Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга_БАК тiлi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
16.53 Mб
Скачать

Vocabulary:

extraordinary – ерекше

circumstances – жағдай

above all – бәрінен бұрын

condolence – көңіл айту

magnitude – маңыздылық

prolonged – жалғаспалы

regardless – қарамастан

loathed – жек көрді

glamour – тартым

ghastliness - қорқыныш

celebrity – атақты, танымал

engagement – аттастыру рәсімі

despite – қарамастан

saturated – толтырды

newsstands – газет дүңгіршектері

breeds – тудырады

nurtured – ардақтады

virtuous – ізгілікті, рахымды

vicious – қатыгез, қатал

addicted – бейімді, тез беріледі ...

ubiquity – барлық жерге тұмсығын сұғу

ill-starred – бақытсыз

beset – еріп жүрушілер

pomposities – қоқаюшылық, дүрдиюшілік

vain – бекер, босқа

poignantly – өткір

perfection – мүлтіксіз, мінсіздік

affront – кемсіту

shortcomings – кемшіліктер

  1. Answer the following questions: 1. What was peculiar in people's reaction to Diana's death? 2. From which moment of her life did Diana become famous? 3. What did Diana's ubiquity mean? 4. What usually happens to people whose images saturate world's screens? 5. Is it fair to say that the death of the Princess of Wales had an impact on public attitude to the Royal family? If it is - what kind of impact? 6. How would you evaluate the role the monarchy plays in the life of the British society nowadays?

  2. Translate these sentences from Russian into English:

БАҚ назарын ханзада Чарльз бен Диананың некелесуіне аударды.

Бэкингэм сарайы көңіл айтқан мыңдаған телеграммалар алды.

Даңқ одан әрі даңқты арттырады.

Олардың некесі бұзылудан басқа жолы қалмады.

Кез-келген адамның қайырымды іспен қатар қайырымсыз істерге де қабілеті болады.

  1. Translate the article into English. Агенттіктердің қызметі маңызды

Ақпарат кеңістігіндегі ақпарат таратушы агенттіктердің маңызы мен мәні туралы кеше «Қазақпарат» ҰК» АҚ ғимаратында ТМД елдерінің ақпараттық кеңесі мен «Арна Медиа» мүшелерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты сөз болды.

ТМД елдері Ақпараттық кеңесінің ІХ отырысының күн тәртібінде ТМД интерграциялық үдерістерінің ақпараттық ілеспесі; ғылым мен инновация жылын (2010ж.) өткізуде ақпарат агенттіктерінің күндерін өткізу; өзара ақпараттық өнімдер алмасу және фотоақпарат алмасу жолдары; ең бастысы Ұлы Жеңістің 65 жылдығын жан-жақты көрсету мәселелері қаралған.

Ақпараттық Кеңес мүшелері баспасөз маслихатын әлемдік қаржы дағдарысы өз жұмыстарына да кері әсерін тигізбей қоймағандығынан бастады. Әйтсе де, мемлекеттік ақпарат агенттіктері бірқалыпты жұмысын жалғастырып келе жатыр. Оған кезекті отырыстың елімізде өтіп отырғаны дәлел болса керек.

Осы ретте «Ресей телеграфтық ақпарат агенттігі – ТАСС» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары Михаил Калмыков ақпарат агенттіктері кеңістігінде мемлекеттік саясатты жүргізуде үлкен рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан журналистер сапасы мен жаңа технологияларға басты көңіл бөлінуде. Мәселен, 105 жылдық тарихы бар ИТАР-ТАСС агенттігі әлемдегі ірі агенттіктердің төрттігіне енеді. Онда миллион фото және өзге де құжаттамалық мұрағаттары бар агенттік өздеріндегі материалдармен алмасуға дайын екендіктерін де жасырмады.

Осыған дейін ұлттық ақпарт агенттіктерінің ойластыра келе Бірлескен ақпараттық қызметі құрылып, қазір ол өз жұмысын жалғастырып келеді. Аталған жобаға қатысушы әрбір ел өздерінің қызықты деп тапқан ақпараттардың 10-20 данасын күнделікті жіберіп тұрады. Оған қоса қазіргі таңда фотоалмасу үрдесі кеңінен жолға қойылған. Әзірге аталған қызмет тек қосымша ақпарат алу құралына айналса, жақын болашақта оның қызметін кеңейту мәселесі туындауы да ғажап емес. Келешекте аталған ақпарат қызметі өзінің өнімін шығара бастамақ.

Баспасөз маслихатына қатысушыларЖеңістің 65 жылдығына орай фотоальбом жасауды қолға алатындықтарын атап өтті. Мұндай іс-шаралар басқа бағыттарда да жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, экономика, саясат, мәдениет және спорт тақырыптары да назардан тыс қалмайтыны белгілі болды. Қазіргі кезде ТМД-ның Интернет порталын құру мәселесі күн тәртібінде тұрғаны белгілі болды. Онда аталған ұйымның перспективасы мен тарихына қатысты мультимедиалық ресурстар орналастырылмақ. Ақпарат агенттіктері осы бағытта өздерінің қомақты үлестерін қосуға мүмкіндіктері бар.

Жалпы, баспасөз мәслихатында 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын насихатттау барысы көп сөз болды. Сондай-ақ ақпарат агенттіктері қызметін өркендету мен тереңдету жағы да әңгіме өзегіне айналды. Астанаға отырысқа арнайы келген қонақтар жағы елорда туралы өз әсерлерімен жарыса бөлісіп жатты.

Асқар Тұрапбайұлы, «Егемен Қазақстан»

Unit 3 Tabloids

С ӨЖ

Angles

NB: ANGLES (Әр түрлі жақтан қарастырылатын көзқарастар) Жаңалықтарды жазуда оқиғаны берудің жолы. Мысалы Золушка (the story of Cinderella) ертегісінде болуы мүмкін көзқарастар: