
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2013 мазмұны
- •1. Силлабус
- •1. Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы л.Н.Гумилев атындағы еұу, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.Ғ.К.
- •2) Экономикалық теория. Коды et1109. 2 кредит
- •5) Оқу пәніне сипаттама:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер.
- •7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
- •4 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •5 Тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Нарықтық тепе-теңдік
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •8.1.Сурет Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Банктердің функциялары:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бюджет-салық саясаты
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •2) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •3) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
- •2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •3. Қайталауға арналған сұрақтар
- •Сабақтың мақсаты
- •Талдау сұрақтары
- •Талдау сұрақтары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары
- •Микроэкономикалық.
- •Ресурстарды тиімді бөлу.
- •Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.
- •Тек нарықты экономиканы.
- •«Не болу керек».
- •Сыртқы саудаға енуі.
- •Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.
- •Макроэкономика.
- •Дедукциялық әдістер.
- •22. Экономикалық жүйеде бағаның жалпы деңгейі мен жұмысбастылық қай курста оқытылады:
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •1) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •2) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс |
Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. |
Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Сурет 2.1. Ұдайы өндірістің типтері
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.
Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:
тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
фирмалар - пайданы максималдауды;
мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды. Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.
Y А F B C E
D X |
Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У
|
Cурет 2.2 Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. |
|
Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы – ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әртүрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді. Егер біз бір тауарды көп мөлшерде өндіргіміз келсе, онда басқа бір тауарды өндіруден бас тартамыз. Қисық сызықтың ішіндегі әрбір нүкте ресурстардың толық пайдаланылмауын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолма-қол ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын көрсетеді. Мұның бәрінде өспелі баламалы шығындар заңы (жүктелген шығындар, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, қосымша шығындар) байқалады. Бұл заңның мәні мыныда: қандай да бір тауардың қосымша мөлшерін алу үшін, қоғам артылып жатқан басқа бір тауар мөлшерінен, яғни пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуынан бас тартуы керек.