Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның формалары мен түрлері 234.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.27 Кб
Скачать

Mеталл ақшалар

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар

Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;

бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.