Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи к коллоквиуму1 каз сонгы стом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СТОМ ФАКУЛЬТЕТІ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР

№ 1 Есеп

3 жастағы бала қауырт ауырып, селқостық, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсқан, бала ішінің және басының ауырғандығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұртынан, терінің қыртыстарынан, кеудесінің екі жанынан, ішінің төменгі бөліктерінен ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, тілі жабынмен қапталған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған науқаспен кездескен. Балаға жәншау аңғарымы қойылды. Пенициллин қатарындағы дәрі тағайындалды. Бір аптадан соң бөрпелер жойылды, саусақ ұштарында, алақаны мен табандарында терісінің қалың түрде түскендігі байқалды.

1

Берілген жұқпалық аурудың даму сатыларын көрсетіңіз

жұқпалық аурудың даму сатыларын толық көрсетілген

20 балл

Аздаған қателіктер бар, бірақ студент оқытушының қосымша сұрағы арқылы түзете алады

15 балл

қателіктер бар, бірақ студент қосымша сұрақ арқылы түзете алмайды

10 балл

Аурудың сатылары қате көрсетілген

0 балл

2

Жұқпалық аурудың әр сатысын сипаттаңыз

Барлық сатысы сипатталған

30 балл

Сатылары жартылай сипатталған

20 балл

2 сатыны сипаттаған

15 балл

Студент ауру сатыларын сипаттай алмады

0 балл

3

Аурудың арнайы белгілерін көрсетіңіз. Жедел кезең жауабына тән белгілерді анықтап, олардың патогенезін көрсетіңіз

арнайы белгілерін көрсетілген. Жедел кезең жауабына тән белгілер анықталып, олардың патогенезі берілген

20 балл

Арнайы белгілерін көрсетілген. Жедел кезең жауабына тән белгілер анықталып, олардың патогенезі берілмеген

15 балл

Жауабында айқын қателер бар

10 балл

Аурудың не арнайы, не арнайы емес белгілері көрсетілмеген

0 балл

4

Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз

Емдеу ұстанымдары негізделген

20 балл

Емдеу ұстанымдарын негіздегенде қателіктер бар

15 балл

Этиотропты емдеу негізделген, патогенездік емдеу негізделмеген

10 балл

Емдеу ұстанымдары негізделмеген

0 балл

5

Коммуникативті дағды

  1. Студент өз ойын қалыптастырып, жеткізе алады

  2. Ескертулерді түсіністікпен қабылдайды

  3. Қайшы сұрақтарды талқылай біледі

10 балл

  1. Студент өз ойын жинақтай алмайды,

  2. Ескертулерді дұрыс қабылдайды

8 балл

  1. Студент өз ойын жинақтай алмайды,

  2. Ескертулерді ренішпен қабылдайды

  3. Қайшы сұрақтарды талқылағысы келмейді

5 балл

  1. Студент өз ойын жинақтай алмайды,

  2. Қателерін мойындамайды, ескерту-лерді ренішпен қабылдайды

  3. Қайшы сұрақтарды талқылағысы келмейді

0