
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті
«Саясаттану және құқық» кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедраның отырысында
Хаттама №4, 4 қараша 2011 ж
5В030400 «Кеден ісі» мамандығы «Кедендік әкімшілік жүргізу» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Алматы -2013
«Кедендік әкімшілік жүргізу» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауды әзірлеуші: экономика ғылымдарының докторы, профессор Қамшыбаев Р.А.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
Кедендік әкімшілік жүргізу дегеніміз Қазақстан Республикасының кеден заңдылығына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарымен жүзеге асырылатын ұйымдық-құқықтық және өзге де әрекеттер мен шаралар жиынтығы. Сыртқы экономикалық қызмет тауарлар мен көлік құралдарын еліміздің кедендік шекарасы арқылы алып өтуімен байланысты. Мұнымен қатар кедендік әкімшілік жүргізу шараларын қолдану да әжептәуір рөлге ие. Себебі ол, алдымен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты кедендік бақылауды тиімді қамтамасыз етудің қажеттілігі, кедендік сараптаманы негізді және білікті жүргізу қажеттілігі, сонымен қатар кеден ісі саласында аудитті жүзеге асырудың маңыздылығы артып отыр. Олар тек инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап және отандық экономиканы дамытуды жан-жақты ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға тиісті. Мұнымен бірге маңызды рөлге кедендік әкімшілік жүргізу шараларын қолдану ие болып отыр.
«Кедендік әкімшілік жүргізу» пәнінің мақсаты: оны іске асырудың, ұйымдастырудың және оның элементтерінің ерекшеліктерінің қағидаларын қарастыру болып табылады.
Пәнді игерудің аса маңызды кезеңі ретінде курстық жұмысты орындау ерекше орын алады. Оның мақсаты студенттің кедендік әкімшілікті жүзеге асыратын органдардың құқықтары мен міндеттерін білуі, кедендік әкімшілік жүргізудің назарына түскен тұлғалардың және олардың нысаналарын білуі. Сонымен қатар ол кедендік әкімшілік жүргізудегі кедендік және іс жүргізушілік құжаттарды дұрыс рәсімдеуді білуі қажет және үнемі кедендік әкімшілік жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық материалдарды игеруі тиіс.
Курстық жұмыстың тақырыбын тиімді игеру және толық қарастыру үшін орындаушы студент ғылыми жетекшіден көмек, кеңес алумен қатар, осы пән бойынша практикалық сабақ жүргізетін оқытушылардан да кеңес алуы тиіс.
Курстық жұмыстың мәтіні (тексті) кестемен және әдістемелік материалдармен жабдықталғаны жөн.
Курстық жұмыстың құрылымы студент өзінің өзіндік зерттеу объектісін анықтағаннан соң, ол курстық жұмыстың жоспарын құрады,оның құрылымын, мазмұнын, материалдардың жалғасымды пайымдалуын анықтайды. Курстық жұмыстың сауатты түрде дұрыс құрылған жоспарына оның сапасы тікелей байланысты екендігін ескеріп өткен жөн.
Жұмыс жоспары жұмыс тақырыбын ашатын логикалық байланысты және аяқталған бөлімдерден тұруы қажет.
Курстық жұмыстың үлгілі құрылымын көрсетейік.
Кіріспе- таңдалған тақырыптың өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін және де зерттеу объектісін анықтау. (1-2 бет)
1 тарау - таңдалған тақырыпты ескере отырып кодекске, кеден заңнамаларына сүйене отырып теориялық негіздерді көрсету. (8-10 бет)
2 тарау – таңдалған тақырыпқа байланысы қандай мәселелер республикада, кедендерде немесе кедендік бақылау департаментінде, жалпы Кеден Одағы төңірегінде шешіліп жатқан мәселелер бойынша кеден органдарының қызметіне шолу (баға) беру. (12-15 бет).
3 тарау - қалыптасқан ұйымдық-экономикалық жағдайларда кеден органдарының кедендік әкімшілік жүргізуін кемелдендірудің нақты бағыттары мен ұсыныстар енгізуге кеңес беруі тиіс. (10-12 бет).
Қорытынды - зерттелетін мәселе бойынша негізгі шешімдер мен шараларды қысқаша мазмұндау.(1-2 бет).
Курс жұмысының жалпы көлемі 35-45 баспа бет болуы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі (1-2 бет).
Курстық жұмысты ресімдеу
Курстық жұмысты ресімдегенде келесідей талаптарды ескерген жөн:
бастапқы бет нақты және анық ресімделуі тиіс (№1 қосымша);
Жолда (мамандық шифрі мен атауы) студент мамандық шифрін толық көрсетіп, түскен мамандығының атауын толық көрсетуі қажет, мысалы: шифр 5В030400 «Кеден ісі» мамандығы.
жұмыс басында тақырыбы көрсетіліп, бөлім атаулары мен бет нөмірлері көрсетіледі;
жұмыс (шрифт А14) анық, таза теріліп, жолақтары болуы тиіс ( сол жағы 3 см, оң жағы 1 см, үсті мен төменгі 2 см), парақтар нөмірленуі тиіс ( парақтың жоғарғы не төмен жағында), жоларалық айырма бірлік;
жұмыстың әр тарауына олардың мазмұнындағы атауына сай тақырып қойған жөн.
«Мазмұны», «кіріспе», «қорытынды», «қолданылған әдебиеттер тізімі» сияқты курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы тақырыпқа байланысты және де курстық жұмыстың тарауларының атауы құрылымдық элементтердің қосымшалары қызметін атқарады. Аталған қосымшаларды жолдың ортасында нүктесіз бас әріппен жазған жөн.
Мазмұны
Кіріспе
Тарау атауларын жолдың ортасына нүктесіз орналастырып, соңында астын сызбастан бас әріптермен жазу қажет.
Параграфтардың тақырыптарын абзацтан бастап, «майлы» шрифтпен астын сызбастан, соңында ешбір нүктесіз жазған дұрыс.
Мәтін мен құрылымдық тақырыптар мен курстық жұмыстың бөлімдерінің арасында компьютер үшін « бос жол» (0,8 мм) қолданылады.
Курстық жұмыстың элементтері мен тараулары жаңа парақтан басталады.
Бүлінулер, сөздер мен сөз тіркестерін қысқартуға, жалпы қабылданғандардан өзге жұмыс парақтарында рұқсат берілмейді.
Абзацтар жаңа жолдан қойылады ( қызыл жолақ) және тең (0,8 мм).
Курстық жұмыстың барлық парақтары иллюстрациялар мен қосымшаларды (егер болса) қосқанда бастапқы беттен бастағанда реті бойынша нөмірленеді.
Парақтарды араб сандарымен курстық жұмыстың барлық мәтіні бойынша толық нөмірлеген жөн. Парақ нөмірі төменгі бөліктің ортасында соңынла нүктесіз қойылады. Жеке орындарда орналастарылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыстың нөмірленген жалпы парақтарына енгізіледі.
Тараулар, парақтар, пунктер, пункшелерді араб сандарымен нөмірлеген дұрыс.
Тараулар реттік нөмірленген болуы тиіс, оған қосымшалар қосылмайды. Мысалы-1,2,3 және т.б.
Пунктер реттік нөмірленген болуы керек.Пункт немес тарау нөмірі нүктемен ерекшеленген тарау нөмірлері мен реттік нөмірлерді немес пунктердің нөмірлерін қосады. Мысалы-1.1, 1.2, 1.3, немес 1.1.1,1.1.2, 1.1.3 және т.б.
Тарау нөміренен, тараудан, пункт немесе пункшеден соң нүкте қойылмайды.
Егер тарауда немесе параграфта бір пункт болса, онда нөмірлеудің қажеті жоқ.
Иллюстрациялар
Иллюстрацияларды (сызбалар, графикалар, кестелер, диаграммалар, фотосуреттер) мәтіннен соң орналастарған жөн, онда олар алғаш рет немесе келесі парақта көрсетіледі.
Курстық жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілуі тиіс. Иллюстрациялардың сілтемесінде «1 суретке сәйкес...» деп жазу керек және « 1.2 суретіне сәйкес...» деп тарау шегіндегі нөмірлеуде жазылады.
А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер стандартты ақ парақтарға жабыстырылуы керек.
Иллюстрация жол ортасындағы анықтаушы белгілерден соң «Сурет» сөзімен белгіленеді.
Иллюстрация реттік нөмірленумен барлық курстық жұмыс шегінде араб сандарымен нөмірленгені жөн.
Егер курстық жұмыста тек бір иллюстрация болса, онда оны нөмірлемеген жөн және оны «Сурет» сөзімен белгілемейді.
Иллюстрацияны бір парақта орындаған жөн. Егер иллюстрация бір параққа сыймаса, онда оны өзге парақтарға ауыстыруға болады, мұндайда иллюстрация атауы бірінші парақта, ал анықтауша мәліметтер – әр парақта және оның астында «Сурет.., парақ..» көрсетіледі.
Сурет пен мәтіннің арақашықтығы 3 аралық немесе 2 «бос жолақ» болуы керек.
Кестелер
Сандық ақпарат кесте түрінде рәсімделуі керек.
Курстық жұмыста кестені алғаш аталатын мәтіннен кейін немесе келесі парақта орналастыру керек.
Кесте бөліктерін тасымалдағанда осы немесе басқа параққа атауы тек бірінші бөліктің үстінде орналастырылады, мұндайда екінші бөліктің үстінде «№ кестенің жалғасы» сияқты көрсеткіш беріледі.
Егер курстық жұмыста тек бір кесте болса, онда ол «1-кесте» деп немесе егер кесте В қосымшасында келтірілсе «В.1.-кесте» деп белгіленуі тиіс.
Курстық жұмыста барлық кестелерге сілтеме берілуі керек. Сілтемеде «кесте» деп нөмірін белгілеумен жазылады.
Қосымшалардың кестесін қоспағанда, кестелерді барлық курстық жұмыс шегінде реттік нөмірленумен араб сандарымен нөмірлеген дұрыс. Нөмірді сол жақ бұрышта «кесте» сөзінен соң кестенің тақырыптарының үстінде орналастыру керек.
Әр қосымшаның кестесін бөлек нөмірлеумен араб сандарымен қосымшаны сандық белгілеудің алдында жеке белгілейді.
Кесте атауы оның мазмұнын айқындау керек, анық болуы тиіс. Атауын кестенің үстіне орналыстыру қажет.
Бағандар мен кесте жолдарының тақырыптарын бас әріппен жазған дұрыс, ал бағандардың тақырыпшаларын- кіші әріппен, егер олар тақырыбы бар бір қосымшаны берсе, немесе бас әріппен, егер олар өзіндік мәнге ие болса. Кесте тақырыптары мен тақырыпшаларының соңында нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшалары жеке түрде жазылады.
Кестенің төменгі сызбасы мен мәтіннің арақашықтығы 3 аралық немесе 2 «бос жолақ» болуы тиіс.