Тізбелер мен ескертулер
Қажет болған жағдайда, тізбелер, пунктердің немесе пункшелердің ішінде келтіріледі.
Тізбелердің әр позициялары алдында дефис немесе қажет болған жағдайда курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелер қою керек, тізбелердің бірінде кіші әріптен соң жақша қойылады. Тізбектеудің кейінгі қосымшалары үшін араб сандарын қолдану қажеттілігі туып отыр, олардан соң жақшалар қойылады.
Бір пункт немесе пункше шегінде тізбелердің бір тобынан артығына жол берілмейді.
Ескертулерді мәтін мазмұнына қажет болған жағдайда курстық жұмыста кестелер немесе иллюстрациялар орналастырылады. Ескертулерді өздері қатысты пунктен, пункшеден, кестеден, иллюстарциядан соң орналастырады.
«Ескерту» сөзін бас әріппен абзацтан бастап, астын сызбастан жазу керек.
Егер бір ескерту болса, онда «Ескерту» сөзінен соң сызықша қойылады. Бір ескертуді нөмірлемейді. Бірнеше ескертулерді реттік тәртіппен араб сандарымен нүктемен нөмірлеген жөн.
Формулалар мен теңдіктер
Теңдіктер мен формулаларды мәтіннен ерекшелеп, жеке жолға бөлген дұрыс. Әр формуланың төменгі және жоғарғы жағында теңдіктер бір бос жолдан кем емес қалтырылуы керек. Егер теңдік бір жолға сыймаса, онда ол (=) теңдік белгісінен соң немесе (+) белгілерінен соң (-), (х), (:) немесе басқа да математикалық белгілерінен соң басқа жолға жазылады.
Белгілердің мағыналарын айқындау мен сандық коэффициенттерді формуладан соң, олар берілген формуланың ретімен жүргізілуі керек. Әр белгінің белгішесі және сандық коэффициентті жаға жолдан орналастырған жөн. Айқындаудың бірінші жолын «онда» деген қос нүктесіз сөзден соң бастайды.
Курстық жұмыстың формулаларын барлық курстық жұмыс шегінде реттік нөмірлеумен немесе әр бөлім шегінде (бөлім нөмірін көрсетумен) араб сандарымен жақшаларда жолдың оң жақ шетінде нөмірлеген жөн.
Сандық көрсеткіштер
Стандартпен орналастырылатын сандық көрсеткіштердің мөлшері шектік ауытқушылықпен немесе артық немесе кем мәнде көрсетілуі керек.
Курстық жұмыстың мәтінінде, формулаларды, кестелер мен суреттерді қоспағанда, жол берілмейді:
Мөлшердің теріс көрсеткіштерінің алдында минус (-) , математикалық белгісін қолдануға; («минус» сөзі деп жазған жөн),
Сандық мәндерінсіз математикалық белгілерді қолдануға, мысалы, > (артық), < (кем), = (тең), және де № (нөмір) және % (пайыз).
Сілтемелер
Дереккөздеріне сілтемелерді реттік нөмірмен дереккөздерінің тізімі бойынша екі қисық жолақ арқылы, ал жалғаспалы кезінде курстық жұмыстың мәтіні бойынша белгілеген жөн.
Қысқартпалардың, шартты белгілердің, белгілердің, бірліктер мен терминдердің тізімі
Тізім бағанмен орналасуы қажет. Сол жақта әліпбилік тәртіпте қысқартпалар, шартты белгілер, белгілер, бірліктен мен терминдер, оң жақта- олардың дәйектемелі түсіндірмесі келтіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дереккөздер жайлы ақпараттарды олардың курстық жұмыста қолданылу мөлшері бойынша орналастырып, нүктесіз араб сандарымен нөмірлеген жөн.
Курстық жұмысты қорғау тәртібі
Аяқталған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тексеріс үшін тапсырылады, егер курстық жұмыс оған қойылатын талаптарға сай орындалса, онда ғылыми жетекші курстық жұмыста қорғауға жібере алады. Ғылыми жетекші егер курстық жұмысты егер ол берілген талаптарға сай орындалмаса, оны қайта өңдеуге жібере алады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ МЕН ОНЫМЕН ЖҰМЫС ҮШІН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ӨЗГЕ ДЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАҢДАУ
Курстық жұмыстың тақырыбын ашқанда кедендік әкімшіліктің мәселелері бойынша, тәжірибенің құқықтық негізі, кедендік заңнамамен және де Қазақстан Республикасында, Кеден Одағында өзге құқықтық-нормативтік құжаттарында бар негіздер бойынша терең зерттелуі тиіс.
Курстық жұмыстың орындалуы үшін материал экономикалық журналдар мен «Кеден жарияшысы», «Кеден» , «Егемен Қазақстан», «Іскер апта» газеттерде жарияланатын мақалалар және т.б. кеден құрылымдарының тәжірибелік ақпараттары мен ҚР статистика агенттігінің статистика бойынша мәліметтері, ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің кедендік статистикалық мәліметтер бола алады.
Курстық жұмыс арнайы әдебиеттің және тәжірибелік материалдың өңдеулерін терең зерттеу негізінде орындалған өзіндік еңбекті ұсынуы қажет және келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
тақырыптың барлық деректері өзінше әдеби, статистикалық, анықтаушы, тәжірибелік мәліметтердің негізінде жарияланады;
жұмыста зерттелетін мәселелер бойынша сауатты түсініктемелер беріліп, қажет болған жағдайда түсіндірме сәйкесінше ақпараттық есептемелермен жүргізіледі;
жинақталған материалдардың барлығын пайымдау қайталаусыз, логикалық жалғасымдылықта болуы тиіс;
жұмыста дұрыс рәсімделген кестелер, диаграммалар, графикалар келтірілуі тиіс. Олар жұмыс мәтінімен байланысты болып, оны толықтыруы және түсіндірілуі тиіс.
Жұмыс соңында, мәтіндік бөліктен соң, қолданылған әдебиеттер тізімі, оның үстіне әр пайдаланылған дереккөзде автордың аты-жөні, атауы мен баспасы, орны мен парақтың жариялану мерзімі көрсетіледі.
Қосымша 1
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті
«Саясаттану және құқық» кафедрасы
«Кедендік әкімшілік жүргізу» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ___________________________________________________________________
Орындаған: 5В030400 «Кеден ісі»
мамандығы « 3 » курс 341 топ студенті
-
(аты, тегі)
Ғылыми жетекші:
Қамшыбаев Р.А., э.ғ.д., профессор
-
(ғылыми дәрежесі; аты-жөні)
Қабылдағандар:
Профессор Қамшыбаев Р.А.
Аға оқытушы Ержуманова Р.Ж.
Қорғауға жіберілді
(күні, айы)
Алматы-2013 ж
