Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаборатория ФНП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Атырау мұнай және газ институты

Мұнай қабатының физикасы пәнінен лабораториялық жұмыс. Бірінші баспа. Урынбасарова Д.Т.

1-шi лабораториялық жұмыс

Кернді зерттеудің реті

Керн анализінде (талдауда) келесi ретті [4] ұстанған жөн: үлгiден сазды ерітіндімен әсерлескен жыныстар парафин және жыныстың шалағай жiгiн алады (кемiнде 5 мм), содан соң орта бөлiктерiн екi бөлiктi өстерге ойып кеседi (фиг.1)

1 және 2 бөліктер сумен және мұнаймен қанығу коэффициеттерін, кеуектілік коэффициентін, сонымен қатар хлоридтерді, карбонаттануды, сулануларды анықтау үшін қолданылады.

3-бөлік бойынша капилляр қысымынан мұнай өнiмдiлiгi, өтiмдiлiгі мен капилляр қысымының қалдық қанығуы тәуелдiлiктерiн анықтайды.

Фиг 1. Керн үлгiсi кесуiнің схемасы (слайдтар)

3 және 4 бойынша механикалық және петрографиялық құрамдарды анықтайды. Жедел зерттелмейтін үлгілер бөлігінде парафин қабықшасы сол уақытта қалпына келу керек.

Жыныс үлгiлерiндегі сұйықтардың (мұнай, су) босауы, жыныстағы сұйықтықтар өлшемінің мазмұнын бағалау және оның жыныстың физикалық қасиеттерiн анықтауға дайындау

Кеуектілікті, абсолюттік өткізгіштікті, гранулометрлік құрамды, карбонаттылықты анықтау үшін үлгінің құрғақ минералды қаңқасы болу керек (қандай да мұнай мен судан айырылған). Органикалық құрамды жыныстан айыруды негізінен Сокслет аппаратында орындалады.

Сокслет аппаратының сипаттамасы және жұмысы

Фиг.2. Сокслет аппараты

Сокслет аппараты (Фиг.2.) (ОСТ 10075-39) жайпақ табанды шыны колбадан, экстрактор және тура өтетiн суытқышы бар шариктi тоназытқыштан тұрады, тоназытқыштың төменгi бөлігін су құбырына қосады, жоғарғысын - канализацияға.

Барлық үш аппараттың бөлiктерi бiр-бiрiне тегiстелуi және жұмысқа жiберу алдында тегiстелген беттер вазелинмен жақсылап сылануы керек.

Керн талдауда экстракторлардың кең қылталары (5-6 см) бар Сокслет аппаратын 4-5см диаметрлі үлгiлердi орналастыру үшін қолданады.

Колбаны қыздырған кезде қайнап жатқан ерітінділердің булары (көбіне төртхлорлы көміртек не бензол) экстрактордың жоғарғы жағымен құбыр арқылы көтеріледі. Оны жылу изоляциясы мақсатында асбесттің жігімен жауып қою ұсынылады, содан соң конденсациялануы үшін оны тоңазытқышқа салады. Конденсат патронға ағып жинала үлгідегі мұнайды ерітеді, жинақталғаннан кейін экстрактордың сифонды құбыры арқылы колбаға кері түседі. Осыдан бұл цикл аяқталады, содан соң сол ретпен кері қайталанады. Колба судың буында немесе жабық типті электроплиткада қыздырылуы керек.

Жұмыстың орындалуы

Тазаланған жыныс үлгілерін қағаз сүзбелі патронда өлшейді. Патрон дайындау үшін ылғал қағаз қолданады. Қағазды экстрактор қылтасының диаметрінен кіші диаметрлі цилиндрлі ағаш сом темiрге орайды.

Патронның түбін жасау үшін сом темірдің дөңгеленген ұшынан қағазды абайлап майыстырады. Содан соң оны термостатта 102÷1050 С температурада кептіреді.

Жоғары ылғалдылықты және мүмкін болатын бітеліп қалуды ескерту ретінде патронды эксткаторда сақтайды.

Жыныс үлгілерін патронмен бірге экстракторға салады. Олардың түбіне патронның ерітіндімен жақсы шайылуын және ерітіндінің сүзбеленуінен кейін арасынан уақ бөлшектердің өтуін байқау үшін шыны сақина салынады.

Колбаны шамамен төрттен үш бөлікте ерітіндімен толтырады, яғни экстрактор сифонынан қанша ерітінді төгілсе, сонша ерітінді құйылады және 50мл қосады.

Ерітінді ретінде көбінесе төртхлорлы көміртек ССI4 (менш.салм.1,632, tқай=76,60 С) немесе бензол С6Н6 (менш.салм. 0,879, tқай = 800С) (13); сонымен қатар бензол мен спирттің не ацетон қосылысы қолданылады. Содан кейін аппаратты жинақтап (төменнен жоғары), тоңазытқышқа су жібереді, сосын ғана оны іске қосады, яғни колбаны қыздыра бастайды.

Экстрактордағы көптеген құйылу циклдерінен кейін ерітінді мөлдір және сүзбелену қағазға жұқпаса, онда үлгінің экстрагирациясы аяқталды деп саналады.

Бұл процесс 6-24 сағат жүруі мүмкін, ал тығыз майда жыныстар үшін одан да ұзығырақ.

Жұмыс аяқталғаннан кейін аппаратты сууға қояды, одан кейін экстрактордан патронды үлгімен бірге шығарады. Оларды кептіру шкафында тұрақты салмаққа дейін 102-1050С температурада кептіреді.

Егер үлгінің салмағы экстрагирацияға дейін (патронсыз) G2, ал кейін G2/ болса, онда сұйықтың ондағы үлесі (мұнай мен су) мынаған тең:

Немесе пайызбен бастапқы салмаққа G2: