Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
644.61 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Қоршаған ортаны қорғау күні қай жылдан басталды?

- Табиғатты қорғауды қайдан бастау керек ?

- Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлес қостың?

- Сен табиғатты сүйесің бе?

- Өзіңіз ағаш отырғыздыңыз ба?

- Қазақстанның табиғаты сұлу жерлері туралы айтып беріңіз.

- «Адам және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.

4. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз: табиғатты қорғау, жер жарасы, жасыл дүниені қорғау, өсімдікті аялау, шыбық сындыру, тал егу, қайта өңдеу, көңіл бөлу, көше тазалау.

5. Берілген сөйлемдерді оқып, аударыңыз: табиғатты қорғау керек. Қоршаған ортаны қорғау - әр адамның міндеті. Көптеген ұйымдар табиғатқа ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан орманын қорғау керек. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Шыбық сындырма, тал ек. Табиғатты сүюге басқаны да үйрет. Орманды, суды, жерді аяла. Табиғат та тірі дүние.

6. Мәтінде берілген мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді оқып, дәптерге жазып, жаттап алыңыз.

7. Саябақ, тал, табиғат, орман, тоғай, су, жер, ауа сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.

8. Мәтіннен сын есімнің түрлерін тауып, анықтаңыз.

9. шақырады, тазалау, қорғау, баста, үйрету сөздерін осы шақта, келер шақта жекеше, көпше түрде жіктеңіз.

ТУҒАН ЖЕР

Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі – боз жусан менкөк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді табыңыз.

2. Жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп аударыңыз.

3. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

4. Мәтін бойынша бір-біріңізбен пікірлесіңіздер, ол үшін бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап беріңіздер.

5. Әркім өз туған жері туралы әңгімелеңіздер.

ҚОРЫҚТАР

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы - Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың-250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42°С суық болса, шілдеде температура -38 -39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

Тапсырмалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]