Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Ekonomikalyk_teoria_turizm_2013.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Қорытынды

Дәрісте экономикалық дамудың мәні анықталды, меншік ұғымымен таныстырылды. Меншіктің түрлері. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарды қайта құру және т.б. меншіктік қатынастардың мәніне көңіл бөлініп. Кәсіпкерлік, оның ұйымдастыру формаларына талдау жасалды. Сонымен бірге Экономикалық жүйелер және оның типтері, заңдылықтарын дәрісте толық қамтылды.

Әдістемелік нұсқаулар

Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын анықтап зерттеу қажет. Меншіктің мәнін, оның түрлерін, түрлерінің сипатын толық аша білу.

Қазақстан Республикасында меншіктің қандай түрлері бар? Жекешелендіру қай кезден басталады, неше кезеңнен тұрады, оның қандай тәсілдері бар осының барлығының сипатын анықтап айқындау.

Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендіру саясаты елге қандай жетістіктер береді?

Экономикалық жүйе мәні мен типтерінің сипатын ашып, олардың типтерінің тарихын зерттеу. Экономикалық жүйенің шешетін негізгі мәселесін қарастыру. Әрбір экономикалық жүйеге тән ерекшеліктерді бөліп, олардың айырмашылықтарын анықтап ажырата білу.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға қай уақытта өтті және ол мемлекетке қандай өзгерістер әкелді? Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық бағытта ұстаным ұстап отыр?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әубәкіров Ж.Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф.И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

  2. Ким П.Г, Капекова Г.А. Экономическая теория. Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600 стр

  3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 - 453 бет

Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.

4 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары

    1. Тауар: мәні, қасиеттері, формалары

    2. Ақша: мәні, пайда болу тарихы, түрлері, жүйесі, қызметтері

    3. Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері

    4. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері

    5. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Тауар, ақша мәні, түрлері; нарық, атқаратын қызметтері, нарық инфрақұрылымы, негізгі элементтері, сауда, коммерция.

Дәріс мәтіні.

  1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Сурет 5.1. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

  • өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік-тұтындық» - приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

  • жеке меншіктің пайда болуы;

  • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

  • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

  • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

  • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

  • адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

  • басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан, тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша - бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

  1. Сапалық, біртектілік.

  2. Сандық бөлінуі.

  3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

  4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны - еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

  • металдық

  • номиналдық

  • сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы - капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді - ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон.

Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш - қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

  1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

  2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

  3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

  4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

  5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

3. Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады. Айырбастың ең көп тараған формасы - бартер.

Бартер - бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы (Т-Т). "Айырбас" пен "тауар айналымы" арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы - жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса тауар айналымы ақша айналымымен байланыста болады.

Алайда көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6-7 мың жыл бұрын болған. Алғашқы кезеңдері нарық деп - адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын жүргізетін жерді атаған.

Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әртүрлі жақтарынан оқьп үйренуге болады. Нарықты сату - сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы деуге болады. Ал экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субъектілері арасындағы қоғамдық байланыс деп айтуға болады.

Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.

4. Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы экономикалық бірлік. Ол:

  • өз бетінше шешім қабылдайды;

  • қандайда бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;

Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:

  • сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

  • пайданы максимизациялауға ұмтылады;

  • өз бетінше шешім қабылдайды.

Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және занды билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.

Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарық объектілерін сату және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді. Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, кұнды қағаздар субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты құрылымы бар.

Нарық құрылымы - бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы. Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі маңыздылары келесілер болып табылады:

  • экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар, құнды қағаздар, қаржы нарығы;

  • географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтар;

  • бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, олигополиялық, еркін және аралас нарықтар;

  • саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;

  • сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.

Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы.

Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал фирмалары, жәрмеңкелермен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған.

Қаржы нарығының инфрақұрылымы өзіне валюта және қор биржаларын, банктерді, сақтандыру компанияларын және қорлады қосады.

Еңбек нарығының инфрақұрылымы өзіне еңбек биржасын еңбекпен қамту қызметі мен кадрларды даярлау мен жұмыс күшінің миграциясын реттеуді және т.б. қосады.

Көріп отырғандай классикалық нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері сауда торабы, биржалар, және банктер болып табылады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.

Соларға келейік.

