Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның формалары мен түрлері 234.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.27 Кб
Скачать

Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз — ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.. Ақшаның материалдық - заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады. Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткішіне саналады. Ежелгі көшпелілердегі тауар айналымы айырбас (мал, аң терісі, алтын, күміс кесектері, сәндік және т.б. заттар) түрінде өтті. Көшпелілер мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Жібек жолы бойымен айырбас тауар ретінде қарқынды дамыды. Түркі дәуірінің монеталарының аверс бетінде басылған таңбалар, реверс бетінде жыртқыш аң бейнеленген. 704-766 жылдары Тараз шаһарында соғылып, айналымға енген қола теңгелер Түргеш мемлекетінің қуаттылығын білдіреді. Қазақ жерінде түргештердің саудалық әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб пен Тараз сол дәуірлерде қарқындап өркендеді.

Кейін ақша соғу ісі Қарахан әулеті тұсында кеңінен етек алған. Қарахандықтар әулеті ислам дінін ресми қабылдауына байланысты ақша айналымдағы тиындары арабша атады, яғни фуле, динар, дирхем деп аталды. Ішкі нарықта айырбас ақша ретінде адли (қола фельс) монеталары мол болды. ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан көлемінде соғды, саманид фелстері айналымға кең таралды. Сол кезде күміс дирхемдері «исмаили» деп аталатын. Оған қоса ең жоғары қоспалы күміс бұқара-худаттық - мусейяби, аз қоспалы күміс - мухаммади, мыстан немесе арзан металл гитрифи ақшалары және қытайлық тиындары айналымда болды. Қыпшақтар жайлаған Дешті қыпшақ аумағында ғасырдың ортасында-ақ өзінің күміс және мыс ақшалары болған: алғашқысы танга (теңге), екіншісі пул (пул) деп аталған (толығырақ қ. Пул; Бұл). 1260-1280 жылдар аралығында Орта Азияның 16-дай қаласында монета соғатын ақша сарайлары жұмыс істегені жазбаларда айтылады. Олардың қатарында Тараз, Кенже, Жент теңге сарайлары ерекшеленеді.

Алтын Орда теңгелерінің алғашқысын Бұлғар қаласында 1257, 1267 жылдары Берке соқтырған. XIV ғасырда Алтын Ордада сауда мен экономика өркендеп, Сарай, Сарайшық, Азақ, Қырым, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, Сығанақ қалаларының ақша сарайларында соғылған дирхемдер мен пұлдардың Қазақстанның ежелгі қаларының сауда айналымындағы маңызы жоғары болды. Сарайшық қаласынан табылған Алтын Орда теңгелерінің аверс және реверс беттерінде арыстан мен сұңқардың, балық суреттері, геометриялық өрнектер, түрлі таңбалар, ислам дінінің суннит ағымының символдары шекілген. Бірқатар дирхемдер мен пұлдарда тарази, шаян сияқты шоқжұлдыздар, ал бірқатарында тотықұс бейнесі шекілген.

Теңге атауы Алтын Орда тұсында қолданыла бастады. Жібек жолы торабында пени, фуле, дирхем, динар, мапа т.б. металл ақша түрлері тарады. Мұндағы динар алтыннан жасалған, дирхем күмістен жасалған тиынды белгілейді, Сондай-ақ, ділда, алтын күміс ақша жамбы деп те аталды (толығырақ қ. Жамбы). Бөлшек, сақ саудада XVI-XVII ғасырларда ішкі ғана емсс, қала аралық төлем құралы болған мыс ақша пайдаланылды. Бұл кезеңдерде Қазақстанның елді мекендеріндегі ақша айналымы негізінен Темір және Шайбани әулеттері кезінде шығарылған мыс ақшалары арқылы қамтамасыз етілді. XVI ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері, XVI ғасырдың соңы XVII ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс теңгелер Қазақстан жерінде және Орта Азияда сауда айналымында кеңінен қолданылды. Бұл ақшалардың шыңдалу шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен, Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықты біріктіруде үлкен міндет атқарды. XVII ғасырда орта Азиялық қалалардың құлдырауы себепті ақша соғатын шеберлер, шеберханалар жұмысы құлдырай бастады. Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.