- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2013 мазмұны
- •1. Силлабус
- •1. Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы л.Н.Гумилев атындағы еұу, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.Ғ.К.
- •2) Экономикалық теория. Коды et1109. 2 кредит
- •5) Оқу пәніне сипаттама:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер.
- •7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
- •4 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •5 Тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Нарықтық тепе-теңдік
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •8.1.Сурет Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Банктердің функциялары:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бюджет-салық саясаты
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •2) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •3) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
- •2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •3. Қайталауға арналған сұрақтар
- •Сабақтың мақсаты
- •Талдау сұрақтары
- •Талдау сұрақтары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары
- •Микроэкономикалық.
- •Ресурстарды тиімді бөлу.
- •Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.
- •Тек нарықты экономиканы.
- •«Не болу керек».
- •Сыртқы саудаға енуі.
- •Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.
- •Макроэкономика.
- •Дедукциялық әдістер.
- •22. Экономикалық жүйеде бағаның жалпы деңгейі мен жұмысбастылық қай курста оқытылады:
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •1) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •2) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар |
Тоқырау фазасында |
Өрлеу фазасында |
1. Ақша-несие саясаты |
Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. |
Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискалдық саясат |
Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты |
Жалақыны өсіру. |
Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. |
Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. |
Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: |
Шаруашылық белсенділігін ынталандыру |
Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Себептері, ерекшеліктері |
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» |
2-4 жыл |
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» |
10 жыл |
Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары |
18-25 жыл |
Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» |
40-60 жыл |
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. |
5. Форрестердің циклдары |
200 жыл |
Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары |
1000-2000 ж. |
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
2. Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді. Төмен инфляция жағдайында тұрақты баға кәсіпкерлерге тұтынушыларды "ұстап қалуға" мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтамасыз ету белгілі уақытта маңызды емес түрде өзгереді, оның ауытқуы жеке кәсіпорындардың жалақы мөлшерінен тәуелді болады. Пайда нормасы қысқа мерзімде өзгере қоймайды.
Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:
Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.
Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.
Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.
Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.
Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.
Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.
3. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:
Экстенсивті өсу дегеніміз – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Интенсивті өсу дегеніміз – техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі.
Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады:
ЖҰӨ1
ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100%
ЖҰӨ0