Жарнама (лат.- айқайлаймын) - бұл сұранысты көбейту мақсатымен тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтерді тарату. Ол тауар өндірісінің дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ежелгі Грецияда және Римде коммерциялық сипаттағы хабарландырулар ағаш, қола, сүйек тақтайларда жазылып қала жаршыларымен айқайлап оқылған. 20 ғ. басында жарнама бәсеке күресінің негізгі құралдарының бірі бола бастады. 70 ж. ортасынан бастап жарнамалық бизнестің индустриясы жарнама агенттіктерінің кең торабымен түсіндіріледі, ал жарнаманың өзі маркетингтің құрамдас бөлігі ретіндегі жаңа басқару жүйесінің элементі ретінде қарастырылады.

Ақпарат (лат. - мәлімдеу) - бұл нарық жағдайын болжамдау және талдау жасауға қолданылатын мәліметтер. Кез келген фирма сұраныс туралы, ұсыныс туралы, пайда нормасы туралы, қай жерде қымбатқа сатып және арзанға сатып алуға болатыны туралы ақпаратты қажет етеді. Алған мәліметтердің негізінде фирма өзінің жүріс - тұрысының стратегиясын жасайды. Нарық инфрақұрылымының қазіргі кезеңіне жекеленген ақпараттан мәліметтерді автоматты өңдеудің информациялық жүйесін құруға өту тән.

Консалтинг - коммерциялық бастамаларда мамандандырылған фирмалармен жүзеге асырылатын бақылаушылық кеңес беру. Қызметтер ноу-хау, лицензиялар, қызметтер мен тауарлар нарығының болжалдауымен және зерттеуімен көрсетіледі. Сонымен қатар заң қызметтері көрсетіледі. Жеке мамандарды ұстаудан осындай кеңестерге төлеу арзанға түсетіндіктен фирмалар консалтингті кең ауқымда пайдаланады.

Аудит компаниялары ( ағылш. ревизор) - бұл фирманың бизнес сферасында мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен фирманың қаржы - шаруашылық қызметінің кешенді ревизиясын жүзеге асыратын ұйымдар. Әдетте, аудит компаниялары акционерлік компаниялардың қызметін бақылап отыратын мемлекеттік органдардан арнайы өкілдік алады.

5. Қоғамға өндіріс сферасынан басқа тауарларды тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін әрекеттердің жиынтығы қажет. Экономикалық өнімнің өндірушілерден тұтынушыларға қарай жылжумен байланысты қызмет аймағы айналым сферасы деп аталады. Айналым сферасында өнім сатушының қолынан сатып алушының қолына өтеді, яғни меншік иесін өзгертеді. Тауардың бірінші меншік иесі сатушы мен екінші меншік иесі сатып алушының арасында пайда болатын тауар - ақша қатынастарының агенті немесе делдалы сауда болып табылады.

Сауда - бұл адамдардың тауар айырбасын және сату - сатып алу актін жүзеге асырумен байланысты қызметі. Тауарлардың сауда саттық операциялары өнім жасамайды, тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Берілген жағдай бұл әрекетті қызметке жатқызуға негіз береді.

Отандық экономикалық ғьлымда сауда қызметтерін негізгі және қосымша қызметтерге бөлу қабылданған. Негізгі сауда қызметтеріне тауарды, жарнамаларды өткізумен, сатып алушының сұранысын зерттеумен, жәрмеңкелерде, аукциондарда тауарларды көрсетумен байланысты әрекет жатады. Қосымша сауда қызметтеріне айналым сферасындағы өндіріс процесінің жалғасуымен байланысты қызметтер жатады: тасымалдау, сорттау, сақтау және тауарларды орау.

Сауда әрекетін жүзеге асыру үшін капитал қажет. Оның алғашқы формасы сауда әрекетінің дербес түріне бөлінгенде үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі кезеңінде пайда болған көпес капиталы болды. Мұнан былай көпес капиталының орнына сауда капиталы келді. Сауда капиталы - бұл айналым сферасында жүзеге асатын және өнеркәсіп капиталынан бөлектенген капитал. Алғашқы кезеңде өнеркәсіпшілер, олардың тарапынан нарықты зерттеуге және сауда торабын құруға қосымша шығындарды қажет ететін тауар өткізумен өздері айналысты. Біртіндеп бұл функциялар сауда кәсіпорындарына өтті. Нәтижесінде сауда капиталы өнеркәсіптіктен бөлініп дербес болды. Бұл процесс екі жаққа да тиімді болып шықты: өндіруші уақыт пен ақшаны үнемдейді, ал саудагер сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырмашылық ретінде пайда болатын сауда пайдасын алады.

Қазіргі кезеңнің өзгеше ерекшелігі ірі компаниялардың өткізуді бақылау мақсатымен өзінің жеке өткізетін немесе сататын торабын құра отырып, өнімінің сатылуын қайтадан өз қолына алғандағы процесс.

Сауда тек сатқанымен ғана емес, сонымен қатар қалай сатуымен де сипатталады. Ұйымдастыру әдістеріне байланысты:

  • Нақты ақшаға сату;

  • Нақты емес ақшаға сату. Бұл жағдайда тұтынушының орнына нарық инфрақұрылымының қажетті элементі болатын банк есептеседі.

  • Тауарларды несиеге сату;

  • Тауарларды сатып алушының мүлкін кепілге алу арқылы сату;

  • Тауар айырбасымен сату, яғни бартер.

Сатудың көлемдік белгілеріне байланысты көтерме және бөлшек сауда деп бөледі. Олар сонымен катар бағаларымен ерекшеленеді: бөлек сатқан тауарлардың көтермелеп сатқан тауарлардан бағалары төмен болады. Сатушы үшін тиімді тауар сату есебінен табыс алуға бағытталған сауда әрекеті коммерция деп аталады. Коммерцияның өзегін сатып алу және келесі сатумен байланысты сауда операциялары құрайды, яғни тауарларды қайта сату. Сәтті коммерция үшін екі ең басты шарттар сақталуы қажет:

• Тауардың сатып алу бағасы тауарды нарықта сата алатын бағадан әлдеқайда төмен болуы керек;

• Берілген тауардың түріне төлем қабілеті бар сұраныс көтере сатып алынатын тауарды, оны иемденген бағасынан аспайтын бағамен сату үшін жеткілікті болу керек.

Сауда дүкендерде, аукциондарда, жәрмеңкелерде жүзеге асады. Дүкен (фран. - қойма, амбар) - тауарды сататын немесе сақтайтын бөлме. Дүкендерде әдеттегідей бөлшек сауда жүргізіледі. Бір текті тауарларды өндіру аукциондарда, жәрмеңкелерде үлгімен көтерме сауда жүргізуге мүмкіндік береді.

Аукцион (лат. - жұрт алдындағы сауда) - бұл сатып алушылар арасындағы бәсеке жағдайында тауарларды сату. Тауарларды алуға құқық алатын аукцион жеңімпазы ең үлкен бағаны ұсынған сатушы болып табылады. Ішкі аукциондармен қатар халықаралық аукциондар жүргізіледі: Санк -Петербургтегі пушкалық, Москвадағы асыл тұқымды аттарды сату мен байланысты аукцион, Лондондағы "Сотби" фирмасының өнер заттарын сататын аукцион және т.б.

Жәрмеңке (нем. - жыл сайынғы нарық) - бұл нақты жерде және белгіленген уақытта жүзеге асатын уақытылы, кезең сайын ұйымдастырылатын нарық. Жәрмеңкелер орта ғасырлық Европада пайда болды және алғашында қауіпсіздік мақсатымен қорғандардың, шіркеулердің дуалдарының түбінде жүргізілетін. Олар сауданың негізгі формасы болып табылатын. Уақтылы сауда торабының дамуымен байланысты (19 ғ. аяғы – 20 ғ. басы) жәрмеңкелердің ролі төмендеп, олардың функциясы өзгерді. Жәрмеңкелер сатуға ұсынылатын өнімді көрсететін уақытылы коммерциялық көрмелерге айналып кетті. Жәрмеңкелер салалық, әмбебап, аймақтық және халықаралық болып бөлінеді. Жәрмеңкелердің өткізілуі ғылыми - техникалық конференциялары және симпозиумдерді ұйымдастырумен сай келеді. Ең ірі жыл сайынғы халықаралық жәрмеңкелер Парижде, Миланда, Торонтода, Венада т.б. қалаларда өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]