
- •1.Қазақ-Жоңғар қатынастары.(xviiIғ.)
- •&5,6,10,11,12,21,33. Қазақстан жеріндегі көтерілістер
- •&8, 20, 24 ХіХғ әкімшілік реформалар
- •&7, 18, 19, 26, 27, 28, 29, 30, 35. XVIII-XX ғғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Кіші, Орта, Ұлы жүздердің Ресейге қосылуы
- •Кіріспе, &2,3,22. Қазақстан жеріндегі қалалар
- •& 13, 31. Қазақстанға жер аударылғандар
- •&22. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты
- •& 14, 23. Қазақ-Қытай саудасы
- •&22. XiXғ. Қазақстанның экономикалық дамуы
- •&9. Қазақтардың 1812ж. Отан соғысына қатысуы
- •& 25. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару
1.Қазақ-Жоңғар қатынастары.(xviiIғ.)
&1,3,4
1. Қазақ-Жоңғар соғыстары.
Жыл |
Оқиға |
1710 ж |
Қарақұмдағы бас қосу. Мақсаты: жоңғарларға қарсы бірлесіп күресу |
1718 ж |
Аягөз шайқасы. Басқарғандар: Қабанбай, Жауғашар |
1723-27 жж |
«Ақтабан шұбырынды». Әсіресе ойрандалған- Жетісу. Орта жүз рулары Самарқанға, Ұлы, Орта жүз рулары Ходжентке қарай ығысты. Жоңғар билеушісі-Цеван-Рабдан |
1725 ж |
Жонғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды |
1726 ж |
Үш жүз қазақтарының біріккен қимылдары басталды |
1726 ж |
Бұланты шайқасы. Басқаша атауы-«қалмақ қырылған», «қара сиыр». Қазақ-қырғыз саны 60 мың |
1730 ж |
Аңырақай шайқасы. Балқаш маңында |
1741-42 жж |
Жоңғар шапқыншылығы. Басқарған-Галдан-Серен |
2. Жоңғар мемлекетінің құлауы
Жыл |
Оқиға |
1755 ж |
Қытай әскері Жоңғарияға басып кірді. Әмірсана Абылайды паналады. |
1756 ж |
Маньчжур- Қытай әскері Қазақстан шекарасына дейін жетті |
1757 ж |
Қытай әскері Қазақстанға басып кірді. Қолбасшылар Фу Дэ, Чжао Хой |
1758 ж |
Жоңғария толық талқандалды. Жоңғария тарихи сахнадан жоғалды. |
1761 ж |
Жоңғар жерінде Шыңжан провинциясы құрылды |
&5,6,10,11,12,21,33. Қазақстан жеріндегі көтерілістер
І. Башқұрт халқының көтерілістері
Жыл |
Оқиға |
1735-37 жж |
Башқұрттардың бірінші көтерілісі. 50 мың башқұрт Қазақстанға қашты |
1740 ж |
Башқұрттардың екінші көтерілісі |
ІІ. Пугачев бастаған шаруалар соғысы
1773-75 жж
Жыл |
Оқиға |
1773ж. қазан – 1774ж. наурыз |
1. Қазақтар Кулагин бекінісін алуда басты күш болды. 2. Орынборды қоршауда 200 қазақ ат салысты (басқарған - Досалы). |
1773ж. қараша |
Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха маңында Пугачевпен кездесті. |
1774ж. жаз |
Орта жүз қазақтары Алабұға бекінісін талқандады. Қазақтар патша бекіністеріне 240 рет шабуыл жасады. |
1774ж. тамыз |
Царицын түбінде Пугачев жеңілді. |
1775ж. |
Пугачев Мәскеуде қатаң жазаланды. Патша үкіметінің арнайы жарлығымен Жайық өзені Орал өзені, Жайық қалашығы Орал қалашығы деп өзгертілді. |
1776ж. сәуір |
Генерал Рейнсдорп үкіметке хатында «тыныштық» орнады деп хабарлады. |
1782ж. |
Орынбор өлкесіндегі қазақтарды басқару үшін шекаралық экспедиция құрылды. |
ІІІ. Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі (1783-97)
Жыл |
Оқиға |
1778 ж |
Сырымның балалары қайтыс болды |
1784 ж |
Сырымның Орал казактарымен күресі басталды |
1785 ж |
Кіші жүз старшындарының съезі. Шешімі: Нұралыны тақтан тайдыру |
1786 ж |
Нұралы Уфаға жер аударылды |
1786 ж |
Игельстром реформасы. Мақсаты: хан билігін жойып, бүкіл билікті шекаралық сотқа беру. Бекіткен- ІІ Екатерина. Датұлының көздегені-хандықты құртып, билікті билерге беру |
1786 ж |
Орынборда шекаралық комиссия құрылды |
1790 ж |
Нұралы Уфада қайтыс болды |
1791 ж |
Әбілқайырдың ұлы Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды |
1794 ж |
Ералы хан өлді |
1795 ж |
Нұралының ұлы Есім хан сайланды |
1796-97 ж |
Кіші жүздегі жұт |
1797 ж |
Сырым тобының хан сарайына шабуылы. Салдары: Есім өлтірілді |
1797 ж |
Хан кеңесі құрылды. Төрағасы-сұлтан Айшуақ. Нұралының жақтастары оның ұлы Қаратайды хан сайлады |
1797 ж |
Айшуақ хан сайланды |
1802 ж |
Сырым Хиуада дүние салды |
IV. Кенесары Қасымұлы қозғалысы(1837-47)
Бүкіл Қазақстанды қамтыды. Әскер саны-20 мың. 80 сұлтан, би қатысты
Жыл |
Оқиға |
1838 ж |
Кенесары Ақмола бекінісін өртеді. Бекіністі қорғағандар: Құдаймендіұлы, Карбышев. Қозғалыс Кіші жүзге тарады. |
1841 ж |
Кенесары әскері Ташкентке аттанды. Жорық жүзеге аспады, себебі-жұқпалы аурудың тарауы |
1841 ж |
Кенесары хан сайланды. Билер сотының орнына хан соты құрылды |
1842 ж |
Орынбор губернаторы Перовскийдің орнына Обручев тағайындалды. Кенесарыға Сотников тобының шабуылы |
1843 ж |
Николай І – нің көтерілісті басу туралы бұйрығы |
1844 ж шілде |
Кенесары әскері мен Ахмет Жантөреұлы отряды арасындағы шайқас. Нәтижесі: 44 сұлтан өлді. Дуниковскийдің Жантөреұлына көмекке келуге батылы жетпеді. Лебедев дәрменсіздігі үшін сотқа тартылды |
1845 ж |
Кенесарыға Долгов пен Герн елшілігі келді |
1845 ж |
Кенесары Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алды |
1846 ж |
Вишневскийдің Жетісуға сапары. Мақсаты-Кенесарымен күреске Жетісу қазақтарын тарту. |
1847 ж |
Тоқмаққа жақын Майтөбе (Кеклік Сеңгір) деген жерде Кенесарының қырғыздармен соңғы шайқасы. Кенесары өлді |
V. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
а) Исатай: 1791-1838 жж. Махамбет: 1803-1846 жж
Жыл |
Оқиға |
1836 ж соңы |
Көтеріліс Петербург сарайына (ІНиколайға) белгілі болды. Патша бүлік басшыларын жазалауды талап етті |
1837 қазан |
Көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы Балқы бидің ауылын ойрандады және хан Ордасын қоршады (2 мың адам) |
1837 ж қараша |
Тастөбе шайқасы. Исатай жеңілді. Орыстарды басқарғандар: Геке, Меркулов |
1838 ж шілде |
Ақбұлақ деген жерде Исатайдың соңғы шайқасы. 80 көтерілісші өлді, оның ішінде Исатай |
1842 ж |
