Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1708_ahmetov_e._b_khukhikh_negizderi_studentter...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
201.36 Кб
Скачать

10.5 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы

Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.

10.6 Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні:

1)тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;

2)азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;

3) шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субьектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. – жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.

Студентің мен оқытушының өздік жұмысына арналған практикалық тапсырмалар

1. Мемлекет пен құқық теориясының негіздері:

1) Мемлекеттің пайда болуың;

2)Мемлекет жалпы түсінігі,белгілері, функциясы, нысаны;

3).Құқық түсінігі. Құқықтың саласы;

4)Құқықтық мемлекет және оның белгілері.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

2-тапсырма. «Мемлекеттің пайда болу теориялары» кестені толтыру

Теорияның атауы

Теорияның өкілдері

Теорияның пайда болу уақыты

Теорияның мәні

Кестені толтыру бойынша ұсыныстар:

- ұсынылған әдебиеттермен жұмыс;

- мемлекеттің пайда болу теорияларын талдау;

- әрбір теорияның өкілдерін және пайда болу уақытын бөліп алу;

- әрбір теорияның мәнін қысқаша сипаттау.

2. Конституциялық құқық негіздері

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі» (шағын конференция).

1) ҚР Парламенті

2) ҚР Үкіметі.

3) ҚР Конституциялық Кеңесі.

4) ҚР Сот жүйесі.

5) ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тапсырмалар:

- ұсынылған әдебиеттермен жұмыс;

- шағын конференцияға дайындалу;

- егер студент нақты бір тақырыпқа дайындалса, онда ол осы сұрақтың мәнін қысқаша айтып өту қажет, сонымен қатар оның проблемаларын атап және оларды қысқаша шешу жолдарын ұсынуы қажет;

- оппоненттер баяндамашылардың сөз сөйлегендерін талдау үшін және оларға сұрақ қою үшін осы проблеманың мәнін білулері қажет.

Ұсыныстар:

- ұсынылған әдебиеттермен жұмыс;

- баяндамамен шығуға дайындалу (сөз сөйлеу уақыты 5-8 минут).