Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1708_ahmetov_e._b_khukhikh_negizderi_studentter...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
201.36 Кб
Скачать

5.2 Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.

Әкімшілік құқық сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде нақтыланады.

Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.

Ұйымдық – құқықтық кепілдіктерге соттық және соттан тыс кепілдіктер жатады.

Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.

Жалпы әкімшілік шағым жасауға құқық ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы “Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес шағым азамататрдың шағмыдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар) және олардың құқықтарын бұзу фактісімен байланысты.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері:

1) мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды;

2) мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

3) әскери міндетті емес;

4) құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

5) тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады;

6) ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады;

7) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады;

8) шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет.

9) шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

5.3 Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет

Атқарушы билік - заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.

Атқарушы биліктің мақсаты:

1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;

3) Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу;

Атқарушы биліктің белгілері:

1) Жан – жақтылығы (адамдар ұжымының қызмет ететін жерлердің барлығында және үздіксіз болуы);

2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі – ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі);

3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы);

4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.

Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.

Атқарушы билік органдарына тән белгілер:

1) атқарушы – бұйырушы қызметті жүзеге асыруы;

2) шаруашылық дербестілік берілген;

3) ереже бойынша, тұрақты штаттары бар;

4) жоғарғы органдармен құрылады;

5) атқарушы билік органдарына есеп береді және бақылауында болады.

ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады: Үкімет -Үкіметтің құрамына кіретін ҚР атқарушы билігінің орталық органдары: министрліктер, агенттіктер, комитеттер -Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің орталық органдары-Атқарушы биліктің жергілікті органдары: облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдық жерлердің әкімшіліктері.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі.

Мемлекеттің қызметтің қағидалары мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші;

2)Мемлекеттік саяси қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаты белгіленген.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесімемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

3) қызметті ауыстыру;

4) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

5) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

6) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.