cyr, мөлшер 10, сызылым – обычный;
Фирма кірістерін 1999 жылдың әр айында осы 1999 жылдың қаңтар айына қатысты проценттік түрде есептеңіз. Формула =(Ci-$C$3)/$C$3 мұндағы: Сi – i-ші айдың сілтемесі;
$С$3 – фирманың 1999 жылдың қаңтар айындағы кіріс мөлшерінің абсолюттік сілтемесі.
Фирманың 1999 және 1998 жылдар бойынша кірістерінің қосындысын есептеп, әр жыл солңындағы “Барлығы” жолына жазыңыздар.
Кірістердің өсімінің орташа мәнін процентбойынша есептеп нәтижесін төртінші бағанның соңғы жолына жазыңыздар.
Фирманың 1999 және 1998 жылғы ай сайынғы кірістері бойынша диаграмма тұрғызыңыздар. Диаграмма түрі – гистограмма.
Фирма кірістерінің проценттік қатынасы бойынша сызықтық график тұрғызыңыздар.
Кестенің екінші, үшінші және төртінші бағандары бойынша біріктірілген диаграмма тұрғызыңыздар.
Тұрғызылған диаграммаларды редакциялап қалауларыңызша безендіріңіздер.
3 тапсырма. "Емтихан сессиясының нәтижесі" кестесінің орташа балы мәндері бойынша дөңгелек диаграмма тұрғызыңыздар.
Емтихан сессиясының нәтижесі
№ п/п |
Ф. А.Т. |
Математика |
Эконом. Теория |
Информатика |
1. |
Жиенбекова Т.Б. |
8 |
7 |
6 |
2. |
... |
... |
|
|
… |
|
|
|
|
Орташа балы |
|
|
|
4 тапсырма. y = sin x функциясының графигін тұрғызыңыз. х аргументінің мәндерін –6 мен 6 аралығында 0,5 қадаммен алыңыздар.
Әдістемелік нұсқау
А2 ұясына х-ті енгіземіз.
В2 ұясына –6, С2 ұясына –5,5 сандарын енгізіп, автотолтыру көмегімен оңға қарай 6 дейін толтырамыз. Мәндер жазылған ұялар экранда толық көріну үшін оларды түгел белгілеп Формат – Баған – Ен (Формат – Столбец – Ширина) командасын орындап сұхбат терезесіне 3 санын енгізіп ОК батырмасына шертеміз.
А3 ұясына У-ті енгіземіз. В3 ұясына =Sin(B2) формуласын жазып, формуланы жол бойымен оңға қарай тасымалдаймыз.
-
X
-6,0
-5,5
-5,0
...
Y
0,28
0,71
0,96
…
4. Диаграмма шебері көмегімен алынған мәндер бойынша диаграмма - график тұрғызыңыздар.
№14 зертханалық жұмыс