Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга_БАК тiлi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
16.53 Mб
Скачать
    1. Complete the following definitions using the words in bold in the email in Exercise 2.

1) Sounds/images produced for a programme or film: __________

2) To record: __________

3) A CD containing music you do not need to pay the composer to use: _______

4) Edit Decision List; it gives an idea of how the editor wants a programme to be edited __________

5) To edit and mix two concurrent scenes: __________

6) A list of shots that the crew shot on location, with a description and their time code: __________

    1. Translate the article into English. Ғаламторда – қазақ тілі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Қазақстан аумағы бойынша байланыс қызметін көрсететін отандық компаниялар, сондай – ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары өзара күш біріктіріп, елдік тұрғыда мән – маңызы ерен бастаманы батыл қолға алмақ ниетте екендігін танытты.Ол – «Электронды үкіметтің» қазақ тілін дамытудағы рөлін айқындау, оның ішінде ғаламтордағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Кеше Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде өткен дөңгелек үстелде осы мәселе талқы таразысына салынып, сала мамандары мен халық қалаулылары «Қазақстанда «электронды үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы төңірегінде ой бөлісті.

Бір атап өтерлігі, басқосуға қатысқан азаматтардың басым көпшілігі Интернет пен байланыс саласының күн санап қарқын ала түсуі оған қазақ тілін енгізу сұранысының артуына да әсер етіп отырғандығын, мұны Интернеттің қазақстандық желісінің тым кенжелеп қалуымен де байланыстыруға болатындығын атап өтті. Мәселен бүгінде елімізде 1,5-2 млн.халық ғаламтор қызметін пайдаланатынын ескерсек, оның ішінде Казнетті пайдаланушылар 14 пайызды ғана құрайды екен. Ал бұл халықтың небары 87 мыңға жуығы ғана. Интернеттің қазақстандық желісінде мұндай мүшкіл халдің «төбе көрсетуін» сала мамандары бірқатар дәйекті мысалдармен түсіндіріп берді. Оның бірі ғаламтордағы қазақ тілді сайттардың сын көтермейтін жағдайда тұрғандығымен байланыстырсақ болады.Ал Интернет желісін пайдаланушылардың қақақ тілді тілді сайттарға деген қызығушылығын артыру үшін ең алдымен оларды басқа тілдегі сайттармен «бәсеке қабілеттілік» деңгейіне жеткізуіміз керек. Қазіргі таңда, өкінішке қарай, мұндай жағдай әлі қалыптаса алмай келеді. Көпшіліктің талап тілегіне жауап беретін, қызығушылығын оятатын мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстар тапшылығы осының айғағы деді, бұл өз ойын айтқан Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев. «Егер қазақ тілді сайттардың мәртебесін көтеріп, халықтың сол сайттарға деген қызығушылығын арттырамыз десек, ең алдымен олардың сапасына көңіл бөлуіміз қажет. Себебі, бәсекелестік – сервис түрлерінің артықшылығы-мен өлшенеді», дейді «Мәссаған» Ұлттық веб порталының негізін қалаушылардың бірі Матай Жанарбек.

Жиын соңында сала мамандары мен депутаттар ғаламтордағы қазақ тілінің мәртебесін көтеруді мемлекеттік тұрғыдағы бірлескен жобабастамалар, оның ішінде еліміздегі барлық байланыс операторларының басын біріктіру арқылы шешуге болатындығын жеткізді.

Unit 8 Banking

СОӨЖ

Wrongdoing and wrongdoers