Исатай көтерілісінің жалғасы болып табылатын Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлының көтерілісі |
б) Исатай өмірбаяны
Жыл |
Оқиға |
1812 ж |
Исатай старшын болып тағайындалды |
1817 ж |
Исатайдың патша шенеуніктерімен байланысы салқындай бастады |
1817-23 жж |
Исатай сотқа тартылды |
с) Махамбеттің өмірбаяны
Жыл |
Оқиға |
1824-29 жж |
Махамбет Орынборда тұрды |
1829 ж |
Махамбет Калмыков бекінісінде ұсталды |
VІ. ХІХ ғ 50 жж қазақ шаруаларының азаттық күресі. Жанқожа (1780-1860 жж) 1856-57 жж
Жыл |
Оқиға |
1843 ж |
Жанқожа Хиуа бекінісін құлатты |
1845 ж |
Жанқожа 2 мың Хиуа әскерін жеңді. Оның даңқы үш жүзге тарады |
1856 ж |
Жанқожа әскерінің саны 1500-ге жетті |
1856 ж желтоқсан |
Жанқожа Қазалы портын қоршады |
1857 ж |
Жанқожа әскерінің саны 5000-ға жетті |
1860 ж |
Жанқожа көтерілісі жаншылды. Орыс әскерін басқарғандар: Фитингоф, Булатов |
Жанқожа көтерілісі болған аудан: Сырдария
Жанқожаның ошағы: Жаңақала
VІІ. Есет батыр көтерілісі: 1855-58 жж
Ауданы: Арал теңізінің солтүстігі
Жыл |
Оқиға |
1855 ж |
Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөринді өлтірді |
1858 ж |
Көтеріліс тоқтатылып, Есет батыр патша билігін мойындады |
VIІI. XIX ғ 60-70 жж қазақ халқының азаттық күресі: 1868-69 жж Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.
Өлшеуіштер |
Сипаттама |
1. Себептері |
1. Жер патша үкіметінің мемлекеттік меншігі болып жарияланды(1867-68 жж реформа бойынша) ; 2.Шаңырақ салығы енгізілді. Мөлшері- 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиын болды. |
2. Сипаты |
Антифеодалдық, отаршылдыққа қарсы |
3. Қозғаушы күштері |
Қарапайым халық |
4. Басқарғандар |
Рубасылар |
5. Мерзімі |
1868 желтоқсан – 1869 қазан |
6. Жеке басшылары |
Арсланұлы, Асауұлы, Мұнайтпасұлы, Досұлы, Рысқұлұлы |
7. Барысы |
1869 мамыр: Жамансай шайқасы. Орыстар саны - 200 адам, оларды басқарды - фон Штемпель. Қазақтар саны - 20 мың. 1869ж наурыз-маусым айларында көтерілісшілер феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады |
Жазалаушыларды басқарғандар: Рукин, граф Комаровский, губернатор Веревкин
IX. ХІХ ғ 60-70 жж қазақ халқының азаттық күресі: 1870 ж Маңғыстау көтерілісі
Өлшеуіштер |
Сипаттама |
1. Себептері |
40 мың адай шаңырағы 2 жылда 160 мың сом төлеуге тиісті болды |
2. Сипаты |
Отаршылдыққа қарсы |
3. Қозғаушы күштері |
Қарапайым халық |
4. Басшылары |
Тіленбайұлы, Тәжіұлы |
5. Ерекшелегі |
Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы |
6. Көтерілісшілер саны |
10 мың |
7. Барысы |
1870 ж наурыз: Бозащы шайқасы. Орыстарды басқарған Рукин. Орыстар жеңілді. Рукин атылып өлді. 1870 сәуір: қазақтар Александровск фортына шабуыл жасады |
8. Көтерілісті басқан әскер |
Кавказдан әкелінді |
9. Салдары |
3 мың көтерілісші Хиуаға өтіп кетті. Адайлар 57900 сом ақша, 90 мың қой төледі |