
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2013 мазмұны
- •1. Силлабус
- •1. Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы л.Н.Гумилев атындағы еұу, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.Ғ.К.
- •2) Экономикалық теория. Коды et1109. 2 кредит
- •5) Оқу пәніне сипаттама:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер.
- •7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
- •4 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •5 Тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Нарықтық тепе-теңдік
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •8.1.Сурет Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Банктердің функциялары:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бюджет-салық саясаты
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •2) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •3) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
- •2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •3. Қайталауға арналған сұрақтар
- •Сабақтың мақсаты
- •Талдау сұрақтары
- •Талдау сұрақтары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары
- •Микроэкономикалық.
- •Ресурстарды тиімді бөлу.
- •Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.
- •Тек нарықты экономиканы.
- •«Не болу керек».
- •Сыртқы саудаға енуі.
- •Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.
- •Макроэкономика.
- •Дедукциялық әдістер.
- •22. Экономикалық жүйеде бағаның жалпы деңгейі мен жұмысбастылық қай курста оқытылады:
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •1) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •2) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
Дискуссияның мақсаты:
негізгі теориялармен және экономикалық мектептердің өкілдерімен танысу.
экономикалық мектептердің айырмашылығын анықтау,осы мектептердің және қазіргі кездегі экономикалық теорияның өзара байланысытылығын анықтау.
Дискуссияны жүргізу тәртібі:
Топ экономикалық мектептерге байланысты бірнеше топшаға бөлінеді. Әрбір топша алдын-ала бір мектеп туралы ақпарат жинап келеді. Олар экономикалық мектептердің өкілдерін, зерттеу обьектісін және негізгі бағыттарын қарастыру керек. Ойының процессінде студенттер қандай экономикалық мектеп қазіргі кездегі экономикаға көзқарастары сай келетінін дәлелдеуі керек.
Сабақтың аяғында оқытушы қай топша осы тапсырманы дұрыс орындап шыққанын анықтайды.
2-тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрүрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Экономикалық жүйені және оның түрлерін талқылау арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіну керек, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін меңгеру. Экономикалық жүйелердің жіктеу өлшемдері арқылы олардың әртүрлі болатындығын түсіну керек
Талдау сұрақтары:
Қоғамдық өндіріс. Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті.
Маслоудың «қажеттліктер пирамидасын» пайдалану арқылы «қажеттіліктер» түсінігін талдаңыз. Неліктен адамдардың қажеттіліктері шексіз болады?
Экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары. Экономиканың негізгі сұрақтары. Өндіріс ресурстарының шектеулілігі мен экономикалық таңдау. Тиімділік түсінігі. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың негізгі принциптері (рационалдылық, шектілік, максималды пайда). Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың мазмұны және түрлері.
Экономикалық жүйенiң мәнi, өлшемдері және түрлері және негізгі белгілері
Экономикалық дамудың қазiргi заманғы модельдерi. Әлеуметтiк бағытталған рыноктық экономика концепциясы.
Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
Экономиканың түрлі типтеріндегі мемлекеттің ролі.
Қайталау сұрақтары:
Қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін экономикалық субъектілер өздерінің шектеулі мүмкіндіктерін қалай таңдап, қалай пайдаланады?
Экономикадағы адамның ролі туралы атақты экономист ғалымдардың қандай көзқарастары бар?
Экономикалық ресурстарға / қорларға/ нелер жатады?
Әр түрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешіледі?
Барлық қажетті тауарлар қай экономикалық жүйеде молырақ өндіріледі?
Өндіріс экономикалық тиімділікте деп қандай жағдайда айтылады.
3-тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Сабақтың мақсаты : Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. Меншік категориясын жан-жақты талдауға тырысу керек, әсіресе жеке меншіктің нарықтық шаруашылықтағы орны мен рөлін терең түсіну қажет. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін қарастыру.
Талдауға арналған сұрақтар:
Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары
Меншік теориясы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде;
Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері;
Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен дамуының мәселелері.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі
негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.
Экономика; Өндiрiс; Ресурстардың сиректiгi;
Өндiрiс факторлары; Қажеттiлiктер; Игiлiктер; Байлық;
Айырбас; Қайта бөлу; Тұтыну; Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.
4-тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Қайталауға арналған сұрақтар
Экономикалық жүйе дегеніміз не?
Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?
Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?
Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?
Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?
Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?
Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?
5-тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Семинар жүргізу жоспары:
Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-ға дейін шағын топтарға бөлінеді. Әр топ 1-2 сұрақты дайындайды және басқа бір топтың жауаптарына оппонент болады. Ал арнайы құрылған топ қорытынды жасап, әр топтың жауаптарына баға береді. Ал 5-ші сұрақ бойынша СӨЖ-да берілген мысалдарды келтіре отырып, әр топ өздерінің жауаптарын беру керек.
Талдау сұрақтары:
1. Еркін бәсекелік шаруашылығы және ұйымдастырылған нарық. Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы.
2. Субъективті бағалау теориясы салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы туралы. Шекті құндылық ұғымы.
3. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары.
4. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар.
5. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері.
6. Тауарлық өндірістің экономикалқ заңдары. Бағалар мен тарифтер.
Қайталау сұрақтары:
1. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары;
2. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар;
3. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы.
4. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері;
5. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер.
6-тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері