Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Тапсырма № 11. Өнімді өткізу каналдары мен маркетингтік жүйенің ықпалын анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Сондықтан ұзақ мерзімді орташа шығындардың графигі жағымды және жағымсыз эффектідегі масштабқа байланысты. Кейде ол берілген саладағы бәсекелестік денгейінмен және тұрысымен анықтағанда үлкен мән беріледі. Берілген сала «бәсекелі ме» (айтарлықтай шағын фирмалардан құралады) немесе «концентрацияланған» (бірнеше үлкен өндірісіндегі қол астында). Бұлар кейде салада қолданылатын технологияға байланысты және осы жерден орташа ұзақ мерзімді график түрі шығады. Бірақ, мұны мақұлдай отырып айтарлықтай аландаушылықты байқау керек, себебі саланың құрылымы тек шығының деңгейінің қалыптасу жағдайына байланысты емес. Осы немесе басқарушы персоналдың жұмыс белсенділігіне және тағы басқа көптеген факторларды қамтиды.

Өндірістік шығындарға негізгі қор, жанармай, материалдар, шикізат шығындарына кеткен қаржыны жатқызуға болады.

Мақсатты шағындар, негізгі шығындарға тең, амортизациялық аударылымдарға, мотивизациялық шығыстарға, персоналды қамсыздандыруға және тағы басқа қамсыздандыруға келісетін шағындар.

Сондықтан өндірістік шағындар өндіріске кеткен шығындар деген сөздер келесі мәтіндерде синоним ретінде қолданылады.

Өнімді өндірген кезде кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:

  • Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;

  • Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;

  • Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;

  • Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;

  • Өнімді өндірер алдында, оған алдын - ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент жұмыстарын жүргізу және де осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;

  • Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал – жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы - гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;

  • Жұмысшыларға еңбек еткен кезде жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;

  • Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай, және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге шығындарды есептеу;

  • Кадрлар дайындау және қайта дайындау;

  • Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша беру;

  • Медициналық сақтандыруды және тағы басқаларымен қамтамасыз ету;

  • Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі қаншалықты өнім сатылды (қызмет көрсетілді) содан көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығын арқылы анықталады.

Жалпы нарықтық экономика жағдайларында, жақсы нәтиже беретін шағындарды қалыптастыру керек. Сондықтан шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөледі. Кез келген обьектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.

Шығындарды басқару қызметі басқару элементінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру кординациялау және реттеу, ынталандандырушы және активизация, есеп және талдау.

Шығындардың жоспарлауының негізгі міндетті жоспарлау кезінде материалды,өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау.

Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштерді қолданады. Олардың ішіндегі ең негізгісі ол, 1 дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және 1 теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар өткізген өнімнің өзіндік құны жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.

№ 11 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 2 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі –11 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.